Бақылау сұрақтары:
Жоспарлық түсірілімдердің қандай түрлерін білесіздер?
Буссольдік түсірілім қалай жүргізіледі?
Теодалиттік түсірілім қалай жүргізіледі?
Көз мөлшерлік түсірілім қалай жүргізіледі?
Жоспарлық түсірілімдердің маңызы қандай?
13. Жоспарлық - биіктік түсірілімдер
13.1 Мензулалық топографиялық түсіру
Мензулалық топографиялық түсіру (мензульная топографи-
ческая съемка) – мензуланың (арнайы сызу үстелі), кипрегельдің
(оптикалық аспап) және қашықтық өлшегіш төрткілдің көмегі арқылы
орындалатын жергілікті жерді түсіру. Жергілікті жердің барлық
элементтері мен объектілері геодезиялық пункттерден, түсіру
желілерінің нүктелерінен және қосалқы нүктелерден толығымен
планшетке түсіріледі. Мензулалық топографиялық түсіру аэрофототүсіру
60
жүргізуге болмайтын, мысалы, инженерлік іздеу кезінде (түсіру
масштабы 1:500 1:50000) қодданылады.
Түсірісті жасау жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі өзара
орындарын графикалық түрде анықтауға негізделген. Нүктелерге
дейінгі арақашықтық кипрегельдің қашықтық өлшеуішімен және
қашықтық өлшеуіш рейкамен өлшенеді, ал бұрышты графикалық
түрде салады. Құрылыс салынған аумақты түсіргенде, арақашықтық
кипрегельдің объек- тивіне бекітілген арақашықтық өлшеуіш саптамамен
өлшенеді. Мензулалық түсірістің артықшылығы - оның көрнекілігі;
бұлай түсіру процесі кезінде планды жергілікті жермен салыстыруға
болады; кемшілігі - жұмыстың негізгі бөлігі далада өтетіндіктен,
қыста жөне жауын-шашыңды күндері жұмыс істеуге болмайтындығы,
жабдықтардың қолайсыз үлкендігі, барлық жұмысты бір ғана
орындаушының атқаратындығы.
Мензулалық түсіріс шағын учаскіде мензула мен кипрегельдің
көмегімен атқарылады және тікелей далада ттопографиялық планды
жасауға мүмкіндік береді. Түсіріті жасау жергілікті жердегі нүктелердің
планшеттегі өзара орындардың графикалық түрде анықтауға негізделген.
Нүктелерге дейінгі арақашықтық кипрегельдің арақашықтық
өлшеуішінің және қашықтық өлшеуіш рейканың көмегімен өлшенеді,
ал бұрышты графикалық түрде салады. Құрылыс салынған
территорияны түсіргенде ара қашықтықты кипрегельдің объективіне
бекітілген ара қашықтық өлшеуіш саптамамен өлшейді.
Мензулалық түсірістің артықшылығы оның көрнекілігі болып
табылады, себебі түсіру процесі кезінде планды жергілікті жермен
салыстыруға мүмкіндік туады, ал кемшілігі: жұмыстың негізгі бөлігі
далада өтетіндіктен, қыста және жауын – шашынды күндері жұмыс
істеуге мүмкіншілігі болмайтындығы, жабдықтардың қолайсыз
үлкендігі, істелетін жұмысты бөлудің қиыншылығы, себебі өлшеулер
және планды сызуды тек қана бір орындаушы жасайды.
Мензулалық түсірісте түсіргі жүйесінің жиі болуы талап етіледі.
Түсіргі жүйе жергілікті жердің жағдайына және түсірістің қажетті
дәлдігіне байланысты графикалық немесе аналитикалық әдістермен
құрылуы мүмкін. Аналитикалық әдістерге қиылыстырулар, теодолиттік
және тахеометриялық жүрістер, ал графикалық әдістерге геометриялық
жүйе, қиыстырулар, мензулалық және буссольдік жүрістер жатады.
Ашық жерлерде жүйелерді құрады, ал жабық жерлерде жүрістер
жүргізіледі.
1:5000 және одан ұсақ масштабпен алынған түсірістер үшін
геометриялық жүйелерді құрған да әрбір нүкте үш пункттен
қиылыстыруы керек, ал қиылыстыру бұрыштары 30° және 150°-тан
61
артық болмауы тиіс. Қабырғалары 0,4 мм үшбұрыш қателеріне жол
беруге болады. Трапецияда бастапқы пункттер 2-ден кем болмауы керек.
Түсіріс алдында планшетті дайындайды: ол үшін Дробышев
сызғышының, штангенциркуль мен координатографтың көмегімен
қабырғалары 10 см квадрат торкөздерге бөледі.
Мензулалық түсіріс кезінде қағаз жапсырылған планшет штативке
горизонталь жағдайда белгілі бір нүктенің үстіне орнатылады.
Планшетте жергілікті жердегі А нүктесінің проекциясы болып
саналатын а нүктесі арқылы кипрегельдің көмегімен В нүктесін
нысаналайды да планшетте ab сызығын, ал содан кейін С нүктесін
нысаналап ас сызығын сызады. Планшеттегі сызылған сызықтар
кипрегель дүрбісінің коллимациялық жазықтығының планшеттің
горизонталь жазықтығымен қиылысу ізі болып саалады. Демек,
планшетте табылған ВАС = β' бұрышы жергілікті жердегі бұрыштың
горизонталь проекциясы болып табылады.
В және С нүктелеріне дейінгі қашықтықтарды қашықтық
өлшеуішімен анықтайды да, олардың горизонталь проекцияларын
алынған масштабта планшетке салады. Нүктелердің аслыстырмалы
биіктіктерін тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды.
Түсірісті жасаған кезде планшеттегі және табиғаттағы жергілікті
жердің контурлары мен сызықтарының горизонталь проекциялары бір
– біріне параллель болуы тиіс. Сондықтан планшетті жұмыс
жағдайына келтірген кезде оны бақылау нүктесінің үстіне центрлеу
мен горизонтальдаудан басқа, сондай-ақ планшетті жер шарына
байланысты бағдарлауды орындау қажет.
Түсіріс негіздеуін жиілендіру мензулалық жүрістермен: негізгі
түсіргі және өтпелі нүктелермен атқарылады. Негізгі жүрістегі
салыстырмалы қиыспаушылық 0,8-1,5 мм-ден аспауы керек. Жүрісте
болған қиыспаушылықты параллель сызықтар әдісімен графикалық
жолмен бөледі. Нүктелер арасындағы салыстырмалы биіктігі екі
мәрте анықталады, олардың алшақтығы 100м болған кезде
қиыспаушылық 4 см-ден аспауы тиіс.
Өтпелі нүктелер, яғни геодезиялық жүйе пункттері түсіргі
негіздеулер нүктелерінен және де қиылыстырулардан, сондай-ақ
геодезиялық жүйе пункттерінің аралығындағы жармадан рулеткамен
немесе болат лентамен өлшеу арқылы анықталады.
Мензулалық түсірісті жасаудың алдында мензулалық планшетті
даярлау керек. Планшетті түсіріске даярлау үшін қағазды тікелей
планшетке немесе қатты негізге, яғни фанер немесе аллюминий табақ
бетке жоғарғы беті толығымен тегіс болатындай етіп жапсырады.
Планшетке қағаз жапсыру. Мензулалық планшетке сызба қағазын
тіклей жапсырады немесе тақтаға алдын ала тығыз коленкорды тереді.
Қағаз бетінің өлшемі планшеттен біршама артық болуы керек.
62
Қағаздың бұрыштарын планшеттің қырларына бүктеуді оңайлату
үшін кесіп алады. Желім ретінде жұмыртқаның көбікке дейін
көпіршітілген ағы қолданылады; оны мензулалық планшеттің үстіңгі
бетіне жағып, оған алдын ала суланған қағазды жапсырады. Осыдан
кейін суланған қағазды құрғақ қағазбен жауып, жапсырылатын бетті
планшеттің ортасынан шетіне қарай қағаздың астына ауа
қалмайтындай етіп қыртысын біртіндеп жазады. Енді беттің шеттерін
бүгіп, оларды планшеттің бүйір және төменгі беттеріне крахмалдан
жасалған желіммен жапсырады. Планшетке қағазды жапсыру далалық
жұмыстардың басталуына бірнеше күн қалғанға дейін жасалуы тиіс.
Қағазды фанераға жапсыру. Мензулалық планшеттің өлшеміне
сәйкес кесіп алынған сапалы фанераның өңі жағынан сызба қағаздың
сұйық крахмалды желіммен жапсырады. Жапсырылған беттерді 5-6
күн престің астында ұстап, содан кейін оларды планшетке бекітеді.
Аллюминийге қағазды жапсыру. Мензулалық планшеттің
өлшемімен бірдей етіп кесіп алынған алюминий тақтны алдын ала
бұдырлау беті тегістелгенше зімпара қағазымен өңдейді. Одан кейін
тегістелген бетінің шаңын сүртіп, оған салқын сулы ащы калий
қосылған крахмалды желімге фенолфтолеин қосып, су мен спиртке
ерітіп жағады. Сумен ылғалданған сызба қағазын қатты қысады,
қағаздың шеттерін тақтаның екінші бетіне қарай бүгіп, ол жақты да
қағазбен желімдейді.
Мензулалық түсірісті жүргізуден бұрын жергілікті жерде
мензуланы жұмыс жағдайына келтіреді, ол планшетті центрлеуден,
горизонталь және бағдарлаудан тұрады.
Мензула – топографиялык түсірісте кипрегельмен коса
қолданылатын аспап. Шаршы тақтадан (планшеттен), үш- аяқтан және
планшетті үш аяқпен бекітетін тетіктен тұрады. Азимут бойынша
бағдарлау үшін планшетті үшаяқтың вертикаль осін айнала 360°-қа
айнаддыруға болады. Планшетке қағаз бекітіліп, түсірілетін жергілікті
жер тиісті шартты белгілермен бейнеленеді.
1 - штатив, 2 - мензула, 3 - планшет, 4 - кипрегель КБ
1-сурет. Мензуллалық түсірілім 2-сурет. Мензулла
|