Негізгі бөлім Банктер мен банктен тыс мекемелерд



жүктеу 0.79 Mb.
бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5
7. Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі

Жеке басты және мүлікті сақтандыру бойынша есеп айырысулар. Сактандырушыларға сақтанушылар сақтық төлемдерінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерінен сактандырушылар қалыптастыратын ақша қорларының немесе басқа да активтерінің есебінен сактандыру өтемдерін төлеу арқылы белгілі бір сақтандыру жағдайларының туындаған кезінде жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастары болып табылады.

Сақтандыру былайша белінеді:

міндеттілік дәрежесіне карай: ерікті, міндетті:

сақтандыру объектісі бойынша; жеке, мүліктік;

сақтандыру төлемін жүзеге асырудың негізі бойынша: жинактық және жинақтық емес.

Міндетгі сактандыру — заң талаптарына қарай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі болып табылады. Міндетті сактаңдырудың түрлері заң актілерімен белгіленеді. Міндетті сақтандыруды жүргізудің төртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Өз өмірін және денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа заңдармен де, шарттармен де жүзеге асырылады.

Міндетті сактандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен сақтандырудың осы түрін реттейтін заңдарына сәйкес жасалады. Бірақ сақтанушы сактандырушыға зандарда көзделгеннен гөрі неғұрлым тиімді шарттарды ұсынуға құқылы.

Міндетті сақтандыру шартын сақтандырудың нақ осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сактандырушылар ғана жүзеге асыра алады. Мүндай шартты жасау сактандырушы үшін міндетті болып табылады.

Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудың осы түрін реттейтін заңдармен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру — тараптардың ерік білдірулеріне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі болып табылады. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Сақтандыру объектісі азаматтардын немесе заңды тұлғалардың мүддесіне сай етіп жасалынады. Сақтанушының заңға қарсы мүдделері сақтандырылмауға тиіс.

Өз өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін сактандыру кез келген азаматтың өзіне тікелей байланысты болып келеді.

Мүліктік сактандыруға мүлікті сактандыру және кәсіпкерлік тәуекелділікті, азаматтык-құкыктык жауапкершілікті коса алғанда, онымен байланысты баска да мүдделері сактандырылуы мүмкін.

Жинактык сактандырушы келісім-шартта белгіленген мерзімі өткеннен кейін, не сактандыру жағдайы туған кезде төленетін сақтандыру болып табылады, ал жинактық емес, сақтандыру тек қана сактандыру жағдайы туған кезде төленеді.

Сақтандыру сомасы - бұл акшаның сомасы, оны сақтандыру жағдайы келіп жеткен кезде, сақтандырылған сомасы барынша толық көлемінде сақтандыру ұйымынын төлеуге жауапты екендігін білдіреді.

Сақтандыру сыйлығы бұл акшаның сомасы, оны сақтанушы сақтандырушы мекемеге өзінің кабылдаған міндеттемесі бойынша сактандыру келісім-шартымен анықталған деңгейінде жасалатын төлем.

Сактандыру төлемі — бұл ақшаның сомасы, оны сақтандырушы мекеме сактанушыға сактандыру келісім-шарты келіп жеткен кезде немесе туындаған кезде, сақтандырылған сомасы барынша толық көлемде төленеді,

Сактандыру кызметі – бұл сақтандыру мен қайта сақтандыру келісім-шартын орындаумен және жасаумен байланысты сактандыру мекемесінін (ұйымның) сақтандыру қызметі, ол екі бағытта жүзеге асырылуы мүмкін: өмірін сақтандыру және жалпы сақтандыру.

Өмірін сақтандыру ерікті түрде жүзеге асады. Ал ол екі нысанда болуы мүмкін: өмірін сақтандыру және аннуитетті сактандыру.

Жалпы сактандыруға медициналық, автомобилдік, азаматтык-құқықтық т.б. сақтандырулар жатады.

8. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі

Дивиденттер дегеніміз – акционерлердің иелігінде болатын акциялардың саны (сомасы) мен түрлеріне карап, жыл сайын олардың акционерлерінің арасында табыс түрінде бөлінетін акционерлік коғамының табысының бір бөлігі.

Дивиденттер бойынша есеп айырысулар есебі үшін 3031 "Жай акциялар бойынша есеп айырысу", 3032 "Артыкшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу" шоттары пайдаланылады.

3031 "Жай акциялар бойынша есеп айырысу" шотында жай акциялар бойынша акционерлік коғамның (АҚ) есеп айырысуы есептелінеді, ол бүкіл акционерлік коғамның шығарған акциясынын, басым бөлігін кұрайды (75% және оданда жоғары). Жай акцияның иелері жалпы жиналысына катысуға, дивиденд алуға құқығы бар. АҚ жойылған кезде жай акциялардың иелері, осы акциялары үшін салынған каражаттарын олардың номиналдык бағасы бойынша кайтарып алуға құкылы, бірақ артыкшылығы бар акциялардын иелерін қанағаттандырғаннан кейін.

3032 "Артыкшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу" шотында артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлік коғамның есеп айырысуы есептелінеді. Оның үлесі жалпы жарғы капиталының 25%-нен аспауы керек. Артықшылығы бар акицялардың иелері бірінші кезекте дивиденд алуға құқылы, сондай-ак акцияға салған қаражаттарын, егер АҚ жойылса, номиналдық бағада кайтарып алады. Артықшылығы бар акциялардың иелері 10% деңгейінде, дивидендті алдын ала алуға кұкығы бар. Артықшылығы бар акциялар бойынша бұндай кепілденген дивиденд төлемдері акицяны шығармастан бұрын олардың жобасында карастырылады және дивидентті телеудің осындай тәртібі де онда тіркеледі. Артыкшылығы бар акцияларға төленетін дивиденттердің мөлшері жай акцияларға төленетін дивиденттерден кем болмауы тиіс, егер де ондай каражаттар болмай қалса, онда ол резервтік капиталдың есебінен төленеді.

Занды және жеке тұлғаларға төленетін дивиденттердін төлем көзінен 15% мөлшерлеме бойынша табыс салығы ұсталынады. Қазақстан Республикасында бұрын төлем көздерінен дивидент салықтары ұсталынған болса, онда оны ескеруіне құкығы бар, бірақ оны растайтын құжаттары болуы керек.

Жай және артыкшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерді төлеген кезде, әрбір акционер (жеке немесе занды тұлға) бойынша есеп айырысу жекетізімдемеде жүргізіледі.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, бухгалтерлік есептің Бас шоттар тізбегінде төлемдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алу үшін баланстан тыс екі шотын: 008 «Алынған міндеттемелерді қамту мен төлемдер» және 009 «Берілген міндеттемелерді қамту мен төлемдер» деген шоттарын пайдаланады.

Міндетемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үшінші тұлғаның кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полисі және т.б. болады. Кепілдеменің және кепілге салудың мәнін қарастырайық. Кепілдеме кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге (несие беруші кәсіпорынға) борышкерден (несие алушы кәсіпорыннан) алынуға тиісті соманың уақытында төленуін қамтамасыз ету үшін беріледі. Кепілдемені банктер, кәсіпорындар және мекемелер бере алады. Кепілдеменің мәні: борышкер-кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде төлей алмаған жағдайда банктер, кәсіпорындар немесе ұйымдар несиені төлеуді өз мойындарына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсіл ретінде кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі өндірістік және коммерциялық қызметтерінде аталған жағдай кеңінен қолданылып жүр.

Кепілдемеге байланысты кепілдік ролін атқарған кәсіпорындардың ортақ жауапкершілігі емес, жәрдем ету (қосымша) жауапкершілігі туындайды. Кепілдік ролін атқарған кәсіпорынның жауапкершілігінің көлемі, әдетте, қарыз алушы кәсіпорынның алған қаржысы бойынша өтелмеген сомасының шегінде шектеледі. Кепілгер, әдетте, несие беруші кәсіпорынның қарыздарын несие алушы кәсіпорындер кезінде қайтара алмау қауіптілігінен шығуы мүмкін, яғни кепілдік болған кәсіпорын шығынды жабуға арналған кепілдеме сомасынан процентті несие алушы кәсіпорыннан ұстап калады.

Яғни, бұл кепілдік шартты міндеттемелердің орындалуын камтамасыз етудің бір төсілі болып табылады.

Кредиторлардың талабын канағаттандыру үшін кепілдік келісім-шарттын рөсімделуін реттеуші ретіңде Қазакстан Республикасының №254-1 30 маусым 1998 жылы шыққан "Кепілдік мүліктің қозғалысын тіркеу туралы" заңы негізгі құжат болып табылады.

Осы заңға сәйкес кредитор (кепілдік ұстаушы), егер де қарызданушы өз міндеттемесін орындай алмаса, кепілдікке қойылған мүліктен берілген несиенің құнын ұстап қалуға құқылы.

Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап білдірушілердің талабын қанағаттандыру үшін олардың кезектілігін белгілеп, кепілдіктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы бойынша кез келген міндеттемені орындаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді (банкі несиені бергенде, құрал-жабдықты, каражатты уақытша пайдалануға алғанда, салып-сатуда, жалғада, жүкті тасымалдағанда т.б.). Кепілдік бұйымы (нәрсесі) кәсіпорыннын мүліктік айналысынан алынбауы мүмкін (ғимарат, қондырғы, өндіріс құралдары, бағалы қағаздар, ақша каражаттары, мүліктік кұқықтары т.б.), бірақ оларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өндіріп алуға (төлетуге) болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;

  2. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002;

  3. Қ.К.Кеулімжаев, З.Нжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономика;

  4. Қ.К.Кеулімжаев, З.Нжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономика;

  5. Мырзалиев Б.С, Сәтмырзаев А.А, Әбдішүкіров Р.С «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжіриебесі» Алматы 2008 жыл;

  6. Толпаков «Бухгалтерский учет»
1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет