Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет12/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
7261 (1)

Бақылау сұрақтары: 
Глобус түрлерін атаңыз. Оның мұндай бөлінуіне қандай себеп 
әсер етті деп ойлайсыз? 
Мектепте қандай глобусты қолданады? 
Картографиялық шығармаларға тағы қандай түрлерді 
жатқыздырамыз? 
 
4. Топографиялық картаның қасиеті 
Топографиялық карта (Топографическая карта) – шартты 
белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе 
кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-


16 
жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты 
белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) 
орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны 
командирлер мен барлық дәрежедегі штабтар ұрысты дайындау, 
ұйымдастыру, әр түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ 
қарсыластар мен өз әскерлері туралық, қабылданған шешімдер мен 
жауынгерлік бұйрықтар туралы мәліметтер бейнеленген құжат ретінде 
кеңінен қолданады. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс 
бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, 
кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады, ұрыстағы 
нысаналар мен ракеталардың, артиллерияның, т.б. ұрыс тәртібі 
анықталады. Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің 
қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы 
үшін де қажет.Топографиялық карта көмегімен орындалатын 
міндеттердің сан алуандығы әр түрлі масштабтағы карталардың 
болуын керек етеді.
Топографиялық карта бойынша географиялық түсіндірме 
беру 
Топографиялық карта жалпы географиялық картаға жатады. 
Мынадай масштабтан 1:1000 000-нан 1:10 000-ға дейін құралған 
карталар топографиялық деп аталады. 
Ең алғашқы топографиялық карталар (грекше topos – орын) жер 
бетінің нақты бір орнын (нүктесін) көрсетіп, ірі масштабта сол 
аумақтың шекарасын толық суреттеп берген.
Географиялық түсіндірме жер теліміне байланысты беріледі. Ол 
жалпы және қажеттіліктен туындайтын нақты сипаттамаларды 
қамтиды да, жеке – дара мынадай бөлімдермен мазмұндалады: 
- карта туралы деректер (номенклатура, басылымнан шыққан 
жылы т.б.); 
- зерделенетін жер телімінің шекараларына (ондағы нүктелердің 
географиялық және тік бұрышты мекен-жайлары) және геодезиялық 
негізіне (тректік пункттер, олардың түрі мен саны) түсініктеме; 
- жер аймағына жалпы сипаттама (жер бедерінің кейпі, басты 
елді мекендер, торапты жол қатынастары, орман тоғайлығы т.б.); 
- жер телімінің бет бедері (жер бедерінің тұрпаттары, 
ауқымдылығы, ұзына бойы, абсолюттік және салыстырмалық 
биіктіктердің мәндері, басты суайрықтар, баурайлардың пішіні мен 
еңістігі, жыралардың, құлама жарлардың, су қазындыларының бар 
болуы, олардың ұзына бойы мен тереңдігі, жер бедерінің жасанды 
тұрпаттары т.б.); 


17 
- гидрография (жеке объектілердің аттары, ұзына бойы, ені, 
тереңдігі, өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы, көлбеулігі, 
жағалаулардың 
сипаты, 
жайылмалар, 
тасымалдық 
маңызы, 
гидротехникалық құрылыстар т.б.; жағалау жиектерінің сипаты, 
ауқымы, судың сапасы мен өзендердің басқадай сипаттамалары
суарналар, бұлақ көздері, құдықтар мен олардың сипаттамалары); 
- өсімдік дүниесі (жыныстардың кейіпі мен құрамы, алып 
жатқан ауданы, жайғасуы); 
- елді мекендер (аты, кейпі, қоныстанғандығы, әкімшілік 
маңызы, құрылымы, тұлғалануы, өнеркәсіптік, коммунальды
шаруашылық, байланыс объектілері т.б.); 
- жол желілері (кейпі, автокөлік жолдары – жолдың аты немесе 
онымен қатынастырылатын пункттер, жамылғы сипаты, ені т.б., темір 
жолдар – саны, тарту күші, станциялар мен вокзалдардың аты т.б., 
жол бойындағы құрылыстар және т.б.); 
- жер телімінің басқадай элементтері: шекаралар, топырақтар 
және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет