38
9. Бағдарлау бағыттары мен бағдарлаушы бұрыштар
Жер шары бетіндегі нүктеден (айталық,
тұрақ немесе нысана
нүктесінен) бағдарлау бағыттары: шынайы (географиялық), магниттік
және біліктік меридиандары өтеді. Бұлар солтүстік құбылаға (стран
света) қарай бағытталған болып келеді. Оларға қатысты берілген
бағыттан, яғни 1 және 2 нүктелерін туралаушы сызықтың қалпы шынайы
азимут және дирекциондық бұрыш
деп аталатын бағдарлаушы
бұрыштар арқылы анықталады. Сонымен берілген бағытты бағдарлау
дегеніміз – оның қалпын солтүстік құбылаға (относительно северного
конца стран света) қатысты айқындау.
Шынайы азимут А, магниттік азимут Аm, дирекциондық
бұрыш α-бұл тиісінше шынайы, магниттік және
біліктік меридианның
солтүстік құбыла ұшынан берілген бағытқа дейін сағат тілі жүрісімен
есептеліп шығатын бұрыш. Олардың мәні 0
0
тан 360
0
-қа дейін өзгереді
де, тура және кері болып келеді (бұлардың
бір-бірінен айырмасы
180
0-
ты құрайды).
Азимут (арабша
ас-сумут – жол, бағыт) – бақылау нүктесінен
өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың
вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның
солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0
о
-тан 360
о
-қа
дейін
өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты нағыз
(шын) Азимут және магниттік азимут болып бөлінеді.
Нағыз (шын) азимут – аспан шырағының
бағыты мен жердегі
объектіге бағытталған сызықтың арасындағы горизонталь бұрыш. Ол
буссоль (компас) арқылы өлшенеді. Магниттік азимут – магниттік
меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің
қозғалысымен берілген
сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз
(шын) азимуты мен магниттік азимутының шамалары бірдей
болмайды, себебі Жердің магнит өрісінің
әсеріне байланысты тілі
ауытқып отырады.
бағыт
азимут градуспен
солтүстік
0° или 360°
солтүстік-шығыс
45°
шығыс
90°
оңтүстік-шығыс
135°
оңтүстік
180°
оңтүстік-батыс
225°
батыс
270°
солтүстік-батыс
315°