Некеден кейін әйел бақыты


Өзіңді қалай жақсы көруге болады?



Pdf көрінісі
бет76/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135
Некеден кейін

2.Өзіңді қалай жақсы көруге болады
Самооценка—өз-өзіңді 
бағалау деген мағынаны 
білдіреді. Өзіңді жақсы бағаласаң, сырттағы басқа 
адамдарда жақсы бағалайды. Көп адамдар нақты қандай 
амалдар керек екенін түсіндірмейді. Жақсы самооценка 
деген- өзіңе жақсы баға беру.
Ал өзіне жақсы баға беру үшін сіз өзіңізді жақсы көру 
керексіз. Өзіңе деген махаббат—үлкен күшті талап етеді. 
Яғни, адам өзін өзгерту үшін өзін жақсы көріп, соған үлкен 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
159 
күш жұмсау керек. Егерде осы күнге дейін сіздерде "мен 
өзгергім келеді, жаңа нәрсе бастағым келеді, жаңа өмір 
бастағым келеді" деген ойлар бар болса, ниеттеріңіз бар 
болса, бірақ ештеңе істей алмай жүрсеңіз, онда сізде ондай 
күш жоқ. Өзгерту күші жоқ. Өзіңе деген махаббат—өзіңді 
өзгерте алатын күш. Егерде сен өзіңді өзгерте алмасаң, 
демек өзіңе деген махаббатың жоқ. Өзіңді сындыра 
алмасаң, басқа адамды да өзгертуге күш сенде болмайды. 
Өзін жақсы көретін адам—өзін ешқашан аямайды. 
Ешқашан да өзін физический аямайды. Ол айтуы мүмкін: 
"бүгін емес, ертең бастаймын". Өзін жақсы көретін адам 
кейінге шегеруі мүмкін. Бірақ шегерген нәрсесін міндетті 
түрде орындайды. Не үшін? Себебі, ол өзін жақсы көреді, 
ол өзіне қамқорлық танытады.Таңғы алтыда жүгіремін 
десе, ол жүгіреді, себебі өзін жақсы жаққа өзгерткісі 
келеді. 
Өзіне махаббатпен қарайтын адам өзін жақсы 
мағынада аямайды. Таң ертең ерте тұра алмаса, өзіне 
анасы сияқты ұрысып, өз өзін жекіп оятып, өзін аямау 
дегенді айтып тұрған жоқпын.
Өзін махаббатпен аямау деген- өз өзіне «Мен сені 
жақсы көремін, Сабира. Саған қамқор болғым келеді. Егер 
қазір тұрмасаң күні бойы көңілің болмайды, ал мен сенің 
көңілсіз жүргеніңді қаламаймын,сол үшін қазір тұрасың» 
деп айтып, тұрады! Екі-үш ай өзін аямағанның 
нәтижесінен, өзіне ұнаған келбетті жасап шығарады. Егер 
өзін жақсы көрмейтін болса, ол неше түрлі сылтаулар 
айтады. Сылтау айтатын болсаңыз, сізде өзіңізге деген не 
сыйластық жоқ, не махаббат жоқ, не өзіңізді өзгертетіндей 
күш жоқ. Бұл нәрсер сізде жоқ болса, басқа адамдар сізге 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
160 
тіке қараған кезде, " мен сені сыйлаймын" деп қарай 
алмайды. Өзіңізді үлгі ретінде қарап көріңіз. Туысқан мен 
достарыңыздың арасынан саралап көріңіз. Кімге "мен сені 
сыйлаймын" деп көзіне тіке қарап айта аласыз? Ал 
басқасына "мен сені сыйламаймын" деп айта аласыз? Не 
үшін оны сыйлайтыныңызды ойлаңыз. Бәлкім ол адам өзін 
өзгертуге күш тапты. Мен сені сыйламаймын деп 
күйеуіңізге айттыңыз делік. Себебі, күйеуіңіз өзін 
өзгертуге күш салмады. Темекіні тастауға, арақты 
тастауға, жақсырақ жұмыс табуға, өзін өзгертуге күш таба 
алған жоқ. Сол үшін сіз оны сыйламайсыз. Бұл сөздерімді 
оқып алып, күйеуімді сыйламайтыным дұрыс екен ғой деп 
басқа жаққа бұрып кетпеңіз. Бұл бөлім тек сізге ғана 
арналған. Сіз өзіңізді сыйлауыңыз үшін, өзіңізге берген 
сөзіңізде тұруыңыз қажет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет