Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет54/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   121
 
 
13-сурет. Биологиялық препаратты бұлшық етке егу. 
Аэрозольдік вакцинация аз уақыт ішінде (1-3 тәулікте) иммунитет 
қалыптастыратын штамдардан дайындалған препараттарды қолданған тиімді. 
Ондай вакцина аталған тәсілмен қолданғанда ауруды тез арада дауалауға 
мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс қора-жайдың герметикаландырылуын және 
арнайы бүріккіш механизмдерді қажет етеді. Осы мақсатта орысша 
қысқартылған атауларымен аталатын САГ-1, САГ-2 (струйный аэрозольный 
генератор) аэрозольды генераторлары қолданылады (14-сурет). 
 
 
14-сурет. Құсты САГ-1 аэрозольды генероторы арқылы иммундеу. 
 
Вакцинациялауға құжаттар толтыру тәртіптері. Жүргізілген вакци-
нацияға акт жасалынады. Актіде мал дәрігерінің қолымен қатар оған 
қатысқан шаруашылық мамандары да қол қояды. Бұл заңды құжат, онда 
төмендегі деректер қамтылады: 
- толтырылған күні; 
- вакцина жүргізілген жері (ферма, ауылдық округ, т.б); 
- вакцинацияланған мал түрі, саны; 


89 
- қандай ауруларға және қандай мақсатта (дауалау, еріксіз) вакцинаның 
қолданылғаны; 
- вакцина өндірілген биофабрика аты, преператтың сериясы, өндірілген 
күні және қолдану мерзімі. 
14- тәжірибелік сабақ. Індетке қарсы шараларды жоспарлау және
карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру 
 
Сабақтың мақсаты. Індеттік жағдайды дұрыс бағалау арқылы індетке 
қарсы шаралардың стратегиясы мен тактикасын айқындау. Жұқпалы ауру-
ларды дауалау және індет ошағынан арылу шараларын жоспарлау негіздерін 
түсіндіру.
Қажетті жабдықтар. Індеттік карталар, ветеринариялық құжаттар,
халықаралық ветеринариялық кодекс, ветеринариялық заңдылық кітаптары. 
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізі-
леді. Студенттер індет процесі туралы білген білімдерін басшылыққа алып, 
жұқпалы ауруларды дауалау, індет ошағынан арылу шараларын жоспарлау 
негіздерін меңгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет