Не топография негіздері


Бұларға қосымша басқа көздерден алынатын деректер



Pdf көрінісі
бет13/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94
7261 (1)

Бұларға қосымша басқа көздерден алынатын деректер: 
- табиғаттық жағдайлар (климат, оның ерекшеліктері); 
- жер аймағының шаруашылыққа қажетті дамуы (экономика, 
еңбек ресурстары т.б.); 
- географиялық – экологиялық жағдайлар, оларды жақсартудың 
іс-шаралары. 
Топографиялық карталардың негізгі ерекшеліктері: 
– координаталар мен шартты белгілердің бірыңғай жүйесінде 
жасалуы; 
– жергілікті жердің қазіргі таңдағы жағдайын көрсетеді, картаның 
масштабына сәйкес геометриялық дәлдікті сақтайды; 
– пайдаланушылар үшін ыңғайлы, жергілікті жердің бағыт-
бағдарын жылдам анықтауға мүмкіндік береді; 
Топографиялық карталардың негізгі функциялары: 
Анықтама – аумақ туралы географиялық мәліметтерді алуға, 
нысандардың орнын, олардың саны мен сапасы жайлы толық 
мағлұмат алуға мүмкіндік береді; 
Математикалық – географиялық координаттарын жоғары 
дәлдікпен есептеуге, жергілікті жердегі нүктелердің сипаттама беруге, 
ұзындықтарды өлшеуге, нысандардың ауданын және басқа да 
өлшеулер жүргізуге болады; 
Технологиялық – негізі ретінде пайдаланып, қосымша 
материалдарды орналастыру; 
Топографиялық карталарды негізгі үлгі ретінде әр түрлі зерттеулік 
және өндірістік жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланады 


18 
Топография – жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде 
жоспарға және ірі масштабты картаға түсіру, әрі бейнелеу әдістерін 
зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, 
тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы 
жерлерде фотограмметрия қолданылады. 
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, 
географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық 
карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. 
Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен 
планның немесе картаның масштабына байланысты болады. 
Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін 
сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға 
географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті 
элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық 
етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды 
рөл атқарады. Әскери істегі Топография – тактикалық және оперативтік 
мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери 
ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде 
аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық 
сьемкалар қолданылады. 
План (лат. planum – жазықтық)
1. 
жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан 
да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін 
сызба (топографиялық План); 
2. 
қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің горизонталь 
қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі; 
3. 
горизонталь проекция. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет