Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары



Pdf көрінісі
бет84/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   121
Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары. Індетті дауалау 
мақсатында сырттан әкелінген жылқы дауалық карантинде ұсталып, міндетті 
түрде жоғарыда көрсетілген серологиялық әдістермен зерттеледі. 
Ауру анықталған жағдайда індет ошағына карантин қойылып, ондағы 
жылқы малының температурасы күніне 2 рет өлшенеді.


159 
 
32-сурет. Маңқа мен жылқы анемиясы. 
А – маңқада танаудың кілегей қабығындағы түйіндер мен жаралар; Ә - 
маңқада санның ішкі жағындағы жаралар; Б – маңқада өкпедегі түйіндер; В 
– анемияда ішектің кілегей қабықтарындағы қанталаулар; Г – анемияда 
бауырдың айқын ойылымдануы; Ғ – анемияда көкбауыр фолликуласының 
гиперплазиясы. 
 
Індет ошағындағы барлық жылқы 3 топқа бөлінеді: ауру мал тобы, 
ауруға күдікті және бейім малдар. Бірінші топтағы малдар жойылады, екінші 
топтағылар клиникалық, гемотологиялық, серологиялық әдістермен зертте-
ліп, оларды бірінші немесе үшінші топқа ауыстырады. Үшінші топтағы мал 
температурасы күн сайын өлшеніп отырылады. Індет ошағында қан сорғыш 
насекомдарға қарсы ветсанитариялық шаралар орындалуы керек.
Карантинді алу шешімі індеттанулық зерттеу нәтижелері негізінде 
шығарылады.
21-зертханалық сабақ. Жылқы тұмауы мен ринопневманиясын балау, 
ажырату және дауалау шаралары
Керекті жабдықтар. Диагностикалық препараттар, ветеринариялық 
заңдылық. 
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргі-
зіледі. Студенттер жылқының респираторлық ауруларын балау, ажыратып 


160 
балау ерекшеліктеріне талдау жасап (төменде көрсетілген), диагностикалық 
әдістермен танысып, түрлі індеттік жағдайларға дайындаған оқытушының 
тапсырмаларын орындайды.
Студенттер сабаққа келгенде бұл аурулар жайындағы деректермен 
танысып, төмендегі сұрақтарға жауап берулері қажет.
1. Жылқының жіті өршитін респираторлы аурулары, олардың қозды-
рушылары қандай? 
2. Бұл аурулардың негізгі клиникалық белгілері қандай?
3. Аталған ауруларға қарсы қандай арнайы шаралар қолданылады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет