Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Індетке қарсы шараларды жоспарлау негіздері



Pdf көрінісі
бет55/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   121
Індетке қарсы шараларды жоспарлау негіздері. Індетке қарсы 
шаралар ауылдық округ шеңберінде орналасқан жеке шаруашылық 
субъектілері, аудан, облыс және республика бойынша жоспарланады. Аудан 
көлемінде жүргізілетін індетке қарсы дауалау және індет ошағынан арылу 
шараларын жобалағанда облыстық (республика) ветеринария бөлімінің 
дайындаған нұсқауларын басшылыққа алады. Бұндай нұсқаулардың қажетті-
лігі төмендегі негізгі себептерден туындайды: 
1. Ветеринария бөлімдері республикадағы, облыстағы және көрші 
аймақтардағы індеттік жағдайды мониторинг жасау арқылы біліп, жұқпалы 
аурулардың таралу мүмкіндіктерін болжай алады.
2. Ветеринария бөлімдері бөлінген бюджет қаражатын мақсатты бағытта 
жұмсалуын қадағалайды. Сонымен қатар ветеринария лабораторияларының 
мүмкіндіктерін біледі және қажет болған жағдайда олардың жұмысын 
координациялай алады.
3. Ветеринария бөлімдері ғылыми жетістіктер жайындағы мәліметтерге 
қанық және оларды іс жүзінде практикада қолдануға мүмкіндіктері бар.
Аталған негізгі сұрақтарды білмей, ауылдық округ, аудан, облыс, 
республика көлемінде індетке қарсы шараларды тиімді жоспарлау мүмкін 
емес.
Методикалық нұсқауды дайындағанда барлық ұсыныстар негізделіп, 
жасалуы керек. Негізделмеген ұсыныстар, қажетсіз сақтандырулар мемлекет 
үшін өте қымбатқа түседі. Мысалы сиыр табынын сауықтыруға немесе 
індеттік ахуалды бақылауға АР, КБР, КҰБР, РБС әдістері кешенді түрде 
қолданылады. Олардың орнына тиімді СР әдісін немесе ИФТ-ны қолдану 
арқылы көптеген қаражатты үнемдеуге болады. Сонымен қатар табынды 
бруцеллезден сауықтыруда тиімді әдістерді қолдану арқылы, сауықтыруға 


90 
қажетті бақылаулық мерзімді 6 айдан 3 айға дейін қысқартуға болады. 
Әлбетте бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. 
Сондықтан әркез серологиялық зерттеу реттіліктерін, вакцинациялау 
схемаларын індеттік жағдайға байланысты ауданның бас ветеринария 
инспекторы (облыстың, республиканың мамандарымен келісіп) обьективті 
шешуі қажет.
Қазіргі кезде вакцина қолдану індетті дауалауда қолданылатын негізгі 
әдіс емес. Малды жаппай вакцинациялау індеттен сау емес пункттің қатер 
төнген аймағында ғана жүргізілуі қажет. Ал сауықтыру шаралары бұрынғы 
кездегідей кең алқапты індеттен сау емес пункт шеңберінде емес, індет 
ошағында жүргізілуі керек.
Вирустық ауруларға (құс тұмауы, аусыл, сиыр обасы) қарсы 
вакцинациялау қауіп төнген кездерде, қатерлі аймақтарда жоспарланады.
Жалпы дауалау шаралары шаруашылықтар мен фермаларды қоршау
оларда зоогигиеналық тәртіптерді, ветсанитариялық шараларды сақтап, 
жануарлардың резистенттілігін арттыруға, шекараны жұқпалы аурулардан 
қорғауға негізделуі қажет.
Әрине жұқпалы аурулардың белгiлi бiр мемлекет аралық шекарасы бол-
майды. Бұл тұрғыда Қазақстан мемлекетi халықаралық ұйымдардың (FAO, 
WHO, OIE) зоосанитариялық ережелерi мен iндеттi бақылау, қадағалау 
моделін назарға ала отырып, індетке қарсы шараларды елiмiздiң экономика-
лық жағдайына, табиғи ерекшелiктерiне, өндiрiлетiн биологиялық препарат-
тарға байланысты сәйкестендiрiп қолдануы кажет. Әлбетте, жұқпалы ауру-
ларға қарсы күрес шаралары ғылыми iзденiстерге, озық тәжірибелерге 
негізделіп, жетілдіріледі.
OIE 2005 жылы жұқпалы ауруларды жаңадан тiзiмдедi. Оларды 
тiзiмдеудегi ұстанылған негiзгi критерилер 5-кестеде көрсетiлген. 
5-кесте. OIE-нiң жұқпалы ауруларды жаңадан тiзiмдегендегi ұстанған 
негiзгi критерилерi 
Негiзгi критерилер 
(өлшемдер) 
Параметрлерi
(тек бiр ғана жауап критерилердiң орындалуын 
көрсетедi) 
Мемлекет арасында таралуы 
Мемлекет осы аурудан сау деп саналған ба? 
НЕМЕСЕ 
Ауруға бейiм жануарлар популяциясы бар мемле-
кеттер бар ма (жер кодексiне сәйкес)? НЕМЕСЕ 
OIE-нiң жылдық есебi бойынша осы аурулардан 
соңғы жылдары сау мемлекеттер саны басым ба? 
Популяциялар арасында кең 
таралуы 
Мемлекет немесе аймақ шеңберiнде өлiм деңгейi 
осы ауруға байланысты ма? НЕМЕСЕ 
Мемлекет немесе аймақ шеңберiнде ауруға 
шалдығу деңгейi осы ауруға байланысты ма? 
Зоонотикалық потенциалы 
Адамға берiлуi дәлелденген бе (ғылыми экспери-
менттен басқа)? ЖӘНЕ 


91 
ЖҰққанда адамдарды ауыр жағдайға (өлiм, 
созылмалы түрде ауру) душар ете ме? 
Эмергенттi аурулар 
Аурудың жылдам таралуы (зоонотикалық потен-
циалдарымен) байқала ма? 
Жоғарыда қарастырылған ветеринария-санитариялық ережелер, шешім-
дер республиканың ветеринариялық бөлімдерінің індетке карсы шараларды 
жоспарлауға арналған ұсыныстарын дайындағанда назарға алынуы қажет. 
5-кестедегi критерилер бойынша 15-суретте көрсетiлген схемадағы 
шешiмдер қабылданады. 
ХаМмМММММММММммммм 
М 
АЛЫП ТАСТАУ ҚОСУ ҚОСУ АЛЫП ТАСТАУ 
15-сурет. Шешiм қабылдау негiзi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет