Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет33/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   121
ҚОРЫТЫНДЫ. 1998-1999 жылдары штамм 82 SR- вакцинасының жеке 
меншіктегі тайыншаларда, 2000 жылдан бастап, иммундық фонының 
болмауына қарамастан сауын сиырда кең түрде қолданылуы нәтижесінде 
індеттік жағдай тұрақталып, жақсара бастаған. 
Препараттың аналогына (иммуногендік, реактогендік қасиеттері 
бойынша стандартталмай Ресей технологиясымен өндірілетін штамм 82 
вакцинасына) қарағандағы тиімділігі вакциналық иммунды фоны жоқ 1-3 
айлық буаздық кезеңдегі сауын сиырлар мен құнажындарға қолданғанда 
оларға іш тастатпағаны және төменгі агглютининдік қасиеті. Соңғылары 
вакцинаның иммуногендік, реактогендік және абортогендік қасиеттері 
бойынша стандарттылығымен түсіндіріледі.


57 
Қазақстанда сиыр бруцеллезiне қарсы штамм 82 SR- вакцинасын кең 
түрде түрлi мал топтарында Ресейде өндiрiлетiн оның аналогының орнына 
қолдану ұсынылады. 
Қолтаңбалар: 
4-үлгi Індеттанулық зерттеу актiсi 
1 қараша 2003. Шығыс Қазақстан облысы 
Бастаушы ауылдық округi 
Бiз, төменде қол қойғандар: ҚР АШМ ветеринария департаментiнiң бас 
маманы Қалиев Б.Қ., ҚазҰАУ-дың доцентi.Қасымов Е.И, республикалық 
ветеринария лабораториясының жетекшi маманы Мұхамедқалиев М.Н., 
облыстың мемлекеттiк ветеринария инспекторы Жақыпбаев А.Ш., мем.вет. 
бақылау бөлiмiнiң бас маманы Қабдолданов Т.А., Жарма, Зырян, Қатон-
Қарағай, Глубокий, Аякөз, Көкпекті аудандарының, Семей қаласының 
мем.вет. инспекторлері (аты-жөні жазылуы қажет) 2003 жылы желтоқсан 
айында Шығыс Қазақстан облысы Бастаушы ауылдық округінде сиыр 
малының жаппай іш тастау себебін анықтау мақсатында комиссиялық түрде 
індеттанулық зерттеулер жүргізіп, төмендегідей нәтижелер алдық. 
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына қарасты «Бастаушы» 
ауылдық әкімшілік округінде сауықтыру шаралары «Мал бруцеллезін 
дауалау және одан арылу» нұсқауында көрсетілген ережелерге сәйкес 
орындалмай, төмендегідей қателіктермен жүргізілгені белгілі болды.
Індеттанулық зерттеу кезінде бұл ауылдық округте орналасқан 
шаруашылық 1992 жылдан бері сиыр бруцеллезінен сау емес деп саналғаны, 
1996 жылы мемлекеттік ауыл шаруашылық объектілерін (совхоз, колхоздар) 
жекешелендіру бағдарламасы бойынша, бруцеллезден сау емес колхоздағы 
сиыр табындары (барлығы 500 бас) бұл аурудан сауықтырылмай, жекемен-
шікке толық таратылып, берілгені анықталды. 1996-2000 жылдарда жүргізіл-
ген кезекті маусымдық серологиялық зерттеулерде табындардан бруцеллез 
мал тұрақты анықталып отырылған. 1996 жылы 46 мал, 1997 жылы – 15, 1998 
жыл – 38, 1999 жылы – 21, ал 2000 жылы бірінші рет зерттелген 1525 сиыр-
дың 8-і, ал қайталап зерттелген 3616 малдың 12-сі бруцеллезге шығып, етке 
сойылған. 
2000 жылы желтоқсан айында «Бастаушы» ауылдық-әкімшілік террито-
риясы бойынша бруцеллезден карантин жарияланып, сауықтыру шаралары-
ның жоспары «Бруцеллезді дауалау және одан арылу» нұсқауының 8.4.2. 
пунктінде көрсетілген жүйелі серологиялық зерттеулерді қолдану ережеле-
ріне сәйкес құрылып, Көкпекті аудандық территориялық басқармасында 
бекітілген.
Сауықтыру жоспары бойынша жүргізілген 1-ші серологиялық зерттеуде 
тексерілген 2229 сиырдың барлығы бруцеллезге теріс нәтиже көрсеткен.


58 
Екінші серологиялық зерттеуге 1542 мал қамтылып, оның 5-уі АР-мен 
бруцеллезге шыққан. Зерттелген 33 иттің біреуі ауруға оң нәтиже көрсеткен. 
Барлық ауылдағы мал бойынша бруцеллезге 2 рет теріс нәтижелер 
алынбай, серологиялық зерттеулерден кейін 860 м
2
мал объектілері дезин-
фекцияланып (лабораториялық сараптамалар №234-294, 20.11.2001), 
қыркүйек-қазан, соңы қараша айларында бұрын бруцеллезге қарсы вакцина 
қолданылмаған (иммунды фоны жоқ), буаздық кезеңнің 2-жартысындағы 
1496 сауын сиыр, 438 құнажын штамм 82 SR вакцинасымен жаппай егіліп, 
бруцеллезден сау емес пункттен карантин алынып, 3 айға шектеу қалды-
рылған. Алайда, бруцеллезді дауалау және одан арылу шаралары нұсқауы-
ның 8.4.2.1.3. пунктінде көрсетілген ереже бойынша бруцеллезден сау емес 
пункттегі барлық мал ауруға 2 рет теріс нәтиже бергенде ғана карантин 
алынып, 3 айға шектеу қалдырылып, бұл мезгілде бруцеллезге қатарынан 2 
рет (әр бір жарым айда) барлық мал бойынша теріс нәтиже алынған жағдайда 
ғана штамм 82 SR вакцинасымен егілуі керек еді. Сауықтыру шараларын 
жүргізген «Кард» ЖШС мамандары нұсқаудағы ережелерге сәйкес құрылған 
сауықтыру жоспарындағы көрсетілген арнайы шаралардың дұрыс орындал-
мауының себебінен, індеттен сау емес пунктті 1 жылда сауықтыруға бөлінген 
тендерлік қаражатты жыл соңына дейін игеру қажеттілігімен түсіндіреді. 
Сауықтыру жоспарындағы арнайы шаралардың дұрыс орындалмауына 
байланысты 2001 жылы желтоқсан, 2002 жылы қаңтар айларында 
«Бастаушы» ауылында буаздық кезеңінің соңғы айларында иммунделген 
1934 мал арасынан 26 сиыр мен құнажынның іш тастағаны анықталды. Іш 
тастаған малдың 17-сі 5-10 жасар сиырлар, 9-ы бірінші рет бұзаулайтын 
құнажын мен дөнежін мал, түсіктің абсолютті көпшілігі уақытынан ерте 
туылған немесе өміршең емес (туғаннан кейінгі бірінші күндері өлген) 
төлдер екені белгілі болды. Іш тастаған малда бруцеллезге тән клиникалық 
белгілер: шудың түспеуі, эндометрит байқалған. Лабораториялық зерттеуге 
11 түсік жіберіліп, олардың 5-уінен бруцеллез қоздырушысы анықталған.
ҚОРЫТЫНДЫ. Бруцеллезден сау емес пункті сауықтыруға қажетті 
бақылаулық зерттеулердің жүргізілмеуіне байланысты, анықталмай қалған – 
бруцеллез қоздырушысын жасырын тасымалдаушы мал организмінде, 
инфекциялық процестің жіті өршуіне (малдың іш тастауына) вакцинаның 
малға соңғы буаздық айларында қолданылуы түрткі болған.
Қолтаңбалар: 
Студенттердiң өзiндiк жұмысына тапсырма: 
1. Шаруашылықта немесе ауылдық округте, болмаса басқа да жануарлар 
фермаларында (аң, құс, балық, т.б.) iндеттанулық зерттеу жүргiзiп, акт 
толтыру, келесi сабақта оны талдау, қорғау. 
8-тәжірибелік сабақ. Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет