Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет77/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   121
І. Індеттік жағдай. Жазғы жайылым кезінде қой отарында 4 қой аяқ 
астынан өлімге шалдыққан. Шопанның айтуы бойынша қойлардың құйрық-
тары жыбырлап, секіріп-секіріп құлаған, аяқтары тыпырлап тез арада өлген. 
Барлық өлекселердің іштері кеуіп, теңкиіп ісініп кеткені байқалады. Екеуінің 
табиғи тесіктерінен қан аралас ағындылар аққан. Мұның алдында ешқандай 
вакцина қолданылмаған. Алдын-ала қойылған балау – секіртпе.
Т а п с ы р м а:
1. Аурудың нақтылы балауын қою үшін қандай зерттеулер жүргізу 
қажеттігін, қай инфекциялардан ажырату керектігін көрсетіңіз.


148 
2. Анықталған инфекция бойынша сауықтыру және дауалау шаралары-
ның жоспарын құрыңыз.
 
ІІ. ІСКЕРЛІК ОЙЫН.
Аурулардың сәйкес қоздырушыларын табыңыз: 
А. Клостридиоздар қоздырушылары 
Б. Некробактериоздар қоздырушылары 
а) fusobacterium necrophorum; 
б) Cl.septicum; 
в) bacteroides nodosus;
г) Cl.perfringens. 
Жауап варианттары: 1) Б – а, г; 2) А – б, г; 3) А – б, в; 4) Б – а, в. 
18-зертханалық сабақ. Бұзаутазды балау, дауалау және сауықтыру 
шаралары 
 
Қ а ж е т т i ж а б д ы қ т а р: Ауру малдан алынған материал 5%-ды 
күйдiргiш натрий немесе калий ерiтiндiлерi, 50%-ды глицерин, төсенiш және 
жабынды шыны әйнектер, шанышқы ретiнде – инелер, спирт шамдары, 
биологиялық микроскоптар, ЛТФ-130, СП-1, Ментовак вакциналары, көрнекi 
құралдар, арнайы нұсқаулар. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра зертханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы бұзаутаздың жануарлардағы ерек-
шелiктерiне талдау жасалынып, ажыратып балауға баса назар аударылады. 
Студенттер лабораториялық зерттеуге материал алу оны зерттеу әдістеме-
лерін игерiп, дауалау, одан арылу шараларына арналған тапсырмаларды 
орындайды.
Б ұ з а у т а з д ы б а л а у. Бұзаутазды әр түрлi жануарлармен құста 
трихофитон, микроспорум ахорион саңырауқұлақтары қоздыратынын 
“Бұзаутаз” немесе “Трихофитоз”, микроспорум қоздыратын “Микроспо-
ридоз”, ал ахорион қоздыратынын – “Парша” деп атайды. 
Трихофитон саңырауқұлақтары бiрнеше түрге бөлiнедi. Оларға төрт 
түлiк малдың iшiнде, әсiресе сиырдың бұзауы мен түйенiң ботасы өте бейiм. 
Микроспорум саңырауқұлақтарына бейiмдiлер: мысық, ит, жылқы, терiсi 
бағалы аң, маймыл, тигр және адам (әсiресе балалар). Ахорион саңырау-
құлақтарының түрлерiне құс пен адам бейiм. Саңырауқұлақтардың бұл түрi 
сүт қоректiлер арасында ауруды өте сирек қоздырады.
Б ұ з а у т а з д ы ң б а л а у ы. Iндеттанулық, клиникалық
лабораториялық әдiстердi қолдану арқылы қойылады.
Iндеттанулық талдау жасағанда iндеттiң ауырған мал арқылы тарала-
тыны ескерiлiп, шаруашылық орналасқан елдi мекеннiң бұзаутаздан iндеттiк 
жағдайы, ондағы малдың жеке адамдардағы малмен өрiстегi, суаттардағы 


149 
қатынастары, шаруашылыққа сырттан малдың жаңадан қабылданғаны 
анықталынады.
Бұзаутазды к л и н и к а л ы қ белгiлерi арқылы диагностикалау қиындық 
тудырмайды. Ауырған бұзаудың бас, мойын терiсiнен домалақ формалы бетi 
қабықтанып (қабықшалардың айналасы қиылып, үгiлiп тұрады), асты сулы-
iрiңденiп тұратын жараларды көрiп бұзаутазға нақтылы балау қоюға болады. 
Ауруды қоздырушы саңырауқұлақтардың түрi лабораториялық зерттеу 
арқылы ажыратылады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у материалды дұрыс алудан, оны 
микроскопиялаудан, арнайы қоректiк орталарда патогендi саңырауқұлақ-
тардан таза өсiн бөлiп алудан тұрады. Зерттеуге зақымданған терiнiң беткi 
қабатының қырындысы (жүн талшықтарымен бiрге), жараның астыңғы 
ылғалды қабыршықтары алынып iшiнде 10%-ды күйдiргiш натрий немесе 
калий ерiтiндiсi бар Петри ыдысына салынады. Зерттеу алдында материал 
ыдысымен бiрге 20-30 минут термостатта (37-38
0
С) немесе аздап қызды-
рылып инемен ажыратылады. Ажыратылған материалдың бiр бөлiгi төсенiш 
шыныға тамызылып, глицерин тамшысына орналастырылып (бетi жабынды 
шынымен бастырылады), микроскоппен қаралады. Зақымданған жүн 
талшықтарының iшiнде және сыртында трихофитон саңырауқұлақтарының 
споралары қатарласып, ал микроспорум споралары шашылып орналасады. 
Бұларды ажырату үшiн люминисценттi микроскопты қолдану қажет. 
Микроспорумдар ультракүлгiн сәулелердiң әсерiнен ашық жасыл изумруд 
түрiнде жарық (флюоресценция) бередi. Керiсiнше трихофитон саңырауқұ-
лақтары жарқырамайды (флюоресценция бермейдi). Ахорион саңырауқұлақ-
тары домалақ немесе көп бұрышты споралар түрiнде зақымданған жүн 
талшығының бойымен орналасады. Олардың арасынан ауа көпiршiктерiн 
(қара дақтар түрiнде), май тамшыларын көруге болады. 
Саңырауқұлақтардың таза өсiнiн бөлiп алу мақсатымен сiлтiлi ерiтiн-
дiлердiң бiрiнде ұсталынған материал, физиологиялық ерiтiндiде жуылады 
(центрифугалау арқылы). Зерттеу материалынан үзiлiп шыққан жүн талшық-
тарының 1-2 см үзiндiлерi Сабура, Сусло-агар немесе Чапек қоректiк 
орталардың бiрiне орналастырылады. Материал өсiрiлетiн қоректiк орта 
ауалы (аэробты) кеңiстiкте (26-28
0
С) сақталуы қажет. Микробтардың өспеуi 
үшiн, қоректiк ортаға пеницилин мен стрептомицин қосылады.
Қоректiк орталарда өсiндердiң өнiп шығу мерзiмi зерттелген 
материалдағы саңырауқұлақтардың түрлерiне, олардың морфологиялық, т.б. 
қасиеттерiне байланысты.
Б и о л о г и я л ы қ с ы н а м а теңiз тышқанына немесе қоянға 
қойылады. Ол үшiн патологиялық материалдан немесе қоректiк ортада 
өсiрiлiп, бөлiнiп алынған өсiннiң езiндiсi лабораториялық жануарлардың 
арнайы қырылған немесе тырналған терiсiне ысқыланып жағылады. 


150 
Д а у а л а у ж ә н е а р ы л у ш а р а л а р ы. Осы мақсаттармен 
жүргiзiлетiн жалпы және арнайы шаралар нұсқауларда көрсетiлген ереже-
лерге сәйкес жүргiзiледi. 
Трихофитон саңырауқұлақтары қоздыратын бұзаутазды дауалау 
мақсатында сиыр малы (әсiресе бұзау 1 айлығынан бастап) – ЛТФ-130, 
жылқы – СП-1, терiсi бағалы аңдар мен қоян – “Ментовак” вакциналарымен 
егiледi. Сонымен қатар мал қораларында зоогигиеналық микроклимат 
(әсiресе ылғалдылық) және басқада санитариялық нормативтер қатаң түрде 
сақталуы қажет. 
Бұзаутаз орын алған шаруашылықта немесе жеке ауладағы барлық 
жануарлар клиникалық әдiспен тексерiлiп, ауруға шалдыққандары саулардан 
оқшауланып, емделедi. Спецификалық ем ретiнде бұл iндеттi дауалау мақса-
тында қолданылатын арнайы вакциналар ауырған малға 2 рет ұлғайтылған 
дозада салынады. Мал немесе аң терiлерi өте қатты зақымданса, жоғарыда 
аталған телімді вакциналар 2 рет ұлғайтылған дозада 2-3 рет қайталанып 
қолданылады. Емделген малдың жарасының бетiндегi қабыршықтарды 
жұмсарту үшiн балық майы, вазелин, өсiмдiк майлары жағылады. 
Вакцина пайдаланбаған жағдайда малдың жаралары 5-10%-ды салицил 
майымен немесе 10%-ды салицил спиртiмен, 10%-ды йод тұнбасымен
фенолмен, күкiрт ангидридiмен, йодоформмен, бiр хлорлы йод, фунузан, 
брадовен, 3-10%-ды карбол қышқылдарымен, “Ям” майымен емделедi. 
Малдың күйiн көтеру үшiн түрлi витаминдер, гризеофульвин антибиотигi 
жеммен берiледi. Соңғысы жемге 20 мг (малдың тiрi салмағының әр 
килограмынан) қосылып, малға 1-2 апта бойы берiледi.
Микроспорум және ахорион саңырауқұлақтары қоздырған бұзаутаздың 
адамға жұғымталдығы ескерiлiп, iндет ошағында жұмыс iстейтiн адамдар 
зооантропонозды жұқпалы аурулардан сақтану ережелерiн қатаң түрде 
орындаулары шарт. 
19-зертханалық сабақ. Листериозды балау, дауалау және індет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет