105
Тақырыптық карта белгілерінің мынадай тәсілдері бар:
-
Ареалдар тәсілі
-
Сапалы-фон тәсілі
-
Нүктелік тәсіл
-
Изосызықтық тәсіл
-
Таңбалар тәсілі
-
Локальды диаграммалар тәсілі
-
Сызықтық белгілер тәсілі
-
Қозғалыс тәсілі
-
Картодиаграмма тәсілі
-
Картограмма тәсілі
Ареалдар тәсілі
Ареал - жер бетінде қандай да бір құбылыстың (жануарлар,
өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және т.б.)
таралған атырабы;
физикалық және қоғамдық географияда қолданылатын ұғым. Мыс,
биогеографияда. Ареал тірі организм топтарының (түрдің, туыстың
және т.б.), экономикалық географияда
әр ауыл шаруашылығы
дақылының немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және т.б.
Ареалдар тәсілі – қандайда болмасын құбылыстың үздіксіз,
тұтас (мыс, мұзбасудың) немесе шашыранды таралу атырабын
шекаралық сызық, бояу немесе түрлі
сызықтар арқылы көрсететін
картографиялық тәсіл.
1-сурет. Ареал тәсілі
Ареал латын тілінен аудан деген мағына береді. Ареалдар
абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолюттік ареалда
кейбір жануарлардың түрін мүлдем көрсетпейді. Салыстырмалы бір
территорияны қамтып жануарлардың тығыздығын және өсімдіктердің
түрлерін көрсетеді. Карталарда ареалдарды бейнелегенде әр түрлі
графикалық суреттерді қолданады.
Оларды пунктер сызықтармен,
жазумен, белгілермен көрсетеді.