Некеден кейін әйел бақыты


Ер адам сізді көп ойлауы үшін не



Pdf көрінісі
бет29/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135
Некеден кейін

Ер адам сізді көп ойлауы үшін не 
істеу керек? 
 
Авторлық техника «эффект 
зейгарник» 
 
Не үшін ер адам сізді көп ойлауы керек?
 
Есте сақтаңыз, адам бір нәрсені көп ойласа, 
демек соған көп уақытын арнап жатыр деген сөз. Ал бізге 
ер адамның көп уақыты сізге арналғаны қажет. Не үшін? 
Себебі көп уақытын арнаған адам ессіз ғашық бола алады. 
Сол үшін сізге ер адамның сізді көп ойлағаны қажет. Ой-
адамды жақындататын да, алыстататын да құрал. Ер адам 
жәй ғана сіз туралы ойлағаны мәнсіз нәрсе, еркек сіз 
туралы жақсы ойда болу керек, немесе сіз жайлы білгісі 
келіп, сұрақтарға толып ойлау керек. Кім жайлы көп 
ойласаңыз, сол адам сізге жақын болады. Егер 
уақытыңызды сол адамды ойлауға арнасаңыз, онда сіз сол 
адамға тәуелді болып қаласыз. Сіз ер адамға тәуелді 
болмау үшін, таңнан кешке дейін ер адам жайлы 
ойламаудың амалын жасау керексіз. Ал ер адамды сізге 
тәуелді ету үшін, оның таңнан кешке дейін сіз жайлы 
ойлаудың амалын ету керексіз. Соңғы 2 сөйлемді тағы 
қайталап оқып, есіңізде сақтап алыңыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
59 
Қай кезде ер адам сіз туралы мүлдем ойламайды? 
Жалпы, адам баласының миы былай жұмыс жасайды. 
Сұрақ пайда болса, сол сұраққа жауап тапқанша ойлай 
береді. Аяқталмай қалған іс болса, сол іс аяқталғанша 
энергиясын соны ойлай беруге жұмсайды. Бұны 
психологияда «эффект зейгарника» деп атайды. Яғни ми 
аяқталған істі ойлаудың орнына, аяқталмай қалған іс 
жайлы көп ойлауын «эффект зейгарника» дейді. Өзіңізді 
бақылап көріңізші, не жайлы сіз көп ойлайсыз? Таң ертең 
жуып тастаған ыдыс жайлы ма, әлде енді жуу керек кір 
киімдер жайлы ма? Кіріңізді жуып тастамағанша күні 
бойы ойыңыз аяқталмаған іске бағытталады, дұрыс па? 
Тағы бір мысал, сіз есіңізге бір адамның атын 
түсіре алмай қалдыңыз, немесе киноның аты 
қандай деп сізге біреу сұрақ қойды. Байқадыңыз 
ба, сіздің миыңыз сұраққа жауап бергенше 
қиналып, күні бойы тек жауабын табу жайлы 
ойлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет