Тесты ГЭ июнь 2011 сокращенные, с одним ответом
Кардиология (240)
1. Бес жасқа дейінгі баладағы миокардиттің жиі қоздырғышы:
а) вирустар
б) пневмококктар
в) стафилококктар
г) кандидалар
д) ішек таяқшасы
3. Жедел миокардит диагнозының үлкен критерийлеріне жатады:
а) жүрек аймағындағы ауру сезімі
б) жүрек үндерінің тұйықталуы
в) дөрекі систолалық шу
г) жүрек көлемінің үлкеюі, қуыстары кеңеюі
д) жүрек ұшындағы функционалды шу
4. БІРЕУІНЕН басқасының бәрі миокардиттің негізгі белгілер:
а) систолалық дөрекі шу
б) жүрек үндерінің тұйықталуы
в) жүрек ырғағының бұзылысы
г) жүрек қуыстарының кеңеюі
д) жүрек тұсының ауыру сезімі
7. Миокардит диагнозы үшін ең керекті аспаптық тексеру:
а) ЭКГ
б) ЭхоКГ
в) реография
г) ФКГ
д) жүрек тамырларының ангиографиясы
8. Рентгенологиялық тексеруде миокардитке мынандай өзгеріс тән:
а) жүрек көлемінің ұлғаюы
б) аорта шығаберісінің тарылуы
в) жүректе өзгерістер болмауы
г) жүрек жиырылу қабілетінің күшеюі
д) өкпе артериясы доғасының үлкеюі
10. Миокардиттегі науқастың қан сынағындағы бағалы көрсеткіш:
а) креатинфосфокиназа
б) антистрептолизин-О титрі
в) тимол, сиал сынамалары
г) антистрептокиназа титрі
д) жалпы белок және оның фракциялары
11. Миокардитте науқастың қан сынағындағы бағалы көрсеткіш:
а) антигиалуронидаза титрі
б) антистрептолизин-О титрі
в) лактатдегидрогеназа
г) антистрептокиназа титрі
д) жалпы белок және холестерин
12. Жедел миокардиттің тиімді емі болып саналатын дәрілік заттар:
а) диуретиктер
б) антибиотиктер
в) цитостатиктер
г) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
д) вирусқа қарсы дәрілік заттар
16. Біреуінен басқа лабораториялық көрсеткіштердің бәрі ревматикалық қызбаға тән:
а) лейкоцитоз
б) сиал сынамасының жоғарылауы
в)оң СРБ
г) ЭТЖ жоғарылауы
д) лейкопения
18. Ревматикалық қызбада орталық нерв жүйесі зақымдалуы көрінеді:
а) парастезиямен
б) спазмофилиямен
в) эклампсиямен
г) кіші хореямен
д) тырысумен
23. Кіші хореядағы бас миындағы патоморфологиялық өзгерістер қайда болады:
а) үлкен жарты шарлар қыртысында
б) мишықта
в) базиллярлы бөлімде
г) стриопаллидарлы жүйеде
д) офтальм төмпешігінде
24. Ревматикалық қызбаның негізгі критерийіне жатады:
а) кардит
б) артралгия
в) полиартрит
г) тахикардия
д) лихорадка
25. Ревматикалық қызбаның негізгі критерийіне жатады:
а) лихорадка
б) экстрасистолия
в) анулярлы бөртпе
г) артралгия
д) хорея
26. Ревматикалық қызбаның үлкен критерийіне біреуінен басқасының бәрі жатады:
а) хорея
б) стрептококкті ангинадан соң
в) полиартрит
г) артралгия
д) кардит
27. Ревматикалық қызбаның кіші критерийіне біреуінен басқасының бәрі жатады:
а) іш ауырсынуы
б) субфебрилитет
в) АСЛ-О жоғары титрі
г) артралгиялар
д) мұрын қанауы, тері астындағы көгерулер
29. ДДҰ талабына сай ревматизм диагнозын қоюда қанның міндетті тексеруі:
а) сиал сынамасы
б) антистрептолизин-О титрі
в) лактатдегидрагеназа
г) тимол сынамасы
д) жалпы белок және холестерин
30. Аталғандардың біреуінен басқасы митральдық стенозға тән:
а) жүрек ұшында I тон күшеюі
б) диастолалық шу пресистолалық күшеюмен
в) өкпе артериясында II тон акценті
г) митральды қақпақшаның ашылу тырсылы
д) жүрек ұшында систолалық шу
31. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігіне тән:
а) «каротидтер биі», пульс қысымының үлкеюі
б) «мысық пырылы» , I тон күшеюі
в) «ат шабысы ырғағы», экстрасистолия
г) систолалық шу
д) диастолалық қысымның жоғарылауы
33. Балалардағы ревматикалық қызбаның базисті еміне жатады:
а) делагил+ампициллин
б) циклофосфамид+преднизолон
в) вольтарен+преднизолон
г) моноприл+гентамицин
д) фуросемид+ортофен
35.Біреуінен басқаның бәрі қайталамалы ревматикалық қызбаның белгісі:
а) субфебрилитет
б) арнайы гипертензия
в) буындық синдром
г) жүрек шекарасының кеңеюі
д) жүректе жаңа шулардың пайда болуы
36. Ревматикалық эндокардитке тән белгілер:
а) жүрек көлеменің үлкеюі
б) I – тонның жүрек ұшында акценті
в) экстрасистолия
г) жүректе ІІІ-тон естілуі
д) дөрекі систолалық шу
39. Жүйелі қызыл ноқта диагнозын қоюда маңызды:
а) А,М иммуноглобулиндерінің жоғарылауыі
б) LЕ клеткалары,антинуклеарлық фактор
в) оң ревматоидтық фактор
г) оң СРБ, сиал сынамасының жоғарылауы
д) нейтрофиллезбен лейкопения
43. Жүйелі қызыл ноқтаның диагнозын иммунологиялық дәлелдеу үшін қажетті:
а) антинуклеарлы-антиденелер жоғарылауы
б) СРБ жоғарылауы
в) антистрептолизина О жоғарылауы
г) ЦИК төменгі дәрежесі
д) комплемент компонентінің жоғарғы мөлшері
47. Сол қарыншалық жетіспеушілік сипатталады:
а) өкпедегі құрғақ сырылдармен
б) артериялық қысым жоғарылауымен
в) бауыр, көкбауыр ұлғаюымен
г) ентігумен, өкпедегі ылғалды сырылдармен
д) асцитпен, аяқ ісінуімен
48. Оң қарыншалық жетіспеушілік сипатталады:
а) мойын веналарының пульсациясымен, бауыр ұлғаюымен
б) өкпедегі құрғақ сырылдармен
в) өкпедегі ылғалды сырылдармен
г) аритмиямен, жүрек тондарының күшеюімен
д) артериялық қысым жоғарылауымен,
50. Жүрек жетіспеушілігінің кардиалды белгілеріне жатады:
а) өкпенің созылмалы аурулары
б) бронх демікпесі
в) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
г) туа, жүре пайда болған жүрек ақаулары
д) бауыр цирррозы
51. ЮРА, буынды-висцералды вариантының синдромы:
а) Брутон
б) Стилл
в) Шенлейн-Генох,
г) Марфан
д) Рейтер
52. ЮРА диагноз қою критерийлеріне кірмейді:
а) кардит
б) буындардың симметриялық зақымдануы
в) таңертеңгілік құрысу
г) увеит
д) 3 айдан астам бір буынның артриті
53. ЮРА диагнозын анықтау үшін керек:
а) антистрептолизин – О титрі
б) антистрептококктық антиденелер
в) Райт-Хеддльсон реакциясы
г) ревматоидты фактор
д) альдолазаның қандағы жоғары деңгейі
54. ЮРА диагноз қою критерийлеріне жатпайтыны :
а) майда буындардың симметриялық зақымдануы
б) таңертеңгілік құрысу
в) артрит, 1 айға дейінгі
г) артрит, 3 ай және одан артық
д) бұлшықет атрофиясы
57. ЮРА буындық түрін емдеуде бірінші кезекте қолданылатын дәрілер:
а) преднизолон, циклофосфан
б ) пеницилламин, азатиоприн
в) нимесулид, метотрексат
г) гепарин, курантил,
д) пенициллин, лоратадин,
58. ЮРА буындық-висцералдық түрін емдеуде қолданылатын дәрілер:
а) преднизолон, азатиоприн, иммуноглобулиндер
б) иммуноглобулиндер, гепарин, пенициллин
в) пеницилламин, курантил, индометацин
г) аспирин, пенициллин, метотрексат
д) индометацин, метотрексат, преднизолон, иммуноглобулиндер
61. ЮРА-тегі буындардың рентгенологиялық өзгерісіне кірмейді:
а) остеопороз
б) сүйек эрозиялары
в) анкилоздар
г) кальциноздар
д) буын аралығының тарылуы
64. Фалло тетрадасының анатомиялық құрамына БІРЕУІ КІРМЕЙДІкірмейді:
а) оң қарынша гипертрофиясы
б) аортаның оңға ығысуы
в) өкпе артериясының стенозы
г) сол қарыншаның гипертрофиясы
д) қарыншааралық перде ақауы
67. Баланың іштен біткен жүрек ақауларындағы кіші қан айналым шеңбері баюының негізгі себебі:
а) қанның артерио-венозды шунты
б) қанның вено-артериалық шунты
в) өкпе артериясының стенозы
г) оң қарынша гипертрофиясы
д) сол қарынша гипертрофиясы
69. Ентігу – көгеру ұстамалары қай жүрек ақауында кездеседі :
а) ҚАПА
б) митральды қақпақша жетіспеушілігінде
в) Фалло тетрадысында
г) ашық артериялық өзекте
д) аорта коарктациясында
72. Фалло тетрадасында ентігу–көгеру ұстамаларын тоқтатуға қажет дәрі:
а) седуксен
б) коргликон
в) фуросемид
г) эуфиллин
д) кардиамин
74. Оңнан солға қан лақтырылуымен жүретін туа біткен жүрек ақауларына жатады:
а) ҚАПА
б) ЖАПА
в) ААӨ -ашық артериялық өзек
г) Фалло тетрадасы
д) аорта коарктациясы
75. Солдан оңға қан лақтырылуымен жүретін туа біткен жүрек ақауларына жатады:
а) Фалло тетрадасы
б) ортақ артерия бағаны
в) Эбштейн аномалиясы
г) ААӨ-ашық артериялық өзек
д) Фалло пентадасы
76. Бел-аяқтағы қан айналымның кедейленуімен жүретін туа пайда болған жүрек ақауларына жатады:
а) оқшауланған өкпе артериясының стенозы
б) ҚАПА
в) аорта коарктациясы
г) Фалло тетрадасы
д) ашық артериялық өзек
78. Артериальды гипотензияда байқалатын вегетативті бұзылыстар:
а) дене массасының артық болуы
б) шөл, сұйықтарды көп ішу
в) алақаны ылғалды, суық, цианозбен
г) алақаны құрғақ, ыстық, түсі өзгермеген
д) ақ дермографизм
79. Артериальды гипертензияға тән белгілер:
а) астеникалық конституция
б) брадикардия, қызыл дермографизм
в) тахикардия, ақ дермографизм
г) алақаны ылғалды, суық, цианозбен
д) дене массасы аз, терісі мәрмәр түстес
82. Қан-тамыр дистониясы бар науқасқа зерттеулердің бәрі жүргізіледі, біреуінен басқа:
а) ЭКГ
б) ЭЭГ
в) көз түбін тексеру
г) АҚҚ өлшеу
д) қандағы электролиттер
83. Артериалды гипертензияны төмендету үшін қолданылады:
а) моноприл
б) рибоксин
в) женьшеня
г) элеутерококк
д) кордиамин
92. Ревматикалық қызба белсенді фазасының емінде пайдаланылатын дәрілер:
а) гентамицин, супрастин, курантил
б) ампициллин, циклофосфан, АТФ
в) пенициллин, нимесид, преднизолон
г) ровамицин, делагил, рибоксин
д) бисептол, дигоксин, метотрексат
93. Жедел миокардитттің тиімді емі:
а) цефазолин, рибоксин
б) циклофосфан, зиннат
в) ампициллин, супрастин
г) ровамицин, делагил
д) преднизолон, вольтарен
94. ЮРА базистік еміндегі «алтын стандартқа» кіретін препарат:
а) цефазолин
б) циклофосфан
в) плаквенил
г) метотрексат
д) циклоспорин А
95. ЮРА буындық түрін емдеуде бірінші кезекте қолданылатын дәрілер:
а) гентамицин, курантил, азатиоприн
б) ампициллин, циклофосфан, АТФ
в) нимесид, преднизолон, метотрексат
г) сумамед, делагил, супрастин
д) плаквенил, цефазолин, рибоксин
96. 8 жасар кыз бала. Шагымы жүрек аймағында ауыру сезімі, әлсіздік. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде, жүрек шекарасы ұлғайған, тондары тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, бірлі-жарым экстрасистолалар, тахикардия. ЭКГ бірлі-жарым экстрасистолалар. Қ.Қ. 90/60 мм с. б. Болжам диагноз:
а) ревматикалық қызба
б) жедел миокардит
в) ашық артериялдық өзек
г) митралдық қақпақша пролапсы
д) митралдық тесіктің стенозы
98. 8 жасар балада ауыр тұмаудан соң жүрек аймағында ауру сезімі пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ретсіз экстрасистолалар, жүрек шекарасы көлденеңінен кеңіген. ЭхоКГ –да миокард жиырылу күшінің әлсіздігі, қуыстары кеңейген. Диагноз қойыңыз:
а) рематикалық қызба
б) эндокардит
в) жедел миокардит
г) вегетативтік тамырлық дистония
д) перикардит
100. 8 жасар баланың жүрегінде дөрекі, ұзақ мерзімді систолалық шу, p.max. – жүрек ұшы, жүректен тыс аймаққа таралған. Мұндай шу қандай ақауға тән?
а)митралдық қақпақша стенозы
б) аорта қақпақша жетіспеушілігі
в) аорта сағасының стенозы
г) митралдық қақпақша жетіспеушілігі
д) ашық артериалдық өзек (Боталл)
101. 7 жасар қыз. Баспадан 12 күн өткен соң екі тізесі ісініп, ауырды. Дене қызуы 38 С көтеріліп, 3 күннен кейін жазылды. Қарап тексергенде кардит белгілері. Кеудесі мен иығында жүзік тәрізді (аннулярлык) эритема. ЭТЖ-45 мм/сағ. Болжам диагноз:
а) дерматополимиозит
б) жүйелі қызыл ноқта
в) ювенильді ревматоидты артрит
г) жедел миокардит
д) ревматикалық қызба
102. 8 жасар ұл бала. Баспадан 12 күн өткен соң екі тізесі ісініп, ауырды, содан кейін табан-балтыр буындары істі. Қарап тексергенде кардит белгілері. Саны мен иығында жүзік тәрізді (аннулярлык) эритема. ЭТЖ-55 мм/сағ. Болжам диагноз:
а) жедел миокардит
б) жүйелі қызыл ноқта
в) ревматикалық қызба
г) дерматополимиозит
д) ревматоидный артрит
103. Баспадан кейін қыз балада жедел ревматикалық қызба, панкардит, полиартрит дамыды. ЖҚА: лейкоциттер-12,0*109/л, э-2%, т/я 10%. с/я-68%, л-16%, м-4%, ЭТЖ 36 мм/сағ. АСЛО 1250 МЕ/мл. Клиникалық және лабораторлы көрсеткіштерге баға беріп ревматикалық қызбаның ағымын анықтаңыз:
а) жедел
б) жеделдеу
в) үдемелі рецидивдеуші
г) созылыңқы
д) латентті
106. 14 жасар қызда 1 ай бойы дене қызуының көтерілуі, әлсіздік. Қарап тексергенде аяқ қолында, кеудесінде - экссудативті эритема: олар жазда суға түсіп, күнге қыздырынғаннан соң шыққан. Жүрегінде – перикардтың үйкеліс шуылы. ЖҚА - Эритроциттер– 2,8 *1012/л, Нв-96 г/л, лейкоциттер - 3,2*1012/л, Тромбоциттер – 120 мың. ЭТЖ-56 мм/сағ, Антинуклеарлық фактор титрі жоғарғы. Клиникалық диагнозы:
а) Висслера-Фанкони синдромы
б) жедел миокардит
в) жүйелі склеродермия
г) ревматикалық қызба
д) жүйелі қызыл ноқта
108. 7 жасар қыз. Әлсіздікке, селқостыққа, дене салмағының төмендеуіне шағымданады Қарап тексергенде бетінде мұрын үстінде эритематозды бөртпелер бар, қышымайды. Дене қызуы 39,20С. Артралгия, ЭТЖ 56 мм/ч. Қанында LЕ-клеткаларының титрі жоғары, гематоксилин денешіктері көп. Аталған аурулардың қайсысына тән?
а) дерматополимиозит
б) жүйелі склеродермия
в) рематоидты артрит
г) жүйелі қызыл ноқта
д) түйінді полиартериит
109. 5 жастағы бала. Дене температурасы 38,5 градус. Буындарында ауру сезімі. Ауруы үш ай бұрын басталған. Таңертеңгілік құрысу пайда болды. Сол жақ екі тобын буыны, оң жақ тізе буыны ісінген, жүргенде ақсайды. Перифериялық лимфа түйіндері ІІ-ІІІ дәрежелі. ЖҚА: лейкоцит 15х109/л, ЭТЖ 47 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:
а) ревматикалық қызба
б) ювенильді ревматоидты артрит, буындық түрі
в) Стилл ауруы
г) ЮРА буындық-висцеральды түрі
д) реактивті полиартриит
111. 10 жасар ұл бала, 3 жылдан бері ауырады . Тізе буындары шар тәрізді өзгерген, екі тобық және білезік буындарының артриті. Қозғалыс шектелуі, ауыру, таңертеңгі құрысу байқалады. Диагноз қойыңыз:
а) реактивті артрит
б) ЖҚЖ
в) ювенильді ревматоидты артрит
г) Рейтер ауруы
д) бруцеллез, артрит
112. 10 жасар ұл бала, 3 жылдан бері ауырады тізе буындары шар тәрізді өзгерген екі тобық және білезік буындарының артриті. Қозғалыс шектелуі, ауыру, таңертеңгі құрысу байқалады.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораториялық зерттеулер жүргізілуі қажет
а) жалпы қан анализі
б) С- реактивный белок
в) LE-клеткалар
г) ревматоидты факторы
д) Райт, Хеддельсон реакциялары
114. 6 жасар ұл бала. Соңғы жылы буындардың таңертеңгі құрысуы байқалады, төсектен тұрып, киіну қинайды. Байқап қарағанда: екі тізе, шынтақ, саусақ буындарының деформациясы, қозғалысы шектелуі байқалады. Ішкі ағзаларда өзгеріс жоқ.
Буынның рентгенографиясынан күтетін өзгерістер:
а) буын контрактурасы
б) буын қуысының өзгерісі жоқ
в) сүйек эрозиялары
г) буынаралық қуыстың өзгерісі, аздаған остеопороз
д) буын анкилозы
115. 10 жасар қыз, соңғы 6 ай бойы ауырады. Объектиті: бозғылт, алақан және табанының терлегіштігі бар, эмоциональды лабильді. Аяқ саусақтарының фалангааралық, тобын буындарының ауру сезімі пайда болды. 3 айдан бері таңертеңгі құрысу байқалады. Екі тобық және аяқ саусақтарының фалангааралық буындарының ісінуі бар. Қозғалысы ауру сезімді, шектелген. Ішкі ағзалары жағынан өзгеріссіз. ЖҚА: эритр - 3,9*1012/л, ТК 0,8; Нв -110 г/л; лейк-9,0*109/л; э-3, т-4, с-63, л-38, м-5; ЭТЖ 30 мм/сағ. Қан биохимиясы: сиал сынамасы 300 б, СРБ++. Болжам диагноз қойыңыз:
а) бруцеллез, полиартрит
б) Рейтер синдромы
в) ревматикалық қызба, полиартрит
г) ювенильдіревматоидтыартрит,буындықформа
д) ЖҚЖ
116. Бала 1 жасар. Жүрек шекарасы солға және жоғары үлкейген. Төстің сол жағы, ІІ-қабырғааралағында систоло-диастолалық «машина» шуы, жүрек шу мойын тамырларына беріледі. Сіздің диагнозыңыз:
а) журекшеаралық перде кемістігі
б) ҚАПА
в) Фалло тетрадасы
г) ашық артериалдық өзек (Боталл)
д) аорта коарктациясы
118. 8 жасар ұлдың шағымдары: жиі мұрнынан қан кетүлер. 500 метр жүрсе, екі аяғы ауыра бастайды, ал мойын, иық жағы жақсы дамыған, «атлетикалық» дене формасы. Жүрек шекарасы солға үлкейген, арқада сол жауырын астына естілетін систолалық шу. АҚҚ қолында 150/90 мм с.б.б. аяғында анықталмайды. Болжам диагноз:
а) аорта коарктациясы
б) вегето-тамырлық дистония
в) гипертензионды-гидроцефалды синдром
г) аорта қақпақшасының стенозы
д) митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
119. 3 жасар ұл. Цианоз, ентігу-көгеру ұстамалары, Объективті: өкпе артериясында II үннің әлсіреуі, төстің сол жақ қыры бойымен дөрекі, қысқалау систолалық шуы естіледі. Қай жүрек ақауына тән?
а) Фалло тетрадасы
б) ҚАПА
в) аорта коарктациясы
г) ашық артериалдық өзек
д) ЖАПА
120. Гипоксемиялық ұстамалар, тахипноэ, цианоз күшеюі, естен тану және науқастыңжүруіне, отыруына мәжбүр болатын кезі қай іштен біткен жүрек ақауына тән:
а) аорта коарктациясы
б) ҚАПА
в) Фалло тетрадасы
г) ЖАПА
д) ашық артериалдық өзек
121. 13 жасар ұл.Шағымдары: бас ауыру, жүрек ауруы, ыстық сезіміне. 1 жыл бойы ауырадыТұқым қуалау анамнезі: әкесінде гипертониялық ауру, анасында – конституционды семіздік.
Объективті: гиперстеник. Алақандарының және табандарының жоғары терлегіштігі бар. Жүрек үні тұйықталған. Аорта үстінде II үн акценті. Жүрек шекаралары жасына сай. Басқа мүшелері өзгеріссіз. АҚҚ 145/90 мм.рт.ст. Пульсі 96/мин. Болжам диагнозыңыз:
а) артериалды гипертензия
б) артериалды гипотензия
в) гипоталамикалық синдром
г) вегетативті-тамырлық дистония
д) функционалды кардиопатия
123. 10 жасар науқас, таңертеңгілік басыныңғ ауыратыны, әлсіздікке, ұйқысының бұзылуына, түрегелгенде көзінің қарауытуына, басының айналуына шағымданады. Тұқым қуалау анамнезі оңтайлы. Объективті: терісі боз, алақан, табан гипергидрозы, тұрақты қызыл дермографизм, пульс 80/мин., АҚҚ 75/40 мм.б.б. Жүрек шекаралары жасына сай , үндері тұйық, 5 нүктеде және жүрек ұшында қысқа систолалық шу. Болжам диагноз:
а) вегетативті-тамырлық дистония
б) артериалды гипертензия
в) гипертиреоз
г) артериалды гипотензия
д) гипотиреоз
124. Анасы 3-айлық баласымен үчаскелік педиатрға қаралды. Екі рет пневмониядан емделді. Өкпе жағынан патологияны көру үшін кеуде қуысының R-граммасы жасалды, онда жүректің барлық жағына кеңейгені (шар тәрізді) анықталды. Аускультация кезінде жүрек үндері өте баяу. Болжам диагноз:
а) жедел миокардит
б) ҚАПА
в) ЖАПА
г) туа біткен фиброэластоз
д) өкпе артериасының стенозы
125. Анасы 1 жасар баласымен үчаскелік педиатрға қаралды. Өкпе жағынан патологияны көру үшін кеуде қуысының R-граммасы жасалды, онда жүректің барлық жағына кеңейгені анықталды. Аускультация кезінде жүрек үндері өте баяу. Ең ақпаратты зерттеу әдісі:
а) ЭКГ
б) ЭхоКГ
в) нейросонография
г) ЭЭГ
д) КТГ
126. Ұл 1 жас 2 айда. 4 айынан - терінің, еріннің, көз склерасының цианозы. Физикалық дамуы артта қалған. Анасының айтуы бойынша салмағын нашар қосады, физикалық жүктемеден кейін тез шаршайды.
Қарап тексергенде терісінің, көзге түсетін шырышты қабаттарының цианозы. Жүрек өркеші. Салыстырмалы жүрек шекарасы солға ығысқан. Жүрек үндері тұйық, тахикардия. Диагноз қойыңыз:
а) ЖАПА
б) фиброэластоз
в) жедел миокардит
г) Фалло тетрадасы
д) ҚАПА
127. Бала 5 айлық, физикалық дамуы артта қалған. Айқын терлегіштік, ентікпе. Пневмониямен ауырған. Жүрек үндері тұйық. Соңғы айда кенеттен мазасыздану, ентігу, ұстамалары пайда болды. Рентгенде оң жүрекше үлкеюі. ЭхоКГда – жүрекшеаралық перде шунты.
Болжам диагноз:
а) Фалло тетрадасы
б) аорта коарктациясы
в) жедел миокардит
г) ЖАПА
д) туа пайда болған фиброэластоз
129. 12 жасар қыз бала. Шағымы аяқ пен қолдарындағы ауру сезімі. Қарап тексергенде көзінің айналасында қызғылт эритема анықталады. Пальпацияда балтыр және иық бұлшықеттерінің қатты ауру сезімі және қамыр консистенциялығы анықталады. Әлсіздік, төсектен тұруы және жүруі қиындықпен. Болжам диагноз:
а) дерматополимиозит
б) жүйелі қызыл жегі
в) жүйелі склероз
г) түйінді полиартериит
д) аллергиялық дерматит
131. 12 жасар баланың қаралғандағы шағымдары: тері қатаюы және оның атрофиясы, қол тоңғақтығы, қолдың кіші буындарының тұрақты деформациясы мен анкилозы. Байқап қарағанда: беті «маска» тәрізді, ауызы толық ашылмайды; саусақтары айқын бүгу контрактурасы жағдайында; тырнақтары қисайған, «құс аяғына» ұқсас. Бұл ауру емдеуде қажет дәрі:
а) купренил
б) индометацин
в) имуран
г) вольтарен
д) преднизолон
132. 10 жастағы қыз баланы қарағанда аузы толық ашылмайды, беті маска тәрізді. Кірпіктері, қастары жоқ. Басында шаштары сирек, қол саусақтары «құстың аяғы» тәрізді, айқын бүгу контрактурасы. Тері атрофияланған, тығыз. Диагнозыңыз:
а) ювенильд ревматоидты артрит
б) жүйелі қызыл жегі
в) Рейтер ауруы
г) жүйелі склероз
д) дерматополимиозит
134. 12 жасар баланың екі қабағында қызғылт эритема. Пальпацияда иық, бұлшық еттері ісіңкі, қатты. Болжам диагноз:
а) дерматополимиозит
б) жүйелі қызыл ноқта
в) жүйелі склероз
г) түйінді полиартериит
д) ошақтық склеродермия
136. 14 жасар қыз бала. Әлсіздікке, ошақты гиперпигментацияға, аяқ қолдарының ауыруына шағымданады, Объективті: «маска тәрізді» бет, трофикалық бұзылыстар, ошақты гиперпигментация байқалады. Сонымен қатар тері асты шел қабаты мен бұлшықет тығыздануы. Болжам диагноз:
а) ЖҚЖ
б) ЮРА
в) дерматополимиозит
г) түйінді полиартериит
д) жүйелі склероз
143. Миокардиттің абсолюттік белгілеріне кірмейді:
а) жүрек тондарының әлсіреуі
б) жүрек шекарасының кеңеюі
в) тыныстық аритмиялар
г) жүрек жетіспеушілігі
д) систолалық шу
144. 11 жасар бала. Анамнезінде 7 жасынан бері баспамен жиі ауырады. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы солға және жоғарыға ұлғайған. І тон әлсіреген. Жүрек ұшында үрлеген тәрізді систолалық шу естіледі.
Аталған аурулардың қайсысына тән:
а) трикуспидалды қақпақшаның жетіспеушілігіне
б) жедел миокардитке
в) аорталды қақпақшаның жетіспеушілігіне
г) митралды қақпақшаның жетіспеушілігіне
д) ЖАПА
145. 5 айлық ұл балаға ерте туа пайда болған кардит диагнозды қойылды. Осы ауруды емдеуде қажет дәрі:
а) пенициллин, рибоксин
б) бисептол, дигоксин
в) ампициллин, коргликон
г) ровамицин, супрастин
д) преднизолон, вольтарен
147. 10 жасар бала. Кезекті баспадан кейін әлсіздік пайда болды. Жүрек шекарасы солға және жоғары ұлғайған. Жүрек ұшында I-тон әлсіреген, Жүрек ұшында үрлеген тәрізді систолалық шу, қолтық астына берілумен естіледі. Болжам диагноз:
а) жедел миокардит
б) митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
в) аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі
г) митральды қақпақшаның стенозы
д) жедел ревматикалық қызба
148. Кіші хорея симптомдарына жатпайтыны:
а) Гордона симптомы
б) Черни симптомы
в) Филатова симптомы
г) “иық әлсіздігі” симптомы
д) Мюсси симптомы
149. ЖҚЖ ның лабораторлық көрсеткіштеріне жатпайды:
а) анемия
б) тромбоцитопения
в) эритроциттерде Джолли женешіктері
г) лейкоцитоз
д) ЭТЖ жоғарылауы
151. Дерматополимиозит диагнозын дәлелдеу үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а) креатинурияға зәр анализі
б) теріден, бұлшық еттен биопсия
в) электромиография
г) бұлшық еттен биопсия
д) АСЛ-О анықтау
160. ЮРА қолайсыз болжамының белгілері:
а) тізе буындарының зақымдануы
б) омыртқа мойын бөлімінің зақымдануы
в) табан балтыр буындарының зақымдануы
г) аяқ-қол майда буындарының зақымдануы
д) иық буындарының зақымдануы
162. Туа біткен жүрек ақауларында кіші қанайналым шеңберінің қанмен баюының басты себебі:
а) артерия-веноздық шунт
б) венозды-артериялық шунт
в) өкпе артериясының стенозы
г) Фалло тетрадасы
д) сол қарынша гипертрофиясы
163. Қыз 5 жаста. Анасы жүкті кезінде 2 рет бронхопневмониямен ауырған. Объективті: парастерналды «өркеш», р.мах.-ІІ-қабырғааралықпен төстің сол қырында систолалық шу, арқаға беріледі; ЭхоКГ-да оң қарынша үлкейген, гипертрофия бар, а.рulm. үстінде ІІ-үн акценті. Болжам диагноз:
а) ашық артериалдық өзек (ААӨ-Боталл)
б) өкпе артериясының стенозы
в) қарыншааралық перде ақауы
г) ЖАПА
д) Фалло ауруы
164. Бала 1 жасар. Жүрек шекарасы солға және жоғары жылжыған. Төстің сол қырында ІІ-қабырға аралығында систоло-диастолалық «машина» шуы, жүрек ұшы мен мойын тамырларына беріледі. Сіздің диагнозыңыз:
а) қарыншааралық перде кемістігі
б) жүрекшеаралық перде кемістігі
в) Фалло тетрадасы
г) ашық артериалдық өзек
д) аорта коарктациясы
166. 5 жасар бала. Дене қызуының жоғарылауына, денесіндегі бөртпелерге қол-аяғының буындарының, мойын буындарының ауыруына шағымданады. Обьективті t- 40 0С, қол-аяқтарында уртикарлы бөртпе, қол-аяғының кіші буындарының ісінген. Микрополиадения. Жүрек үлкейген, үндері көмескі, жүрек ұшы мен бесінші нүктеде систолалық шу. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ, гепато-лиеналды синдром. ЖҚА: қабынулық өзгерістер лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз:
а) жүйелі қызыл ноқта
б) ЮРА, буынды-висцералды түрі, Стилл синдромы
в) ревматизм, полиартрит
г) бруцеллез
д) ЮРА, буындық түрі
167. 13 жастағы қыз бала. Психозмоционалдық жүктемеде басының айналуына, жүрек қағуына шағымданады Қарап тексергенде терісі бозғылт Қызғылт дермографизм, алақандарының гипергидрозы. Қан қысымы с. б. 130/80. Жүрек шекаралары қалыпты.Жүрек үндері анық. Жүрек ұшында функциональды систоликалық шу.
Қандай диагноз қойылуы мүмкін:
а) тапшылық анемия
б) вегетативті-тмырлық дистония
в) жіті миокардит
г) артериальдық гипертензия
д) артериальдық гипотензия
168. Бала 4 жаста. Шағымы: бас ауыруы. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, қуқыл. Жүрек шекарасы шамалы солға кеңіген. Аускультативті: ІІ қабырға аралығында оң жақта систолалық шу. Осы жерде систолалық діріл. АҚҚ төмен, 80/40 мм.с.б. Рентгенде: жүрек солға ұлғайған. Жүрек ұшы көтерілген және домаланған, белі айқын. Қандай туа пайда болған жүрек ақауы туралы ойлауға болады?
а) жүрекшеаралық перде ақауы
б) қарыншааралық перде ақауы
в) аорта стенозы
г) ашық артериалдық өзек
д) Фалло триадасы
169. Дәнекер тіндердің диффузды ауруларына жатпайды
а) жүйелі қызыл ноқта
б) жүйелі склероз
в) Рейтер ауруы
г) дерматополимиозит
д) түйінді полиартериит
171. Туа пайда болған кардитке біреуінен басқасы тән
а) кардиомегалии
б) жүрек үндері айқын, көлемі өзгермеген
в) жүрек ұшында систолалық шу
г) жүрек үндерінің тұйықталуы
д) физикалық дамуы артта қалған
172. Бала 3 жаста. Физикалық дамуы артта қалған. Терісі бозғылт. Жүрек шекарасы көлденеңінен және жоғары кеңіген. Жүрек ұшының түрткісі жайылмалы, көтеріңкі, төмен жылжыған. Төстен солға қарай ІІІ-ІҮ қабырға аралығында систолалық діріл және ұзақ систолалық шу естіледі. Диагнозы:
а) ашық артериялық өзек
б) жүрекшеаралық перде ақауы
в) оқшауланған өкпе артериясының стенозы
г) аорта коарктациясы
д) қарыншааралық перде ақауы
174. Рентгенде - жүрек етіктің басы пішіндас, белі айқын, жүрек ұшы көтеріңкі, бұл қай ТБЖ ға тән
а) аорта коарктациясы
б) аортаның оңға ығысуы
в) Фалло тетрадасы
г) жүрекшеаралық перде кемістігі
д) ашық артериалдық өзек
177. 4 айлық бала. Тамақтандырғанда ентігеді, мазасыз. Дене салмағы төмен. Тері жабындылары бозғылт, «мәрмәр түстес». Жүрек ұшы солға, төмен ығысқан. Пальпацияда сол жақ ІІІ-ІҮ қабырға аралығында систолалық діріл. Аускультацияда – сол жақ ІІІ-ІҮ қабырға аралығында қатаң систолалық шу. Балада болуы мүкін:
а) митральды қақпақша жетіспеушілігі
б) өкпе артериясының стенозы
в) қарыншааралық перде ақауы
г) ашық артериалдық өзек
д) жүрекшеаралық перде ақауы
1.970 Ревматикалық қызбанаң жіктелуіне қарастырмалған:
А) аурудың фазалары (белсенді, белсенді емес)
Б) жүрек, басқа ағзалар және жүйелердің бұзылысының клинико-анатомиялық сипаты
В) үдерістін ағымы
Г) бұындардың функционалдық жетіспеушілігі
Д) қан айналысы жағдайы
2.975 Ревматикалық қызба нерв жүйесінің зақымының көрнісі:
А) анулярлы эритема
Б) спазмофилия
В) эклампсия
Г) хорея
Д) тырысу
3.980 2-3 аптадан соң ревматикалық қызба дамитың жағдай:
А) тұмау
Б) бронхопневмония
В) стрептококкты баспа
Г) крупозды пневмония
Д) аденовирусты инфекция
4.981 Лукин-Либман симптомы: қанталау, конъюктивада және төменгі қастағы петехиялар байқалатын жағдай:
А) ревматикалық қызба
Б) вирусттік миокардит
В) инфекциялық эндокардит
Г) гипертониялық ауру
Д) дилятациялық кардиомиопатия
5.983 Ревматикалық қызбаға байланысты жағдайлар, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) стрептококк инфекциясымен байланыс
Б) КисельДжонс-Нестеров критерилері
В) жүрек ақауларының қалыптасуы
Г) дискоидті эритема
Д) мектеп жасында аурудың басталуы
6.984 Ревматикалық қызбаға тән емесі:
А) кардит
Б) полиартрит
В) тахикардия
Г) теріастындағы кальцинаттар
Д) хорея
7.989 Ревматикалық қызбаға зақымдалатын тін:
А) эпителиалды
Б) дәнекер тіні
В) бұлшық еті
Г) нервтік
Д) паренхиматозды
Гастроэнтерология (200)
1473. Жедел гастрит емі мен зерттеу шараларына алғашқы сағаттарды жатады:
а) асқазанды жуу
б) ЭФГДС
в) тазалаушы клизма
г) іш аймағына суық қою
д) антибактериялық ем
1477. Билиарлық жолдардың функционалдық жағдайына баға беру үшін жүргізілуі қажет скрининг-тесттер,БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а) гепатосинтиграфия
б)ЭФГДС
в) қандағы билирубин және оның фракцияларын анықтау
г) тимол сынағы, трансаминазалар белсенділігін анықтау
д)қан мен зәрде панкреатикалық ферменттер белсенділігін анықтау
1479. Өт шығару жолдарының дискинезиясы гиперкинетикалық типіне тән:
а) безгек
б) оң қабырға доғасының астындағы сыздаған ауыру сезімі
в) оң қабырға доғасының астындағы толғақ тәрізді ауыру сезімі
г) өттің баяу босалуы
д)өттің жылдам босалуы
1481. Өт шығару жолдарының дискинезиясының гиперкине 41тикалық типінің еміне кірмейтіні:
а) № 5-мәзір
б) но-шпа
в) мотилиум
г)холагол
д) оң қабырға доғасы астына новокаимен электрофорез
1482. Өт шығару жолдарының дискинезиясының гипокинетикалық типінде қолдануға болмайды:
а) холекинетик(тер)
б) мотилиум
в) спазмолитик(тер)
г) минерализациясы жоғары минеральды су
д) эубиотиктер
1484. Өт жолдарына инфекцияның ену жолдары:
а) лимфогендік
б) фен-оральді
в)жыныстың
г) ауа тамшылы
д) уриногендік
1485. Жедел холециститте байқалатын белгілерне жатпайды:
а) оң қабырға доғасы астында тұрақты ауыру сезімі
б) оң қабырға доғасы астында толғақ тәрізді сезімі
в)лоқсу, запыран аралас құсу
г)қызба
д)Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң (+)
1488. Созылмалы холециститке тән эхографиялық белгілеріне жатпайды:
а)өт қапшығының деформациясы
б) өт қапшығының қабырғасының қалындығы 2мм
в) өт қапшығының қаб. қалындығы 2,5мм артық
г) өт қапшығының қаб. қалындауы
д) іркілген өт
1490. Асқынбаған өт-тас ауруымен науқастың консервативті емі,БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а) белогы мол емдәм
б)майлары аз емдәм
в)урсосан
г)урсофальк
д)одестон
1491. Тітіркенген ішек синдромы (ТІС) – бұл біріктіретін симптомдар кешені, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а)функционалды бұзылыстар 3 айдан аса
б) ішектің органикалық аурулары 3 айға дейін
в)дефекациядан кейін азаятын іштің ауыруы
г)метеоризм, іш шұрылдауы
д)іш өту мен іш қатудың кезектесуі
1493. Тітіркенген ішек синдромы кезіндегі жетекші белгі:
а) кезеңдік іш қату
б) іштің оңжақ төменгі квадрантындағы ауыру сезімі
в) іштің солжақ төменгі квадрантындағы ауыру сезімі
г) диарея
д) жүрек айну, құсу
1494. Тітіркенген ішек синдромы диагнозын нақтылау үшін міндетті түрде қажет, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а)копрограмма
б)Грегерсен реакциясы
в)ирригография
г) ФЭГДС
д)колоноскопия
1497. Тітіркенген ішек синдромы іш қату басым кезінде пайдаланады,БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а)форлакс
б)лактулоза
в) имодиум
г)мукофальк
д)дюфалак
1498. Тітіркенген ішек синдромы іш өту басым кезінде пайдаланбайды :
а)белсендірілген көмір (ұнтақтары)
б)смекта
в) мукофальк
г)танин, емен қабығы
д)имодиум
1500.Жаралы емес диспепсия негізгі симптомдарына жатпайды:
а)іш кебуі
б)кекіру
в) іш өту
г) қыжыл
д)аэрофагия
1501. Жаралы емес диспепсия диагнозы қоюда жасалатын негізгі әдіс:
а) құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ
б) асқазанды зондылау
в) қан биохимиялық анализі
г) ЖҚА
д)ФЭГДС
1502. Жаралы емес диспепсия емінде жиі қолданылады:
а) антацид
б) антибиотик
в)прокинетик
г) протонды помпа ингибиторлары
д) Н2 гистаминді рецептор блокаторлары
1504. Созылмалы гастрит диагнозын нақтылау үшін жүргізіледі:
а) ФГДС
б) ИФА
в) асқазан шырышының гистологиясы
г) уреазды тест
д) тыныс тесті
1505. Созылмалы гастрит өршуінде қолдануға болмайды :
а) алмагель
б) ранитидин
в) омепразол
г) мотилиум
д) метронидазол
1506. Геликобактер пилори тиімді емдеу схемасы болып табылады , БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а)пантопразол, амоксициллин, кларитромицин
б)омепразол, амоксициллин, метронидазол
в) пантопразол, кларитромицин, метронидазол
г) альмагель, ранитидин, но-шпа
д) церукал, альмагель, омепразол
1509.Ойық жара ауруының асқынулары жатпайды:
а) қан кету
б) өт-тас ауруы
в) перфорация
г) пенетрация
д)стеноз
1510. Созылмалы үш қату көрінбейді:
а)48 сағаттан артық дефекацияның болмауы
б) үлкен дәретінің аз мөлшерде болуы
в) үлкен дәреті қатты
г) үлкен дәреті жұмсақ
д)ішек босауын физиологиялық сезінудің болмауы
1512. Созылмалы іш қатуда қолданылатын препараттар, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а)лактулоза
б)мотилиум
в) картоп сөлі
г) белсенді қозғалыс
д) шоколад, кофе
1514. Ұйқы безінің дренаждық қызметінің бұзылуы себептеріне жатпайды:
а) Одди сфинктерінің спазмы
б) арнайы емес жаралы колит
в) өт шығару жолдарының дискинезиясы
г) алиментарлы факторлар
д)аскаридалардың жалпы өт өзегіне түсуі
1516. Жедел панкреатит симптомдарына жатпайды:
а) Ортнер
б) Кэрте
в) Кач
г) Воскресенский
д)Мейо-Робсон
1518.Жедел панкреатит мына әдістермен диагностикаланбайды:
а) жалпы белок пен холестеринді анықтау
б) қанда калий мен натрийді анықтау
в)қанда амилаза мен липазаны анықтау
г) қанда хлор анықтау
д) қанда кальций және фосфор анықтау
1519. Жедел панкреатит кезінде ұйқы безін максимальды аялау үшін қолданылады :
а) аштық емдәм
б) 5П стол
в)креон
г) гемодез
д) но-шпа
1521. Панкреатит созылмалыға ауысуына әсер етпейді :
а)генетикалық бейімділік
б)атопиялық диатез
в)дисметаболикалық бұзылыстар
г) ұйқы безінің ұзақ обструкциясы
д) эпидемиялық паротит
1522. Ағымы бойынша созылмалы панкреатит бөлінеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а) обструктивті
б)қайталамалы
в)үнемі ауру сезімімен
г) біріншілік
д) латентті
1523. Созылмалы асқынған панкреатиттің клиникалық симптомдарына жатпайды :
а)ішінде ұстама тәрізді ауру сезімі
б)көп ретті құсу
в)жүрек айну, аузында ащы сезімі
г) іш қату
д)нәжісі майлы, өткір иіспен
1524. Асқорытудың панкреатикалық жетіспеущілігі синдромына кірмейді :
а) креаторея
б) стеаторея
в) амилорея
г)лейкоцит нәжісте
д) эритроцит нәжісте
1525. Қайталамалы созылмалы панкреатитке тән емесі:
а)өршу мен ремиссияның ауысып тұруы
б)ауру сезімінің емдәм бұзумен байланыстылығы
в)ауру сезімі құсумен, жүрек айнумен бірге жүреді
г)Керте, Кач симптомдары оң
д) Кер, Ортнер симптомдары оң
1527. Созылмалы панкреатит лабораториялық дәлелденеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а)қанда амилазаның жоғарылауы
б)қанда липазаның жоғарылауы
в) гипергликемия
г)стеатореея
д)креатореея
1529. Созылмалы панкреатит өршу кезеңінің емінде таңдау препараты:
а) холензим
б) холосас
в)креон
г) фестал
д) пепсин
1530. Созылмалы панкреатиттің ең жиі асқынуы болып табылады :
а) қант диабеті
б) холецистит
в) он екі елі ішек ойық жарасы
г) колит
д) Крон ауруы
1534. Спецификалық емес жаралы колиттің негізгі симптомы:
а) ішінде ауру сезімі
б) субфебрильді температура
в) теріде бөртпелер
г) үлкен дәретінде шырыш пен қан
д) дене салмағын жоғалту
1536. Спецификалық емес жаралы колит жергілікті асқынуларына жатпайды :
а) сепсис
б) тоқ ішек токсикалық дилатациясы
в) артрит
г) эндокардит
д) постгеморагиялық анемия
1537. Спецификалық емес жаралы колит жалпы асқынуларына жатады, БІПЕУІНЕН БАСҚАСЫ :
а)склероздаушы холангит
б) түйінді эритема
в) сепсис
г) ішектен қан кету
д) артрит
1538. Спецификалық емес жаралы колит эндоскопиялық анықталады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ :
а) шырыш қабат анық гиперемиясы
б) жаралы тоқ ішек жаппайалуы
в) контактілі қан кету
г)терең емес жаралар және эрозиялар, фибринмен жабылған
д) тас жол рельефі
1539. Арнайы емес жаралы колит кезіндегі емдәм (2):
а) май көп мөлшерде
б) азбелокты
в)глютенді шектеу
г) тұзсыз
д)дөрекі клетчатка, сүт тағамдары, дәмдеуіштерді мүлдем доғару
1540. Арнайы емес жаралы колитте емдәмде қолдануға болатын қоспалар, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а)белоктық энпит
б) лактоза
в)майлы энпит
г)Zonalac
д)Pro-Mix
1541. Арнайы емес жаралы колиттің базистік емі:
а) глюкокортикоидтар
б)салазопиридазин
в) тобы дәрілері ферменттер
г) цитостатиктер
д) альфа-интерферон
1542. Арнайы емес жаралы колитте келесі антибактериялық дәрілер тағайындайды:
а)метронидазол
б)эритромицин
в)цефалоспорины
г) гентамицин
д) пенициллин
1545. Арнайы емес жаралы колиттің ауыр түрінде таңдаулы дәрілерге жатпайды:
а)преднизолон per os
б)циклоспорин А (сандиммун)
в)будесонидпен клизма
г)буденфальк per os
д) лоперамид (имодиум)
1546. Муковисцидоздың лабораториялық-диагнозының белгілеріне жатпайды:
а) терде Na+ мен Cl- концентрациясының төмендеуі
б) терде Na+ мен Cl- концентрациясының жоғарылауы
в) стеаторея мен креаторея
г) мутация ұшыраған ген анықталады
д) 12 елі ішек сөлінде панкреатикалық ферментер аз
1547. Лактаза жетіспеушілігінің негізгі клиникалық көріністеріне жатапйды:
а) сүйық көбікті нәжіс, қышқыл иіспен
б) сулы, аса сасық нәжіс
в) іш ауыруы
г) метеоризм, іш кебуі, шұрқырауы
д) құрысу
1549. Лактаза жетіспеушілігінің негізгі емдік шара:
а) лактозасыз емдәм
б) гипоаллергендік емдәм
в) белоксыз емдәм
г) аглиадинді емдәм
д) майлы тағам
1550. Целиакия диагнозын қоюдың ең сенімді тәсілдері:
а) қан биохимиясы
б) серологиялық маркерлер анықтау
в) гендік маркерлер анықтау
г) биокард тесті
д) аш ішек шырышының гистологиясы
1551. Жаңа туылған нәресте 3 жасында төменгі ішек жүрмеуіне байланысты операция жасалды.Операция кезінде: илеоцекальды аймақта көп мөлшерде тығыз, тұтқыр меконий анықталды. Болжам диагноз:
а) экссудативті энтеропатия
б) өт жолдарының атрезиясы
в) лактазды жетіспеушілігі
г) целиакия
д) муковисцидоз
1552. Бала 6 айлық, емшекте; физикалық дамудан қалыс. 2 айлығынан жемістер сөлін енгізген соң іші жиі өтіп, құсу, метеоризм байқалуда. Болжам диагноз:
а) біріншілік дисахаридаза жетіспеушілігі
б) муковисцидоз, ішектік форма
в) целиакия
г) біріншілік экссудативті энтеропатия
д) лактаза жетіспеушілігі
1553. 4 айлық бала емшек сүтінде. 2 айлығынан диарея, ісінулер анықталған, динамикада артуда. Физикалық дамуы артта қалған. Қан биохимиясында: гипокальциемия, гипопротеинемия. ЖЗА: протеинурия. Копрограммада: стеаторея, плазмалық белоктар. Болжам диагноз:
а) муковисцидоз, ішектік форма
б) целиакия
в) экссудативті энтеропатия, біріншілік
г) іштен болатын нефротикалық синдром
д) лактаза жетіспеушілігі
1554. 1 жасар балада тұрақсыз, жылтыр, сасық нәжіс. Физикалық дамуы артта қалған. Туылған кезде меконеалдық илеуске байланысты ішек жүрмеуі болды. Болжам диагноз:
а) целиакия
б) экссудативті энтеропатия
в) муковисцидоз, ішектік форма
г) іштен болатын нефротикалық синдром
д) лактаза кемістігі ь
1555. Гастро-эзофагальді рефлюкс ауруының басты белгілері:
а) жүрег айну
б) қыжыл
в) тәбетті төмендеу
г) метеоризм
д) кекіру
1556. Қыз бала, 14 жаста. Майлы тағам жегеннен 4 сағаттан кейін сол қабырға астында толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болады, жүрек айну, көп ретті құсу анықталды. Қарап тексергенде: Мейо-Робсон нүктесінде кенет ауру сезімі анықталады. Болжам диагноз:
а) жедел аппендицит
б) жедел холецистит
в) жедел панкреатит
Г) жедел гастрит
д) жедел холангит
1557. Қыз бала, 14 жаста. Майлы тағам жегеннен 4 сағаттан кейін сол қабырға астында толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болады, жүрек айну, көп ретті құсу анықталды. Қарап тексергенде: Мейо-Робсон нүктесінде кенет ауру сезімі анықталады. Берілген ауру кезінде тағайындалады:
а) бауыр, ұйқы безі УДТ
б) ФГДС
в) ирригография
г) іш ағзаларының рентгенографиясы
д) нәжісті жасырын қанға тапсыру
1559. 2 жас 5 айлық балада декекация алдында ішінде толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды. Үлкен дәреті 2 рет сұйытылған, қан аралас. Болжам диагноз:
а) арнайы емес жаралы колит
б) жедел холецистит
в) жедел панкреатит
г) жедел гастрит
д) асқазанның ойық жара ауруы
1560. 2 жас 5 айлық балада декекация алдында ішінде толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды. Үлкен дәреті 2 рет сұйытылған, қан аралас. Берілген ауру кезінде ақпаратты зерттеу әдісі болып табылады:
а) жалпы қан анализі
б) ректороманоскопия
в) биохимиялық қан анализі
г) дисбактериозға нәжісін тексеру
д) жалпы зәр анализі
1564. 12 жасар қыз бала оң жақ қабырға астында түнгі қатты ауру сезіміне шағымданады, лң жақ жауырын астына беріледі, тәбеті жоғары, соңғы айда арықтап кеткен. Қарап тексергенде: пилородуоденальды аймақта қатты ауру сезімі, Мендель симптомы оң, Құрсақ алдыңғы бұлшықеттерінің кернелуі. Берілген ауру тағайындаудың тікелей көрсеткіші болып табылады:
а) эррадикациялық терапия
б) ферментотерапия
в) өт айдағыш препараттар
г) салаз препараттары
д) прбиотиктер
1567. Ұл бала, 10 жаста. Оң жақ қабырға астында тартып, басып ауру сезімі. Қарап тексергенде: оң қабырға астында ауру сезімі, бауыры оң жақ бөлімі есебінен оң қабырға доғасынан 1 см сыртқа қарай орналасқан. Өт айдағыш препаратпен ем жүргізілгеннен кейін симптомдар жойылды. Болжам диагноз:
а) созылмалы панкреатит
б) созылмалы гастрит
в) целиакия
г) созылмалы колит
д) өт шығару жолдарының дискинезиясы
1568. Ұл бала, 10 жаста. Оң жақ қабырға астында тартып, басып ауру сезімі. Қарап тексергенде: оң қабырға астында ауру сезімі, бауыры оң жақ бөлімі есебінен оң қабырға доғасынан 1 см сыртқа қарай орналасқан. Өт айдағыш препаратпен ем жүргізілгеннен кейін симптомдар жойылды. Диагнозды нақтылау үшін жүргізу керек:
а) ирригоскопия
б) ОАК
в) ФГДС
г) биохимиялық қан сынағы
д) УДЗ
1569. Денис, 5 күндік. Емшекке салынғаннан бері сұйық, сулы, қышқыл, көбікті нәжіс, метеоризм, ішінде шаншып ауру сезімі. Болжам диагнозы:
а) аглютенді энтеропатия
б) экксудативті энтеропатия
в) муковисцидоз
г) лактазды жетіспеушілік
д) жедел ішек инфекциясы
1571. Ира, 8 ай, 6 айынан бастап жеміс шырындарын енгізгеннен кейін тұрақты іш өтуі, құсу пайда болды. Қарап тексергенде: І дәрежелі салмақ жетіспеушілігі анықталады. Болжам диагноз:
а) экксудативті энтеропатия
б) целиакия
в) лактазды жетіспеушілік
г) муковисцидоз
д) сахараза және изомальтаза жетіспеушілігі
1572. Ира, 8 ай, 6 айынан бастап жеміс шырындарын енгізгеннен кейін тұрақты іш өтуі, құсу пайда болды. Қарап тексергенде: І дәрежелі салмақ жетіспеушілігі анықталады. Диагноз нақтыланады:
а) глютенмен жүктеме сынамасы
б) сиыр сүті белогімен жүктеме сынамасы
в) рентгенжабындылы тест
г) сахарозамен жүктеме сынамасы
д) терде натрий мен хлор концентрациясын анықтау
1573. Ира, 8 ай, 6 айынан бастап жеміс шырындарын енгізгеннен кейін тұрақты іш өтуі, құсу пайда болды. Қарап тексергенде: І дәрежелі салмақ жетіспеушілігі анықталады. Берілген ауру диагностикасында ақпаратты әдіс болып табылады:
а) ФЭГДС
б) аэротест
в) аш ішек биоптатында дисахарадаза белсенділігін анықтау
г) рентгенжабындылы тест
д) глютенмен жүктеме сынамасы
1575. Даша, 8 айлық. Сүт тағамдары мен сиыр сүті негізіндегі жасанды тамақтандырылуға ауыстырылуына байланысты тұрақты сұйық жөтел, құсу, ішінің кернелуі, абдоминальды шаншу пайда болды. Болжам диагноз:
а) сиыр сүтінің белогін көтере алмау
б) целиакия
в) лактазды жетіспеушілік
г) муковисцидоз
д) сахараза және изомальтаза жетіспеушілігі
1576. Даша, 8 айлық. Сүт тағамдары мен сиыр сүті негізіндегі жасанды тамақтандырылуға ауыстырылуына байланысты тұрақты сұйық жөтел, құсу, ішінің кернелуі, абдоминальды шаншу пайда болды. Берілген ауру емінде құрамында мына заттар бар тағамдар шектеледі:
а) глютен
б) сиыр сүтінің белогі
в) сахароза
г) крахмал
д) лактоза
1577. Тимур, 9 жаста. Қыжыл, тағаммен кекіру, тағам қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында басып ауру сезіміне шағымданады. Осы шағымдар соңғы екі айдан бері мазалайды. Болжам диагноз:
а) гастроэзофагальды рефлюксті ауру
б) жедел холецистит
в) созылмалы колит
г) жедел панкреатит
д) мальабсорбция синдром
1579. Тимур, 9 жаста гастроэзофагальды рефлюкс ауруы диагнозымен. Осы ауру кезінде тиімді препарат болып табылады:
1) мотилиум
2) урсосан
3) креон
4) месалазин
5) фламин
1580. Лиза 12 жаста, дене шынықтыру сабақтарынан кейін жедел, интенсивті, шаншып оң иығы мен жауырынастына берілетін ауру сезімі пайда болады. Бала қозғалуға қорқады. Жүрек айну, құсу байқалады. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ өт қапшығында диаметрі 1 см конкременттер анықталады. Болжам диагноз:
1) жедел холецистит
2) жедел панкреатит
3) өт-тас ауруы
4) жедел гастрит
5) жедел дуоденит
1583. Қыз бала 12 жаста. Түнде ашқарынға оң жақ қабырға астында сол жақ жауырынына берілетін ауру сезімі, тәбеті жақсы, соңғы айда қатты арықтау болды. Қарап тексергенде: айқын пилородуоденальды аймақта ауру сезімі, Мендель симптомы оң. Болжам диагноз:
1) арнайы емес жаралы колит
2) долихоколон
3) созылмалы колит
4) жедел панкреатит
5) он екі елі ішек ойық жарасы
1584. Маастрих келісімі бойынша мына ауруларда эрадикациялық (3 не 4-компонентті) терапия жүргізіледі :
1) арнайы емес жаралы колит
2) асқазан ойық жара ауруы
3) целиакия
4) холецистохолангит
5) созылмалы панкреатит
1589. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуді диагностикалау әдістеріне жатады (2):
1) аіж бариймен рентгеноскопиясы
2) құрсақ қуысының жалпы суреті
3) құрсақ қуысы УДЗ
4) ЭФГДС
5) колоноскопия
1590. Целиакиямен ажырату диагностикасы жүргізіледі :
1) дизентерия
2) дисахаридазды жетіспеушілік
3) муковисцедоз
4) Жаралы емес колит
5) сепсис
1591. Целиакияға тән :
1) гипертермия
2) тырысу
3) дене салмағын жоғалту
4) дене салмағын төмендеу
5) сулы нәжіс
1593. Шырышты қабаты ісінген, гиперемияланған, буылтық аймағында түбі жалпақ эрозия анықталады, сұр-ақ жабындымен жабылған. Бұл дуодениттің қай түрі:
1) беткей
2) гипертрофиялық
3) атрофиялық
4) аралас
5) эрозиялы
1596. Геликобактер пилори кезіндегі кешенді ем мына уақыт аралығында жүргізіледі:
-
5 күн
2) 7 күн
3) 1 ай
4) 3 апта
5)10 күн
1601. Науқас 13 жаста. 2 айдан бері полиартрит дамуына байланысты имдометацин қабылдап жүр. Кенет эпигастрий аймағында ауру сезімі, әлсіздік, қара массамен қайталап құсу пайда болды. Қарап тексергенде боз, АҚ 90/70 мм с.б.б. Іші пальпация кезінде жұмсақ, бұлшықет кернелуі жоқ. Болуы мүмкін диагноз:
1) жедел эрозивті гастрит
2) ойық жаралы колит
3) тағамдық токсикоинфекция
4) жедел холецистит
5) жедел панкреатит
1602. Науқас 12 жаста, ішінің сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі іш өтумен және нәжісте қанның пайда болуымен бірге жүреді. Өзін-өзі сезінуі нашар. Салмағын тез жоғалтып жатыр. Ұйқысы бұзылған. Себебі дефекацияның жартысы түнгі уақытта жүреді. Болжам диагноз:
-
Асқазан ойық жара ауруы
2) арнайы емес жаралы колит
3) Крон ауруы
4) гастроэнтероколит
5) жедел панкреатит
1603. науқас 12 жаста, арнайы емес жаралы колит диагнозымен. Диагнозды анықтау үшін жүргізіледі (2):
-
Құрсақ қуысы УДЗ
2) колонофиброскопия
3) нәжісті бактериологиялық зерттеу
4) фиброгастроскопия
5) тоқ ішек шырыш қабатының биопсиясы
1604. Науқас 12 жаста, арнайы емес жаралы колит диагнозымен. Емінже қажет препарат:
-
рибоксин
-
В6 витамині
3) салазопиридазин
4)преднизолон
5) А витамині
1616. Асқаз қызметінің функциональды бұзылыстарына жатпайды:
-
+түнгі ауру сезімі
2) психоэмоциональды факторлармен ауру сезімінің байланысы
3) жүрек айну
4) ауру ұзақтығы 1-3 жыл
5) ауру тәуліктік ырғағы
1635. Ойық жара ауруы перфорациясының клиникалық көріністері :
а) эпигатсрий аймағында «қанжар сұққандай» тәрізді ауру сезімінің болуы
б) эпигастрий аймағында үнемі ауру сезімі
в) сол қабырға артында белбеу
г) терізді ауруы
д) субфебрилді температура
1636. Асқазан секреторлы функциясын бағалауда қолданылады :
а) ФГДС
б) фракциялық асқазанды зондылау
в) ПТР
г) КФС
Д) реогастрография
1647.Холекинетиктер (ішекке өт шығуына әсер етеді) :
а) магний сульфаты, ксилит, сорбит
б) хофитол
в) олиметин, холагол
г) хологон
д) мотилиум
1649. Балаларда өт-тас ауруы дамуына әсер етеді,БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ
а) семіру
б) тұқымқуалаушылық
в) билиарлы тракт ауруы
г) гемолитикалық анемия
д) нәсілі, жынысы
1650. Балаларда өт-тас ауруының клиникалық көріністері байланысты:
а) тастардың өлшеміне
б) ауру ұзақ
в) жыл мезгілі
г) жасына
д) жынысына
1652. Созылмалы холецистит диагнозы маны белгілер анықталғаннан кейін нақтыланады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
а) интоксикации белгілері
б) қанда қабыну реакциясының болуы
в) өт қапшығы қабырғасының қалыңдауы УДЗ 2,5 мм және тығыздануы
г) өт қапшығында лямблийлер
д) өтте лейкоциттер
1653. Холелитиаз рентгендиагностикасында «Алтынды» стандарт:
а) ретроградты холецистопанкреатография
б) холеграфия
в) компьютерлі томография
г) көктамырішілік холангиография
д) гепатобилисцинтиграфия
1654. Балаларда өт-тас ауруының негізгі диагностикалық әдісі:
а) өтті биохимиялық зерттеу
б) холецистография
в) құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ
г) гепатосцинтиграфия
д) жылулық визионды зерттеу
1655. Жедел холециститке тән клиникалық симптом:
а) ішінде ауру сезімі, сұйық нәжіс, метеоризм
б) оң қабырға астында ауру сезімі, токсикоз симптомдары, жүрек айну
В) эпигастрийде ауру сезімі, қыжыл, жүрек айну
г) белдемелі ауру сезімі, қайталамалы құсу
д) гипогастрийде ауру сезімі, тенезм
1667. Экссудативті энтеропатия кезіндегі нәжіс сипатталады:
а) жиі, көбікті, малы жылтырмен көп мөлшерде, шіріген иіспен
б) жиі, сулы, иіссіз
в) жиі, көбікті, қышқыл иіспен
г) ботқа тәрізді, көп мөлшерде, өткір иіспен
д) көп мөлшерде қан аралас
Достарыңызбен бөлісу: |