Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
42
барғандай өзіңізді елететіңізші. Қандай күйде боласыз?
Әрине, күнделікті артық эмоцияларға толы күн кешу сізді
шаршатады. Дәл солай ер адаммен де уақыт өткізгенде
күнделікті максимум эмоция болуы міндетті емес, еркекті
шаршатып, оған демалуға мұрша бермей қоясыз. Эмоция
жайлы тағы білу керек бір нәрсе бар, ол-балансты сақтау.
Көлемдік, мерзімдік балансты айттық, одан бөлек
позитивті және негативті эмоцияның балансы бар. Тек
қана қуаныш сыйлайтын
әйел еркекті ертелі кеш
жиіркендіре бастайды. Бұның себебі адамның ми
құрылымында. Адамның миында қуаныш эмоциясы мен
жиіркеніш эмоцияларына жауап беретін бөліктер өте
жақын орналасқан. Тоқтамастан тек жағымды, қуанышты
эмоцияны
бөліне бергенде, ол жанындағы жиіркеніш
эмоциясына артып өте бастайды екен. Қарапайым мысал:
екі стакан қояйық, біреуінде тәтті су, екіншісінде тұзды су.
Тәтті суды тоқтамай құя берсеңіз, ол сыртқа тасып екінші
тұзды суға да ағып кетеді. Дәл солай миымызда да қуаныш
эмоциясы тоқтамастан бөліне берсе, уақыт өте ол
жанындағы
жиіркену эмоциясына тасып, жиіркену
эмоциясын іске қосады. Сондықтан да біз күнделікті
сүйікті тәтті бәлішімізді жей берсек, 1 апта бойы бәлішті
жеген сайын қуанып, ал 8-ші күні жегенде бәліштен
жиіркене бастаймыз.
Бұл қарапайым ғана мидың
құрылымы. Ескеретін нәрсе бар, бұл система керісінше
жұмыс жасамайды, яғни күнде
жек көретін тағамыңды
жесең, уақыт өте келе ол сүйікті тағамыңа айналып
кетпейді. Яғни ұзақ уақыт жиіркендіріп, ашуландыратын
дүние уақыт өте қуандыра алмайды. Позитивті және
негативті эмоцияның балансы 70/30
принципіне сай
келеді. 70 пайыз позитив беру керек, ал 30 пайыз негатив
(яғни стресс немесе дистанция).
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
43
Достарыңызбен бөлісу: