Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
158
Мен не айтқым келіп тұр? Қанша жерден самооценка тек
өзіңе байланысты десек те, ол өтірік. Себебі жанымыздағы
адамдардың сөздері бізге әсер етеді. Әсіресе бізге жақын
адамдардың сөздері. Ал бөтен адамдардың сөздері сізге
әсер етпеуі керек. Танымайтын көшедегі біреу «мына
қызды қарашы, не киіп алған» деп айтып өтіп бара жатса,
сіз оны естіп қойып, көңіл-күйіңіз түсіп, жылағыңыз келіп,
басқа киім киіп алсаңыз, демек сіздің сенімділігіңіз жоқ.
Бұл нәрсемен жұмыс жасау керек.
Ал сіздің күйеуіңіз
немесе анаңыз сізге критика
айтатын болса, сіздің көңіл-күйіңіз түсіп кетсе, бұл
қалыпты. Бұл тым жаман, дұрыс емес нәрсе деп айта
алмаймын. Әрине, кез-келген адамның көңіл-күйі осы
үшін түсіп кетеді. Көңілсіз жүреміз,
бірақ ұзақ уақыт
болмауы керек. Есте сақтаңыз, сіздің көңіл-күйіңіз тек
сіздің жауапкершілігіңізде! Сіз өзіңіздің көңіліңізді
басқара алуыңыз керек. «5 минут көңілсіз отыра тұрам да,
бірден
шаруаға кірісіп, көңілімді көтеріп аламын» деп
өзіңізге ескертіп, өз-өзіңізді басқарып бастаңыз.
1.
Самооценка деген не?
Достарыңызбен бөлісу: