Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-тақырып. Инфекциялық ауруларға қарсы ветеринариялық-



Pdf көрінісі
бет43/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   121
 
2-тақырып. Инфекциялық ауруларға қарсы ветеринариялық-
санитариялық шаралар 
Ветеринариялық санитария, оның індетке қарсы күрес шаралары 
кешенінде қолданылуы. Жалпы ветеринариялық санитарияның негiзгi 
мақсаты малдан санитариялық тұрғыда жоғары сапалы адам денсаулығына 
зиянсыз өнiм алу. Ветеринария ғылымының негiзгi бiр саласы болып 
саналатын ветеринариялық санитария көптеген проблемалық мәселелердi 
шешедi. Атап айтқанда, сыртқы ортадағы патогендi және шартты патогендi 
микроорганизмдердi, ауру қоздырушыларын тасымалдаушыларды (кемiргiш-
тердi кейбiр жағдайда жабайы жыртқыштарды, қан сорғыш насекомдарды) 
жою, соңғыларының популяциясын азайту; ауру қоздырушыларымен зарар-


71 
ланған нәжiс, несеп, басқа да жануарлардан бөлiнiп шыққан экскремент-
тердi, мал өнiмдерiн зарарсыздандыру, өлекселердi утильдеу т.б. яғни, 
сыртқы ортаны экологиялық тұрғыда қорғау болып табылады. 
Ветеринариялық - санитариялық шаралардың бағыты сыртқы ортада 
ауру қоздырушыларының таралуына жол бермеу. Ал тарай қалған жағдайда 
оларды сыртқы ортадан жою. Қорыта келгенде, ветеринариялық санитария-
ның негiзгi мақсаты мал ауруларын дауалау (алдын алу). 
Ветеринариялық санитарияның барлық сұрақтары iндеттану және 
инфекциялық аурулар пәнiнде қарастырылмайды. Мысалы, судың, азықтың, 
ауаның, сонымен қатар мал фермаларының санитариялық талаптарын 
зоогигиена, ал мал өнiмдерiнiң тазалығын сараптау, бағалау, қажет болған 
жағдайда оларды зарарсыздандыру мәселелерiн ветеринария-санитариялық 
сараптау пәнi оқытады. 
Iндеттану ветеринариялық санитарияға қатысты дезинфекция, дезин-
секция, дератизация, мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыздандыру
өлексенi утильдеу мәселелерiн қарастырады. Практикалық сабақтарда 
студенттер дезинфекция, дезинсекция, дератизация әдiстерiн түрлi мал 
объектiлерi жағдайында меңгередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет