Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет89/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   121
шаралары 
 
Керекті жабдықтар. Арнайы слайдтар, видеофильм, гемотологиялық
«лейкоз кілті» (сиыр лейкозын балау әдістемесі), диагностикумдар, 
патология-анатомиялық препараттар. 


166 
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында 
жүргізіледі. Студенттер балау әдістерімен танысып, оларды бағалайды.
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде ауру қоздрушысының бастауы ауру 
мал екені, табиғи жағдайда тұқым қуалау (ген арқылы) сонымен бірге ауру 
малдың сүті, тікелей және жанама жанасу жолдарымен, қан сорғыш 
кенелермен берілетіні ескеріледі. 
Вирус қан алатын ине, шәует арқылы берілетіні назарға алынып, сүт 
фермаларында вет.санитариялық шаралардың сақталуына мән беріледі. 
Зерттеу барысында малдың жасы, гематологиялық зертеу нәтижелері назарға 
алынады.
К л и н и к а л ы қ зерттеудің маңыздығы төмен, әйтсе де мал ұшасын 
сараптауда, басқа да тексерулерде ісіктерге мән беріледі. 
Г е м о т о л о г и я л ы қ балауда, қан элементтерінің сандық және 
сапалық көрсеткіштеріне «лейкоз кілті» бойынша талдау жасалынады. Қанда 
толық жетілмеген, атипикалық торшалардың болуы бұл ауруға күдік 
тудырады.
Лейкоциттер саны арнайы электрондық есептегіш құрал немесе Горяев 
камерасы арқылы есептеліп, лейкоцитарлық формула шығарылады.
Сау, лейкозға күдікті және ауру малдың лейкоциттері мен лимфо-
циттерінің сандық көрсеткіштері 8-кестеде көрсетілген.
Лейкозда қандағы өзгерістер тұрақты болмайды. 
С е р о л о г и я л ы қ зерттеумен сиыр малы 6 айлық тайынша кезінен 
зерттеледі. Осы мақсатта ИФР, КБР, ДПР, ИФТ, ГАР (жанама варианты) 
практикада қолданылады. Бұлардың ішінде ДПР мен ИФТ тиімді әдістер 
ретінде саналады.
8-кесте. Сау, ауруға күдікті және лейкозбен ауру сиырдың 1мм куб қанында 
лейкоциттер мен лимфоциттердің саны. 
Малдың 
жасы 
Сау малдың 
лейкоциттер 
саны 
Лимфоциттердің абс. саны 
лейкозға 
күдікті сиырдікі 
лейкозбен 
ауру сиырдікі
2-4 
11 000-ға дейін 
8000-10000 
10 000-нан жоғары 
4-6 
10 000-ға дейін 
6500-9000 
9000-нан жоғары 
6 жастан 
жоғары 
9000-ға дейін 
5500-8000 
8000-нан жоғары 
Е с к е р т у : кейбір созылмалы аурулар (перикардит, ретикулит, 
гепатохолангит, бауыр циррозы, туберкулез, бруцеллез, т.б.) да лейкоцитоз 
болатыны ескерілуі қажет. 


167 
Серологиялық реакциялар лейкозды дауалау, ал сау емес шаруашы-
лықтарда сауықтыру мақсатында қолданылады. Лейкоздан табынды сауық-
тыру шаралары арнайы нұсқауда көрсетілген. 
22- тәжірибелік сабақ. Сиырдың респираторлы вирустық ауруларын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет