Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-үлгi Iндеттанулық зерттеу актiсi  3 қыркүйек 2002. Шығыс Қазақстан облысы  Өскемен қаласы



Pdf көрінісі
бет32/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121
3-үлгi Iндеттанулық зерттеу актiсi 
3 қыркүйек 2002. Шығыс Қазақстан облысы 
Өскемен қаласы 
 
Бiз, төменде қол қойғандар: ҚР АШМ ветеринария департаментiнiң бас 
маманы Қалиев Б.Қ., ҚазҰАУ-дың доцентi Е.И.Қасымов, республикалық 


55 
ветеринария лабораториясының жетекшi маманы Мұхамедқалиев М.Н., 
облыстың мемлекеттік ветеринария инспекторы Жақыпбаев А.Ш., мем.вет. 
бақылау бөлімінің бас маманы Қабдолданов Т.А., Жарма, Зырян, Қатон-
Қарағай, Глубокий, Аякөз, Көкпекті аудандарының, Семей қаласының 
мем.вет. инспекторлері (аты-жөні жазылуы қажет) 2002 жылы ақпан айында 
Шығыс Қазақстан облысында Қаз.ҰАУ ғалымдары (Т.С.Сайдулдин, Е.И. 
Қасымов т.б.) ұсынған штамм 82 SR- вакцинасының қолданылу нәтижесін 
қадағалау және іш тастаған мал анықталған ауылдық округтерде, оның 
себебін білу мақсатында комиссиялық індеттанулық зерттеулер жүргізіп, 
төмендегідей нәтижелер алдық. 
Жарма ауданының ауылдық аймақтарында, барлығы 31324 сиыр мен 
тайыншылар 2001 жылы маусым, шілде айларында штамм 82 SR 
вакцинасымен егілген. Олардың 16535-і ұрыққа баратын, қалғандары 5-10 
айлық бұзау-тайыншалар тобынан болған. Иммундеу кезінде табындарында 
10-15% 1-3 айлық буаздық кезеңдегі малдың болғанына қарамастан, табын-
дарда вакцинаның себебінен сиырлар мен құнажындардың іш тастауы жыл 
соңына дейін анықталмаған, егілген мал қалыпты жағдайда бұзаулаған.
Зырян ауданында штамм 82 SR- вакцинасымен 1834 ұрықтандыру 
жасындағы тайыншылар, 8534 бруцеллезге қарсы вакциналық иммунды 
фоны жоқ сауын сиырлар 2001 жылы мамыр-маусым айларында иммун-
делген. Вакцинаның кеш қолданылуына қарамастан (табындарға бұқалар 
мамыр айынан бастап қосылған), егілген сауын сиырлар мен тайыншалар 
арасынан жыл соңына дейін малдың іш тастауы анықталмаған. Аудан 
бойынша тек қана 2001 жылы қараша және 2002 жылы қаңтар айында 5 
малдың іш тастауы тіркелген. Ауданның бас мал дәрігері Г.С.Овечкиннің 
тұжырымдауына карағанда, бұл малдардың іш тастауына жеке сектордағы 
адамдардың соңғы буаздық кезеңдегі малды үсіген асқабақпен азықтанды-
рылуы себеп болған. Бактериологиялық зерттеуде түсіктер бруцеллезге теріс 
нәтижелер көрсеткен.
Қатонқарағай ауданында 2001 жылы маусым-тамыз айларында штамм 
82 SR-вакцинасымен 23260 сиыр малы егілген, оның 5040-ы 5-8 айлық, 5120-
ы ұрықтандыру жасындағы тайыншалар және 13100-і бұрын бруцеллезге 
қарсы егілмеген аналық сиырлар тобынан болған. Вакцина қолданылған 13 
ауылдық аймақтың 12-сінде малдың іш тастауы жыл соңына дейін анық-
талмаған. Тек қана «Черновинский» ауылдық әкімшілікке қарасты 
«Ақмарал» ауылында 2002 жылы қаңтар айында 6 жағдайда малдың іш 
тастағаны орын алған. Індеттанулық зерттеу нәтижесі негізінде іш тастау 
туытқа жақындаған суалған малдар арасынан болғаны, бактериологиялық 
зерттеу түсіктерден бруцеллез қоздырушысының анықталмағаны белгілі 
болды. Малдың іш тастауы тіркелген жеке шаруа қожалығындағы 32 сиырды 
2002 жылы қаңтар айында серологиялық реакциялармен тексергенде
вакцина қолданылмаған бір жасқа дейінгі бұзау-тайыншылар арасынан 4-і 


56 
бруцеллезге оң нәтиже бергені, сонымен қатар шаруашылықтағы 25 қой-
ешкінің 3-уі бруцеллезге шыққаны белгілі болды.
Глубокий ауданында штамм 82 SR- вакцинасымен 2001 жылы маусым-
шілде, соңы тамыз айында, барлығы – 18954 мал егілген, оның 3601-і 5-8 
айлық тайыншалар, 3462-і ұрыққа баратын жастағы тайыншалар мен 
құнажындар, 11891-і бұрын бруцеллезге қарсы егілмеген сауын сиырлар. 
Вакцина 16 ауылдық аймақта қолданылып, оның 15-інде малдың іш тастау 
жағдайы анықталмаған, егілгендері қалыпты жағдайда бұзаулаған. Тек 
«Глубочанка» шаруа қожалығында буаздықтың соңғы кезіндегі 6 суалған 
сиырдың 2001 жылы желтоқсан және 2002 жылдың қаңтар айларында іш 
тастағаны айтылады. Бактериологиялық зерттеуге тек қана 1 түсік жіберіліп, 
бруцеллезге теріс нәтиже алынған. Індеттанулық зерттеу кезінде, шаруашы-
лықта суалған буаз мал, сауын сиыр табындарымен бірге ұсталатыны және 
малдың серуендеуге шығатын қақпасы тар екені анықталды. Сондықтан бұл 
шаруашылықта іш тастаудың байқалуы буаз малдың механикалық 
зақымдалуынан болуы да жоққа шығарылмайды.
Аякөз ауданында штамм 82 SR- вакцинасымен 2001 жылы мамыр, 
маусым айларында 7362 ұрықтандыру жасындағы тайыншалар, 8292 сауын 
сиырлар алғаш рет егілген. Егілген мал арасынан жыл соңына дейін іш тастау 
жағдайы анықталмаған. Иммунделген мал қалыпты жағдайда бұзауланған. 
Тек қана 2002 жылы қаңтар айында үш ауылда бір-бірден, барлығы – 3 мал 
соңғы буаздық айларында іш тастаған. Бактериологиялық зерттеуде түсік-
терден бруцеллез қоздырушысы анықталмаған.
Семей қаласына қарасты 14 ауылдық аймақта 2001 жылы мамыр-
маусым айларында штамм 82 SR- вакцинасымен 1531 ұрықтандыру жасын-
дағы тайыншалар және 4119 сауын сиыр егілген. Вакцина, алғаш рет 
вакциналық иммунды фон жоқ сауын сиырда қолданылған. Препарат 
қолданылған кезде табындарда 1-3 айлық буаздық кезеңдегі малдың болға-
нына қарамастан, жыл соңына дейін егілгендерінің арасынан іш тастау 
жағдайы анықталмаған, иммунделген мал қалыпты жағдайда бұзаулаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет