Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет44/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94
7261 (1)

Тахеометр түрлері: 

Дөңгелектік 

номограммалық 

Авторедукциялық 

ішкі базалық  
 
3-сурет. Тахеометр
Тахеометриялық жүріс – төбелері қазықшалармен бекітілген 
көпбұрыш түріңдегі геодезиялық құрылма. Мұнда горизонталь 
бұрыштар, қашықтық өлшеуіштің көмегімен қабырғалар ұзындығы 
және жүріс қабырғалары бойынша биікайырымдар өлшенеді, осы 
арқылы жүріс төбелерінің координаталары және биіктік белгілері 
есептеледі.  
Бақылау сұрақтары: 
Жоспарлық-биіктік түсірімдердің қандай түрлерін білесіз? 
Топографияда оның қандай түрі тиімді болып келеді? 
Мензулалық топографиялық түсірілім қандай әдіспен жүргізіледі? 
Олардың аспаптарын атаңыз. 
Тахеометриялық түсірілім қандай әдіспен жүргізіледі? Олардың 
аспаптарын атаңыз.
 
14. Фототопография 
Фототопография – топографиялық карталар мен пландарды 
фототүсіріс материалдарын пайдаланып жасау әдісінің түрі. 
Жергілікті жердің фотографиялық түсірісі ұшатын аппараттардан 
немесе жер бетіндегі нүктеден орындалуы мүмкін. Сондықтан 
фототопографиялық түсіріс екі түрге бөлінеді: аэрофототопографиялық 
түсіріс және жердегі фототопографиялық түсіріс.  


66 
Аэрофотосуретке түсіру (Аэрофотосъемка) – ұшу аппараттарынан 
жергілікті жерді және кейбір заттарды суретке түсіру. Аэрофотосуретке 
түсіру уақытына, орындау тәсіліне, аэрофотоаппараттың оптикалық 
осінің орналасуына, экспонирлік әдісіне және фотоматериалдарына 
қарай: күндізгі және түнгі; жоспарлы, перспективалық және 
панорамалық; жеке, бағыттық, аландық, кадрлық және сацылаулық, 
акқара түсті, спектрзоналық болып бөлінеді. Ол карталарды жасау 
және жаңарту үшін, ғылыми және техникалық мақсатта жергілікті 
жерді, объектілерді окып үйрену кезінде қолданынады және әуеден 
барлауының бір тәсілі болып табылады, әскердің ұрыс және оқу-
жаттығу әрекеттерін бақылау үшін, әуе атысында, фотоқұжаттарды 
жасау кезінде, объектілердің (нысаналардың) координаттарын анықтау 
үшін колданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет