Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет20/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
7261 (1)

номенклатурасы
 
Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар 
көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал 
беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың 
әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. 
Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының 
үстінде орналасқан.
Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы 
карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. 
Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын 
алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан 
тұрады.  


26 
Мысал ретінде N-36-54-Г-а карта бетінің номенклатурасының 
1:1000 000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз. 
N-36 бет 1:100 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1,2,3 …, 
144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 54 нөмірлі бетінің 
номенклатурасы N-36-54 болады. 
1:100000 масштабтағы N-36-54 картасының беті 1:50 000 
масштабтағы картаның бетіне 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В 
және Г әріптерімен белгіленді. Осы масштабтың екінші номенклатурасы 
N-36-54-Г болады. 
Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін 
алады. Бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы 
картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а болады. 
 
 
2-сурет. 1:100000 масштабтағы карта бетін парақтау және 
номенклатурасы 
1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып, 
1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 
масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы 
картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256) болады. 
1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 
масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді. Оларды орыс 
алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы 
картанаң ақырғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256-и) болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет