100
- табиғи – техникалық карталар.
Тақырыптық карталар сан алуан (жалпы саны 107). А,Ә және Б
топтамаларындағы карталардың жеке –
дара аттары мен олардың
үлестік саны тиісінше 63, 35 және 9 екені толық деректелген.
Арнайы карталар нақтылы шеңбер төңірегіндегі есептерді шығаруға
немесе пайдаланушыларға арналады да, көбінесе техникалық қызмет
атқарады.
Олар былайша топталады.
Навигациялық (сапар шегудегі) карталар:
-
әуелік және ғарыштық навигация;
- теңіздік навигация;
- лоцмандық (кеме жүргізудегі) навигация;
- жолдар мен автожолдардың карталары.
Кадастрлық (мәліметтік) карталар:
- жер кадастры;
-
су кадастры;
- қалалық кадастр;
- орман-тоғай кадастрының карталары.
Техникалық карталар:
- жер асты коммуникациялары;
- инженерлік-құрылыстық карталар.
Жобалық карталар:
- мелиоративтік (жер өңдеу-ылғалдандыру мен құрғату);
- орман – тоғайға
орналастыру;
- жерге орналастыру.
Карталардың атқаратын міндеті бойынша жіктелісуін мына
карталар құрады: оқулық, үгіт – ағарту, анықтамалық, экскурсиялық,
спорттық, сондай-ақ соқырлар мен көзі нашар көретіндерге арналған
тактильдік (сезіктік) карталар.
Достарыңызбен бөлісу: