45
Жанама әдіспен өлшейтін аспаптарға, геометриялық арақатынас
принципіне негізделген аспаптарға оптикалық қашықтық өлшегіштер
(маркалары Д-2, ДНР-8, ДН-8) жатады. Қашықтық өлшегіштің құрамына
арнаулы рейкалар да кіреді. Электромагниттік
толқынның таралу
уақытын электрондық өлшеуге негізделген аспаптар электрофизикалық
аспаптарды құрайды.
Электромагниттік толқынның түріне байланысты аспаптар:
жарық қашықтық өлшегіш
радио қашықтық өлшегіш болып бөлінеді.
Жарық қашықтық өлшегіштер жоғары триангуляция мен
полигонометрия торларында базистік қабырғаларды өлшеуге арналған.
Олар инженерлік геодезия мен маркшейдерлік жұмыстарда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: