44
Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық
және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді. Аэрофото
топографиялық
түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық
аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Топографиялық түсіріс
нәтижелерінің планшеттері түсіріс
масштабында шығарылатын
топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ
масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады.
Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және
теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.
Топографиялық түсіру
(Топографическая съемка) – жергілікті
жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау кезіндегі
орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің
жоспарлы және биіктік қалпын анықтау); егжей-тегжейлі түсіру
(жергілікті жердің элементтері мен объектілерінің жоспарлы қалпы
мен
биіктігін анықтау, жергілікті жер объектілерінің өз атауларын,
олардың сандық және сапалық. сипаттарын белгілеу, топографиялық
шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу.
Достарыңызбен бөлісу: