Неке және отбасы туралы


сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi



бет6/7
Дата12.07.2016
өлшемі448.5 Kb.
#195254
1   2   3   4   5   6   7

                сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi

      Ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) материалдық және отбасы жағдайын, тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген есептiк көрсеткiшке еселенген қатынаста сот белгiлейдi.

      136-бап. Жұбайды екiншi жұбайды асырап-бағу жөнiндегi
               мiндеттен босату немесе бұл мiндеттiң
               мерзiмiн шектеу

      1. Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж екiншi жұбайды асырап-бағу мiндетiнен босатуы немесе некеде тұрған кезеңде де, неке бұзылғаннан кейiн де бұл мiндеттi белгiлi бiр мерзiмге мынадай жағдайларда:


      1) спирт iшiмдiктерiне, есiрткi заттарына, психотропты заттарға салынып кетуi салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;
      2) ерлi-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған;
      3) алимент төлеудi талап ететiн жұбайдың отбасында өзiн лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуi мүмкiн.
      2. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөнiндегi мiндет мынадай жағдайларда:
      1) көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге тұрғанда;
      2) осы Заңның 134-бабына көзделген мән-жайлар жойылғанда сот шешiмiмен тоқтатылады.

19-тарау. Отбасының басқа мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi

      137-бап. Ағалары мен апаларының өздерiнiң кәмелетке


               толмаған және еңбекке жарамсыз, кәмелетке
               толған iнiлерi мен сiңлiлерiн (қарындастарын)
               асырау жөнiндегi мiндеттерi

      Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж iнiлерi мен сiңлiлерiнiң (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерiнiң еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық берiледi.

      138-бап. Немерелерiн асырап-бағу жөнiндегi атасы мен
                әжесiнiң мiндеттерi

      Өздерiнiң ата-аналарынан көмек алуы мүмкiн болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердiң өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар әжесi мен атасынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар. Өздерiнiң жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық берiледi.

      139-бап. Немерелердiң атасын және әжесiн асырап-бағу
                мiндетi

      Өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажеттi қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар кәмелетке толған немерелерiнен сот тәртiбiмен алимент талап етуге құқылы.

      140-бап. Тәрбиеленушiлердiң өздерiн нақты тәрбиелеушiлердi
                асырап-бағу мiндетi

      1. Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие берудi, асырап-бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерiнiң кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушiлерiнен көмек берудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.


      2. Егер тәрбиелеушiлер тәрбиеленушiлердi бес жылдан аз уақыт асырап- бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерiнiң тәрбиеленушiлерiнен тиiстi түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушiлердi нақты тәрбиеленушiлерiн асырап бағу жөнiндегi мiндеттен босатуға құқылы.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейдi.

      141-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесiн және


               өгей шешесiн асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi

      1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенiң, егер өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.


      2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерiнiң тәрбиелеу және асырау мiндеттерiн тиiстi түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесi мен өгей шешесiн асырап-бағу мiндеттерiнен босатуға құқылы.

      142-бап. Отбасының басқа мүшелерiнен сот тәртiбiмен


                өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi

      1. Осы Заңның 139-141-баптарында аталған адамдарға алименттiң мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн.


      2. Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот әрбiр жеке жағдайда алимент төлеушi мен алушының материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн ескере отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген есептiк көрсеткiшке еселенген қатынаста белгiлейдi.
      3. Егер отбасының алимент талап етушi мүшесiн бiр мезгiлде бiрнеше адам асырап-бағуға мiндеттi болса, сот олардың материалдық және отбасы жағдайына қарай әрқайсысының алимент төлеу мiндеттерiн орындауға қатысу мөлшерiн белгiлейдi. Алимент мөлшерiн белгiлеу кезiнде сот, алимент төлеуге мiндеттi барлық адамдардың бәрiне, олардың бiреуiне немесе олардың бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан, сол адамдардың бәрiн ескеруге құқылы.

20-тарау. Алимент төлеу туралы келiсiм

      143-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм жасау

      Алимент төлеу (алименттiң мөлшерi, оны төлеудi шарттарымен тәртiбi) туралы келiсiм алименттi төлеуге мiндеттi адам мен оны алушы адам арасында, ал алименттi төлеуге мiндеттi адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабiлетсiз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкiлдерi арасында жасалады.

      144-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмiнiң нысаны

      1. Алимент төлеу туралы келiсiм жазбаша түрде жасалады және оны  нотариат куәландыруға тиiс.
      Алимент төлеу туралы келiсiмнiң заңда белгiленген нысанының  сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 157-бабында көзделген салдарларға әкеп соғады.
      2. Алимент төлеу туралы нотариат куәландырған келiсiм атқару парағының күшiне ие болады.

      145-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмдi жасасу, атқару,


               өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртiбi

      1. Алимент төлеу тәртiбi туралы келiсiмдi жасасуға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жасасуды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтiн нормалары қолданылады.


      2. Алимент төлеу туралы келiсiм екi жақтың өзара келiсiмi бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келiсiмнiң өзi сияқты нысанда жасалуға тиiс.
      3. Алимент төлеу туралы келiсiмдi орындаудан бiржақты бас тартуға немесе оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.
      4. Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулi өзгерiске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу жөнiндегi келiсiмге қол жетпеген кезде мүдделi тарап осы келiсiмдi өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап беруге құқылы. Алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу туралы мәселенi шешкен кезде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесiн ескеруге құқылы.

      146-бап. Алимент алушының мүдделерiн бұзатын алимент төлеу


                туралы келiсiмдi жарамсыз деп тану

      Егер алимент төлеу туралы келiсiмде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз отбасы мүшесiн асырап- бағу шарттары олардың мүдделерiн айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда, осы Заңның 147-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз отбасы мүшесiнiң заңды өкiлiнiң, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органның немесе прокурордың талап етуi бойынша сот тәртiбiмен мұндай келiсiм жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

      147-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша төленетiн
                алименттiң мөлшерi

      1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша төленетiн алименттiң мөлшерiн тараптар сол келiсiмде белгiлейдi.


      2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөнiндегi келiсiм бойынша белгiленетiн алименттiң мөлшерi олардың сот тәртiбiмен алимент өндiрiп алған жағдайда алатын алименттiң мөлшерiнен төмен болмауы керек (осы Заңның 125-бабы).

      148-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент


               төлеудiң әдiстерi мен тәртiбi

      1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеудiң әдiстерi мен тәртiбi сол келiсiммен белгiленедi.


      2. Алименттiң алимент төлеуге мiндеттi адам табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлес есебiмен; дүркiн-дүркiн төленiп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бiр жолғы төленетiн тұрақты ақша сомасымен; мүлiк беру жолымен, сондай-ақ келiсiмде қол жеткенiне қарай өзге де әдiстермен төленуi мүмкiн.
      Алимент төлеу туралы келiсiмде алимент төлеудiң түрлi әдiстерiн ұштастыру көзделуi мүмкiн.

21-тарау. Алименттi сот тәртiбiмен төлеттiру және өндiрiп
алу тәртiбi

      149-бап. Алименттi сот шешiмiмен өндiрiп алу

      Осы Заңның 124-142-баптарында аталған отбасы мүшелерi алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы.

      150-бап. Алимент алу үшiн арыз беру мерзiмдерi

      1. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзiмге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндiрiп алу туралы арыз беруге құқылы.
      2. Алимент сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап берiледi.
      Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бiрақ алименттi төлеуге мiндеттi адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап үш жыл мерзiм шегiнде өткен кезеңге алимент өндiрiп алынуы мүмкiн.

      151-бап. Ұйым әкiмшiлiгiнiң алименттi ұстап қалу мiндетi

      Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкiмшiлiгi нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде немесе атқару парағының негiзiнде алимент төлеуге мiндеттi адамның жалақысынан және өзге де кiрiсiнен алимент алушы адам үшiн ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге мiндеттi адамның есебiнен алимент төлеуге мiндеттi адамға жалақының және өзге де кiрiстiң төленген күнiнен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрмей төлеуге немесе аударуға мiндеттi.

      152-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм негiзiнде алименттi


                ұстап қалу

      Нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде алимент осындай келiсiмнiң және атқару құжаттарының негiзiнде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге мiндеттi адам жалақысының және өзге де кiрiсiнiң елу процентiнен асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкiн.

      153-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орнын
               ауыстырғаны туралы хабарлау мiндетi

      1. Сот шешiмi немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiм негiзiнде алименттi ұстап қалушы ұйымның әкiмшiлiгi алименттi өндiрiп алу жөнiндегi шешiм орындалатын жердегi сот орындаушысына және алимент алушы адамға алименттi төлеуге мiндеттi адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, өзiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерiн үш күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi.


      2. Алимент төлеуге мiндеттi адам сот орындаушысы белгiлеген мерзiмде соңғысына және алимент алушы адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерiнiң өзгергенi туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кiрiсiнiң болуы туралы хабарлауға тиiс.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған деректердi дәлелсiз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кiнәлi лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкiмшiлiк жауапқа тартылады .

      154-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның мүлкiнен өндiрiп


                алу

      1. Алимент төлеу туралы келiсiммен немесе сот шешiмiмен белгiленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге мiндеттi адамның табысынан және өзге де кiрiсiнен өндiрiп алынады, табысы және өзгеде кiрiсi жеткiлiксiз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге мiндеттi адамның банктердегi шотындағы немесе банктiк емес қаржы мекемелерiндегi ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда ол алимент төлеуге мiндеттi адамның заң бойынша өндiрiп алуға болатын кез келген мүлкiнен өндiрiлiп алынады.


      2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкiнен алимент өндiрiп алу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      155-бап. Алимент бойынша берешектi белгiлеу

      1. Алимент төлеу жөнiндегi келiсiм негiзiнде немесе атқару парағының негiзiнде өткен кезең үшiн алимент өндiрiп алу атқару парағы немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiм табыс етiлгеннен бұрынғы үш жыл мерзiм шегiнде жүргiзiледi.

      2. Атқару парағы негiзiнде немесе нотариат куәландырған келiсiм негiзiнде алимент ұстау алименттi төлеуге мiндеттi адамның iздестiрiлуiне байланысты жүргiзiлмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмге қарамастан және асырап-бағуға алимент төлеу белгiленген адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкiл кезең үшiн өндiрiп алынады.

      3. Берешек мөлшерiн сот шешiмiнде немесе алимент төлеу туралы келiсiмде белгiленген алимент мөлшерiн негiзге ала отырып, сот орындаушысы анықтайды.

      4. Осы Заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетiн алимент бойынша берешектiң мөлшерi алимент төлеуге мiндеттi адамның алимент өндiрiп алынбаған кезеңдегi табысы мен өзге де кiрiсi негiзге алына отырып анықталады. Егер алимент төлеуге мiндеттi адам осы кезеңде жұмыс iстемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кiрiсiн куәландыратын құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешектi өндiрiп алу кезiндегi Қазақстан Республикасындағы орташа жалақы мөлшерi негiзге алына отырып анықталады. Егер берешектi бұлайша анықтау тараптардың бiрiнiң мүддесiне елеулi түрде нұқсан келтiрсе, онда мүддесiне нұқсан келтiрiлген тарап сотқа жүгiнуге құқылы, ол тараптардың материалдық және отбасы жағдайын, басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, берешектi тұрақты ақша сомасында анықтауы мүмкiн.

      5. Сот орындаушысының алимент бойынша берешектi анықтауымен келiспеген жағдайда кез келген тарап заңдарда көзделген тәртiппен сот орындаушысының әрекетiне шағымдана алады.

      6. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы iздестiру кезеңiнде төленген, балаға заңдарда белгiленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он процентiн бюджет кiрiсiне есептеу арқылы өндiрiп алынады.

      156-бап. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату

      1. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату немесе тараптардың келiсiмi бойынша алимент төлеген кезде осы берешек, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтiн жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келiсуi бойынша азайтылуы мүмкiн.

      2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелдi себептер бойынша төленбегенiн, оның материалдық және отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешектi өтеуге мүмкiндiк бермейтiнiн анықтаса, оны алимент бойынша берешектi төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.

      157-бап. Алименттi уақтылы төлемегенi үшiн жауапкершiлiк

      1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеуге мiндеттi адамның кiнәсiнен берешек пайда болған жағдайда кiнәлi адам сол келiсiмде көзделген тәртiппен жауапты болады.

      2. Сот шешiмi бойынша алимент төлеуге мiндеттi адамның кiнәсiнен берешек пайда болған жағдайда кiнәлi адам алимент алушыға кешiктiрген әр күнi үшiн төленбеген алимент сомасының оннан бiр процентi мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.


      Алимент алушы алимент төлеуге мiндеттi, алименттiң уақтылы төленбегенiне кiнәлi адамнан алименттiк мiндеттемелердi орындауды кешiктiруден келтiрiлген бүкiл залалының тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлiгiн де өндiрiп алуға құқылы.

      158-бап. Алименттi есептеуге және керi өндiрiп алуға жол


                берiлмеуi

      1. Алименттi басқа қарсы талаптармен есептеуге болмайды.

      2. Төленген алимент сомасын:
      1) алимент алушының жалған мәлiметтер хабарлауына байланысты немесе оның қолдан жасалған құжаттар беруiне байланысты алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған;
      2) алимент алушы тарапынан алдау, қорқыту немесе күш көрсетiп ықпал жасау салдарынан алименттi төлеу жөнiндегi келiсiм жарамсыз деп танылған;
      3) сот шешiмiнiң, алимент төлеу туралы келiсiмнiң немесе атқару парағының қолдан жасалу фактiсi негiзiнде алимент төленгенi сот үкiмiмен анықталған жағдайларды қоспағанда, керi талап етуге болмайды.

      3. Егер осы баптың 2-тармағында келтiрiлген әрекеттердi кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз алимент алушының өкiлi жасаған болса, алимент керi өндiрiлiп алынбайды, ал төленген алименттiң сомасы алимент төлеуге мiндеттi адамның талабы бойынша кiнәлi өкiлден өндiрiп алынады.

      159-бап. Алименттi индекстеу

      Сот шешiмi бойынша тұрақты ақша сомасымен өндiрiп алынатын алименттiң индекстелуiн алименттi ұстайтын орын бойынша ұйымның әкiмшiлiгi заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң өсуiне бара-бар жүргiзедi.

      160-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адам шет мемлекетке
              тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу

      1. Алимент төлеуге мiндеттi адам шет мемлекетке тұрақты тұруға кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге мiндеттi отбасы мүшелерiмен осы Заңның 143,144,147 және 148-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келiсiм жасасуға құқылы.

      2. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда мүдделi адам алименттiң мөлшерiн тұрақты ақша сомасында белгiлеу туралы немесе алименттi бiр жолғы төлеу туралы не алимент есебiне белгiлi бiр мүлiктi беру туралы немесе алименттi өзге бiр жолмен төлеу туралы талап етiп сотқа жүгiнуге құқылы.

      161-бап. Соттың бұрын белгiленген алимент мөлшерiн өзгерту


                және алимент төлеуден босату

      1. Егер алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда алимент мөлшерi сот тәртiбiмен белгiленгеннен кейiн тараптардың бiрiнiң материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуi бойынша белгiленген алимент мөлшерiн өзгертуге немесе алимент төлеуге мiндеттi адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшерi өзгертiлген немесе оны төлеуден босатылған жағдайда сот тараптардың назар аударарлық мүддесiн де ескеруге құқылы.

      2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адам алименттi төлеуге мiндеттi адамға қатысты қасақана қылмыс жасағаны немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адам отбасында лайықсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайы анықталса, сот оған алимент өндiрiп беруден бас тартуға құқылы.

      162-бап. Алименттiк мiндеттемелердi тоқтату

      1. Алимент төлеу туралы келiсiммен белгiленген алименттiк мiндеттемелер осы келiсiмнiң күшiнде болу мерзiмi бiткенде немесе осы келiсiмде көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бiрi қайтыс болғанда тоқтатылады.

      2. Сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттi төлеу:


      1) бала кәмелетке толғаннан кейiн немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейiн толық әрекетке қабiлетiн алған жағдайларда;
      2) асырап-бағу үшiн алимент өндiрiп алынған бала асырап алынғанда;
      3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтiрiлген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;
      4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегiне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;
      5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге мiндеттi адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

6-бөлiм. Азаматтық хал актiлерi

  22-тарау. Жалпы ережелер

      163-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу

      Туу, қайтыс болу, неке қию, некенi бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесiнiң атын және тегiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк органдарда тiркелуге тиiс.


      Ескерту. 163-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

        164-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүргiзетiн


                органдар

      1. Азаматтық хал актiлерiн тiркеудi азаматтық хал актiлерiн жазатын бөлiмдер жүргiзедi.

      2. Мұндай бөлiмдер жоқ жерлерде азаматтық хал актiлерiн тiркеудi қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi ұйымдастырады.
      Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

        165-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу ережелерi.


               Акт кiтаптары

      1. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және күшiн жою тәртiбiн белгiлейтiн ережелер , сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарының нысанын және осы кiтаптардағы жазбалар негiзiнде берiлетiн куәлiктердiң нысанын, акт кiтаптарын сақтаудың тәртiбi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .

      2. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу ережелерi, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы бiрiн-бiрi хабардар ету, олардың болашақ ерлi-зайыптылар және ата-аналар ретiндегi құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiмен белгiленедi.

      166-бап. Мемлекеттiк баж

      1. Тууды тiркеу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, неке қию, некенi бұзу, тегiн, атын және әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерту үшiн, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктер және азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталап куәлiктер беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.

      2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж алынбай жүргiзiледi.


      Ескерту. 166 бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.12.24 N 276 Заңымен.

      167-бап. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды өзгерту,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет