Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:
- акцизделген тауарларды сыртқы (экспортқа) саткан жағдайда;
- мемлекеттік өкілетті органдармен аныкталған квота шегіндегі этил спирттері;
- медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер (бальзамнан басқасы); Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды
өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін және лотерея ойындарын жүргізу мен ұйымдастыруын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциздердін төлеушілері болып табылады.
Өндірілген тауардың бастапқы бағасы, яғни акциз бен ҚҚС қосылмаған таза бағасы салық мөлшерлемесін анықтаудың негізі болып табылады.
Акцизделетін тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі десалық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді.
Акциздер тауарлардың меншікті немесе өңдейтін шикізаттан өндірілетіндігіне қарамастан есептелінеді.
Импортталатын акцизге жататын тауарлар бойынша салық салынатын объекті Қазақстан Республикасының кеден зандарына сәйкес белгіленеді.
Акцизделген тауарды импорттау кезінде олар үшін акциздін тұрақты мөлшерлемесі белгіленеді. Сондықтан оның салық салынатын базасын аныктау үшін импортталған тауардың натуралды (заттай) көрсеткішінің көлемі алынады.
Ал адвалорлық әдісте салық базасы үшін импортталған тауардың кедендік кұны алынады. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу үшін ойын столы, ойын автоматының саны, тотализатор кассасы, букмекерлік кеңсенін кассасы алынады.
Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалайда, заттайда төленуі мүмкін. Әлеуметтік салыктың есебі 3140 шоттың "Әлеуметтік салық" деп аталатын сүбшотында жүреді.
Әлеуметтік салықты төлеушілер
|
Салық салынатын объектісі
|
Салық мөлшерлемесі
|
Салық кезеңі
|
ҚР-дағы заңды тұлға резиденттері, ҚР-да тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін жүзеге асырушы, резидент еместер
|
Еңбеккерлердің кез келген табысы, ақшалай да, заттай да нысанындағы
|
Шетел мамандарының - 11%. Қалған юасқа барлық еңбеккерлерден - 21%
|
Календарлық ай, әр тоқсан сайын есеп берімен бірге
|
Жеке нотариустар, адвокаттар
|
Еңбеккерлердің саны, салық төлеушінің өзін қоса есептегенде
|
Өзі үшін 3 айлық есептік көрсеткіші; Әбір жұмыскер үшін екі айлық есептік көрсеткіші
|
|
Жеке кәсіпкерлер
|
|
Айлықесептіккөрсеткіштен
|
|
Салықтың арнайы тәртібін қолдаушы (шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтары) жеке кәсіпкерлер
|
|
|
|
Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:
- мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен берілген гранттарға, төлемдерге;
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлыктарға;
- конкурстық, спорттык, жарыста жүлделі орындары үшін берілетін акшалай сыйлыктарға;
- кәсіпорындар өз кызметін тоқтаткан кезде жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
- пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
- жинак зейнетакы қорларына аударылған жарнасына;
- тікелей әлеуметтік көмеқ, жәрдем ақы және компенсация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;
- армия кызметкерлеріне арналған төлемдердің барлық түріне;
- қоғам жұмыстарын орындаумен байланысты төлемдерге;
- мемлекеттік бюджеттін каржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;
- заңмен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс-сапар шығыстарының компенсацияларына;
- босану мен екікабаттылық бойынша жәрдем ақыға;
- белгіленген мемлекеттік стипендияға;
- берілген арнайы киімдердің құнына;
- сақтандыру сыйлығына;
- қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік кұндарына;
- тағы басқаларына.
Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, калған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.
Жер салығы. Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3140 шотта көрініс табады. Салык салу мақсатында барлык жер Қазакстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым максатына және белгілі бір категорияға жататындығына карап қарастырылады.
Салық салуға жататын, жердің категориясы
|
Салық салуға жатпайтын, жердің категориясы
|
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер
|
Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар, сауықтыру, дем алатын, тарихи-мәдениетті мақсатқа арналған жерлер
|
Елді мекеннің жерлері
|
Орман қорлары
|
Өндірістранспортбайланысқорғанысжәнебасқадаауылшаруашылығынаарналмағанжерлері
|
Су қорлары
|
|
Жер қорлары
|
Жер салығы олардың меншік кұкын, тұракты пайдалану құкын, уақытша тегін пайдалану құкын растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр жылдың 1 каңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға үсынады.
Темір жол транспортын үйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте темір жол транспортын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер төлімдері, темір жол қарауына алынған жерлері, станциясы, вокзалы, жолдары салық салынатын объекті болып табылады.
Энергетика мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жүмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер телімдері, электр сымдарын ұстап тұратын бағаналармен байланысты жер телімдері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.
Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасмалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер телімдері, газ бен мұнай құбырларымен байланысты жер телімдері, салық салынатын объекті болып табылады.
Байланыс сферасының балансында тұрған жер телімдері салық салынатын объектісі болып табылады.
Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлеқеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді жене Қазақстан Республикасы зандарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрссткіші бойынша алынады.
Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол кою бонусы; коммерциялык табу бонусы.
Кол қою бонусы жер койнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапкы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті органдары белгілейді,не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол кою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына карай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Кол кою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.
Коммерцияық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Коммерциялық табу бонусы бұдан былайғы өндіру процесі көзделмеген пайдалы казбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Коммерциялык табу бонусынын мөлшері салық салынатын объектісінің төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде аныкталады.
Салық салынатын объектісі
|
Төлем есептелетін базасы
|
Бонустың мөлшерлемесі
|
Мемлекеттік органдарының осы мақсат үшін өкілеттілігі бекәткен пайдалы қазбалардың орнынан алынатын көлемі
|
Алынатын пайдалы қазбалардың бекітілген көлемінің құны. Төлем жүзеге асатын күніне сәйкес алынатын запастардың биржалық бағасынан шығатын құны
|
Коммерциялық табы бонусының мөлшерлемесі алынатын запастардың құнына сәйкес, пайыздық мөлшерлемесінде белгіленеді, бірақ олардың 0,1% кем болмауы тиіс.
|
Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда роялтиді, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында телеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.
Пайдалы казбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық толеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіңе, салық базасына жөне мөлшерлемесіне байланысты аныкталады.
Роялти көмірқышқылы қалкып жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:
-
контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышкылдық көлемінен алынады;
-
контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады. Алтын, қола, күміс т.б. кымбат металлдар мен тастарды ондірген кезде роялтидің тұракты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді. Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бүл жерде мынадай шарттар каралады:
-
бөлуге жататын енімніңжалпы көлемі;
-
Қазакстан Республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы (табыс әкелетін) өнімін анықтау;
-
пайдалы өнімді бөлудің нысаны (акшалай, заттай);
-
контракті бойынша орындалған жүмыска кеткен шығынды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін аныктау;
-
алынған үлестің ақшалай эквивалентіне өнімнің кұнын және бағасын белгілеу. Жер қойнауын пайдаланушылардын үлесі жалпы өндірілген қазба байлыктың 80%-тен аспауы керек. Өтелетін шығынның қүрамына:
-
контракт күшіне енгенге дейінгі жер койнауын пайдаланушылардың накты жүмсағаншығындарыенеді,яғни:жобаныңтехникалық-экономикалықнегіздеу, әзірлеу,дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жүмыстары.
-
контракт күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардын жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уакытына дейін созылады.
Компенсациондық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:
-
жер койнауын пайдаланушылардың құқын алу мақсатында конкурска қатысуы үшін төленген жарнасы;
-
геологиялық ақпараттарды алуға кеткен шығындары;
-
жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары;
-
шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстары;
-
экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;
-
соттың ісін қарауымен байланысты шығындары;
-
қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін төленетің пайыздық төлемдері;
-
кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;
-
контракті қызметіне жатпайтын басқа да шығындары,
4. Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке нотариустар, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер және занды түлғалар, сондай-ақ басқа да қызметпен айналысатын, занды тұлға болып саналмайтындар (бір сөзбен айтканда, салық төлеушілер), міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнетақы корларына төлеуші ретінде тіркелгсндер, өзінің түрған жеріндегі салық қызметінің органдарына аударады.
Егер заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке нотариустар, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса ай сайың олардың жалакысынан есептеп және ұстап, сосын оларды жинак зейнетакы корына аударып отыруы керек.
Әскери және ішкі істер органдарынын кызметкерлері үшін 1998 жылдың қаңтарынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен аталған кызметкерлердін міндетті зейнеткерлік жарнасын аударып отырады.
Зейнеткерлік жарнасы келесі мөлшерлеме бойынша есептелініп және ұсталып отырады:
-
егер занды тұлға, сондай-ак жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және нотариустер, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса, онда сол енбеккерлердің табысынан 10% деңгейінде ай сайын міндетті зейнеткерлік жарнасына аударады;
-
жеке кәсіпкерлер өздері үшін салық салынатын табысынан 10% деңгейінде аударады;
-
адвокаттар да, жеке нотариустер өздері үшін Салық Кодексіне сәйкес анықталған табысынан 10% деңгейінде аударады.
Міңдетті зейнеткерлік жарнасы келесі төлемдерден ұсталмайды:
-
еңбеккерлердің денсаулығынын бұзылуына әкелген зардаптар үшін төленетін төлемдерден;
-
егер де тұракты жұмыс орны жолда немесе жүріп-тұру сипатында болса, онда оларға төленген төлемдерден;
-
ядролық сынақ немесе экологиялық апаттардан зиян шеккеңдерге берілетін әлеуметтік жәрдем ақыдан;
-
медициналық қызметке төлеу үшін біржолғы төлемдерден, бала талқан кезде төленетін төлемдерден;
-
пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілер төлеген компенсациясынан;
-
сақтандыру сыйақысынан;
-
берілген арнайы киімдер құнынан;
-
және т.б.
Одан баска зейнеткерлік жасқа жеткендер міндетті зейнеткерлік төлемдер төлеуден босатылады.
Міндетті зейнеткерлік жарналар ақшалай да, акшасыз да төленеді. Жинақ зейнеткерлік қорға аударылған ақшаға банк заңды тұлғаға үш данада, жеке тұлғаға екі данада төлем тапсырмаларын ұсынады. Оның бірінші данасы банкте, калған екеуі төлеушіде калады.
Егер де заңды тұлға-төлеуші ретінде жойылса, ондағы зейнеткерлік жарна туралы құжаттар міндетті түрде Мемлекеттік архивке беріледі.
5. Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
Тауарларды жеткізуге не жүмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша сондай-ак ішінара дайындығына карай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өнім мен атқарылған жұмыстардың өтемакысы бойынша есеп айырысу үшін 3510 "Тауарлык-материалдық босалкыларымен жабдықтау үшін алынған аванстар" және 3510 "Орындалатын жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін алынған аванстар" деп аталатын шоттары пайдаланылады.
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды ішінара дайындау кезінде, алынған төлемақы сомасына 1040, 1010 шоттары 3510 шоты кредиттеледі, бірақ ол кезде төлемдердін мақсаттарына карай бухгалтерлік жазбалар жазылады.
Алынған аванстар және толық дайын бүйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлемақы сомасы 3510 шотының дебеті және сәйкесінше, 1210-шоты немесе 1210-1230 шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.
3510 шоты бойынша талдамалық есеп әрбір несие беруші бойынша тізімдемеде жургізіледі.
6. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.
Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 "Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу" шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен "Келіптүскен жүктер есебі журналына" тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады."Ескерту" бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фақтура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.
Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік нсмесе кслісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 12690-шоттың дебитіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |