38
3-сурет. Туберкулин енгізілетін тері жүнінің қосу тәріздес қырқылуы.
Оң реакция көздiң қызаруымен
конъюнктиваның домбығуымен, iрiңдi
экссудатпен сипатталады. Зерттеудi мал қораларында жүргiзгенде ауаның
шаңдалмауын аммиак, т.б. газдардың жинақталмауын қадағалау қажет. Ол
үшiн қора-жай желдетiлуi қажет.
Бұл сынаманы жылқы маңқасын, сиырдың туберкулезiн балауға
ветеринариялық практикада кең түрде қолданады.
Т е р i i ш i н е қ о л д а н ы л а т ы н а л л е р г и я л ы қ с ы н а м а.
Бұл әдiс оңай болып көрiнгенiмен өте мұқият түрде орындауды қажет етедi.
Аллергендi сиыр мен жылқыға мойнының 1/3 бөлiгiне (3-сурет);
қойға
құйрықтың астыңғы терiсiне, көздiң астыңғы қабағына немесе жамбастың
iшкi жағына; шошқаға құлақтың (сыртқы жағынан) түбiне жақын терiсiне;
құстың - сақалшасына; ит, маймыл, терiсi бағалы аңдарға – жамбастың жүнi
жоқ
iшкi жағына немесе шынтаққа; құндызға – көздiң үстiңгi қабағына;
түйеге – құрсақ қуысының (қарынның) үстiңгi 1/3 бөлiгiне қолданады.
Аллерген жiберер алдында терiнiң жүнi қосу үлгiсi тәрiздес қырқылып,
препарат алдын ала залалсыздандырылған сызықтың қиылысқан жерiне
енгiзiледi. Аллерген енгiзiлетiн терi аймағын дезинфекциялауға фенол, эфир
ерiтiндiлерiн қолдануға болмайды. Себебi олар терiнi тiтiркендiредi және тез
арада кеуiп кетпейдi. Сондықтан бұл мақсатта 70%-ды этил спиртi (гидролиз
спирт) практикада кең түрде қолданылады.
Аллергиялық зерттеу жүргiзуден 1 күн бұрын зерттелетiн мал тiзiмделiп,
клиникалық зерттеледi. Алдын ала 2 грамдық пiскектер,
арнайы инелер
дайындалып стерильденедi.
Соңғы жылдары аллергендi терi iшiне енгiзуге арналған инесiз
инъекторлар практикада кең түрде қолданылады. 4-суретте ветеринариялық
практикада туберкулинді тері ішіне енгізуге арналған инесіз инъектор
«Овод» көрсетілген. Ол зерттеушiнiң
жұмысын жеңiлдетедi, сонымен қатар
көмекшi адамдардың қажетi болмайды.
39
4-сурет. Инесiз инъектор «Овод».
Сынама нәтижелерiн есепке алу: қарау, пальпациялау арқылы iске
асырылады. Арнайы iсiнген терi аумағы кутиметр немесе штангенциркуль
арқылы өлшенедi. Бақылау ретiнде аллерген
егiлмеген терi аймағының қа-
лыңдығы өлшенуi қажет. Мiндеттi түрде оң нәтиже берген жағдайда терiнiң
қабынған жерiнiң аймағының қалыңдығы ғана емес, оның жергiлiктi
температурасының бар-жоғы пальпациялау арқылы анықталады.
Аллергиялық зерттеуге арнайы актi толтырылады.
Студенттердiң өзiндiк жұмыстарына тапсырмалар:
1. Реферат тақырыптары:
а) Аллергия және оның формалары;
ә) Инфекциялық
аллергияның ерекшелiктерi; аллергиялық зерттеудiң
iндеттке қарсы шаралар кешенiндегi ролi.
2. Төмендегi сұрақтарға жауап беру:
а) Аллергиялық зерттеуге қандай құрал-жабдықтар қажет?
ә) Сиырға, жылқыға, түйеге, доңызға, итке, құсқа, терiсi бағалы аңдар-
ға аллергендi қалай қолданады?