Негізгі бөлім I бөлім. СӨз мағынасы (семасиология)



бет3/9
Дата14.06.2023
өлшемі216.79 Kb.
#475061
1   2   3   4   5   6   7   8   9
слайд

Қиялы ұшқыр суреткердің өзіндік қолтаңбасы аз жазса да, оқырманға терең ой тастайтындығымен, мәнді жазатындығымен, сөйлемдері қысқа әрі нұсқа болып келетіндігімен ерекшеленеді.
I БӨЛІМ. СӨЗ МАҒЫНАСЫ (СЕМАСИОЛОГИЯ)
    • Семасиология. Сөз мағыналарының түрлері

Семасиология – сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Бұл термин гректің “белгілеу” және “ғылым” деген сөздерінен алынған. Мұны кейбір ғалымдарымыз семантика деп те атайды. 
Сөз — дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі 6ip зат пен құбылыстың аты, ол сөздердің әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, бояуы, өзіндік мәні, сипаты болады.
Сөздің белгілі бір дыбыстық қүрамда айтылуы оның формасы десек, сөз мағынасы оның мазмұны болмақ. Сөз — aca күрделі тілдік түлға болғандықтан, ен алдымен, сөздің мағынасы мен сөз арқылы берілетін үғымның арақатынасы аныкталады. Мысалы, cүm, нан, қapa, көк, оқ, сол, бес, он деген сөздердің дыбыстық қүрамы мен оның білдіретін мағынасының арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды, өйткені, ондай дыбыстық құрамның қай қайсысы болмасын белгілі бір ұғымның аты яки белгісі есебінде қызмет ететін дыбыстық комплекс я сөз деп аталады. Белгілі идеяны, пікірді білдіру үшін жалпы халықтық тілдің сөз байлығындағы сөздерді шығарманың түріне сәйкестеп іріктеп, екшеп, талғап пайдаланудан туатын лексикалық ерекшеліктерді стильдік ерекшеліктер дейді.
Жазба әдеби тілдің стилі ауызша сөйлеу тілден белгілі дәрежеде ерекше болып келеді. Ауызша сөйлеу тілде қолданылатын жеке сөздер мен сөйлемшелерді жазба әдеби тілде қолдануға болмайды. Мысалы: нан же, тағы бір acan жібер, төрге шық, оттама (сөйлеме) т. т.
1.2. Көркем әдебиеттегі сөз мағыналарының зерттелуі.
Лексика деп, әдетте, тілдегі барлық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым, яғни тіл білімініңм сөз мағынасын, оның шығу тегін зерттейтін саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет