Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет39/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
7261 (1)

12.2 Теодолиттік түсірілім 
Теодолит деп аталатын бұрыш өлшейтін аспапты пайдалану 
арқылы көкжиектік бұрышты анықтайды. Жер өлшеу жұмыстарында, 
жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп 
пайдаланылатын бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап. Оның ең 
маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі – вертикальды 
(тік) және горизонтальды (жазық) – шеңбері жатады. Сондықтан 
теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей 
анықтауға болады. 
 
 
2-сурет. Теодолиттік түсірілім 
 
Теодолитті пайдалана отырып, өлшеу жұмыстарын жүргізгенде, 
теодолит құрамында: буссоль, штатив, тіктеуіш сияқты құралдар бірге 
болуы тиіс. Буссоль – магниттік азимуттар мен румбтар бірліктерін 
анықтайтын аспап, штатив – бір ұшы арнайы түрде қозғалмалы бекітіліп 
істелінген үш тағанды қарапайым құрал. 
Қазіргі таңда қолданылатын автоматтандырылған теодолиттер 
соңғы нәтижелерді үлкен дәлдікпен алуға мүмкіндік береді.
ß бұрышын өлшеу жұрістегі бұрылу нүктелерінде теодолитті 
кезек-кезек қойып отырады. Әдетте, теодолитті өлшенетін телім 
(учаске) оң жақта болатындай етіп қояды да, жүріс бойынша оң жақтағы 
бұрыштарды өлшейді. Өлшенетін бұрыштың төбесіне теодолитті 
тіктеуіш арқылы дұрыстап қояды да, өлшеуге дайындайды. Түтікшені 
бұрыштың оң және сол жақ нүктелеріне қарай бағыттағанда санақты 
горизонталь дөңгелектегі (лимбадағы) верньерлер (шкалалар) 


56 
бойынша алып отырады. Бірінші верньер бойынша градус, минут 
және олардың бөліктеріне дейін, яғни, толық санақтап алады, ал 
екінші бойынша – тек минуты мен оның бөліктері ғана алынады. 
Кейін ол санақтардың орта мәнін шығарады.
Өлшеудің дәлдігін арттыру үшін әдістің екінші жартысын 
пайдаланамыз, ол үшін вертикаль дөңгелектегі жағдайға қою керек. 
Түтікшені зенит арқылы айналдырып, сол бұрышты екінші рет 
өлшейді. Егер шыққан шама верньердің екі есе дәлдігінен артық 
болса, онда оның орта шамасы алынады. Өлшеу нәтижелерін дала 
жазба журналына жазу керек. Суретке түсіру теодолит жүрісінің 
нүктелері мен сызықтарынан басталады. Суретке түсірудегі мақсат – 
теодолит жүрісіндегі нүктелер мен сызықтарға орай салыстырыла 
отырып, контурдағ характерлік нүктелердің алған орнын анықтау. 
Оларды абрис деп аталатын қолдан жасалған арнайы журналға түсіріп 
отыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет