Не топография негіздері


-сурет. Барометрлік нивелирлеу



Pdf көрінісі
бет37/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
7261 (1)

5-сурет. Барометрлік нивелирлеу 


53 
Бақылау сұрақтары: 
Невилирлеу дегеніміз не? Оның орындалу тәсіліне қарай қалай 
бөлінетінін айтыныз және олар қалай жүргізіледі? 
Геометриялық нивелирлеу қандай әдістермен және қалай 
жүргізіледі? 
Тригонометриялық нивелирлеу қандай құралмен және қалай 
жүргізіледі? 
Барометрлік нивелирлеу қандай құралмен және қалай жүргізіледі? 
 
 
12. Жоспарлық түсірілімдер (түрлері, әдіс тәсілдері, құралдары) 
Жоспарлық түсірулерде жергілікті жердің объектінің биіктік 
сипаттамасынсыз жоспарлы орналасуы анықталады және жергілікті 
жердің контурлық бейнесі ғана жасалады. Объекттерге бағыттарды 
қандай жолмен анықтауына байланысты жоспарлы түсірілімдерді 
бұрыштық және графикалық түсірулер деп бөледі. 
Бұрыштық түсірулерде горизонтальды бұрыштар өлшенеді, ал 
графикалық түсіруде объектілердің бағыты горизонтальды планшетте 
сызылады. 
Объектінің жоспарлы орналасуы әр түрлі тәсілдермен алынады: 
полярлық, айналма, жарма, перпендикулярлық, бұрыштық қиыстыру. 
Полярлық әдісте жергілікті жердің нүктенің орналасуы құралдың 
тұрған нүктесінен әрбір объекті нүктесіне және ағымдық бағыт 
бұрышына дейін. (магниттік азимут) ара қашықтығын өлшеу жолымен 
анықталады. 
Айналма әдісі жабық, өтуі (жүруі) қиын территорияларда (батпақ, 
егістік т.б.) қолданылады. Түсіруші түсіретін жерді айналып және 
жүрістің тіксызықтық жақтарының және оның бағыттарының 
(горизонтальдық бұрыштар немесе азимуттар) ұзындықтарын өлшейді. 
Жармалар әдісі түсірілім жолының бұрышында орналасқан 
сызықтық объектілердің орналасуын анықтауға негізделеді. 
Перпендикулярлар әдісі теодолиттік жүріске жақын орналасқан 
және қисықсызықты шекаралары бар үлкен емес объектілерді түсіруде 
қолданылады, мысалы, өзендер жағысы, орман пішінін және тағы 
басқа. 
Бұрыштық қиыстыру әдісі екі белгіні нүкте арқылы үшінші 
нүктенің орналасуын анықтауда қолданылады. Екі белгілі нүктеден 
қол жетпейтін нүктенің бағыт азимуттары анықталады. Анықталатын 
объектінің орналасуы осы екі нүктенің қиылысуында болады. 
Жергілікті жердің жағдайларына байланысты жоспарлы 
түсірілімдерде қатарынан бірнеше әдістер қолданылады. 


54 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет