27
3-сурет. :100000, 1:200000, 1:500000 масштабтағы карта бетін
парақтау және номенклатурасы
Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке
беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері
1-кестеде берілген.
1-кесте - Карталардың номенклатурасы
Масштаб
Беттің өлшемі
Номенклатураның
үлгілері
Ендікте Бойлықта
1:1000 000
4º
6º
N-36
1:500000
2º
3º
N-36-А
1:200000
40'
1º
N-36-ХХХ
1:100000
20'
30'
N-36-54
1:50000
10'
15'
N-36-54-Г
1:25000
5'
7'30"
N-36-54-Г-а
1:10000
2'30"
3'45"
N-36-54-А-а-1
1:5000
1'15
1'52,5
N-36-54 (256)
1:2000
25"
37",5
N-36-54 (256-и)
Пландар мен карталардың шартты белгілері. Топографиялық
карталардың шартты белгілері мен шартты белгілерден
және оларды
түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден
тұратын біртұтас жүйе болып табылады.
Шартты белгілер және олардың түрлі-түстері жердің әртүрлі
объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме
жазбалар және цифрлық белгілер шартты белгілерді кескінділетін
объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер мен толықтыралды.
28
Біркелкі
объектілердің
әртүрлі
масштабты
топографиялық
карталардағы кескіні
және бояуы негізінен алғанда, бірдей, тек
көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін
объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары олардың өзіне тән
ерекшеліктерін аздаған толықтырумен
еске салатын бастапқы
графикалық белгілермен беріледі.
Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және қасиеттері
жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме
шартты
белгілер болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: