Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет135/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Некеден кейін

 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
282 
Қорытынды 
 
Кітаптың сізге берер пайдасы мол болды деп 
ойлаймын. Мен әйел болғандығымнан кітаптың фокусын 
да әйел затына бағыттадым. Амалына, ойына және ниетіне. 
Бір жанның ойын, өмірін өзгертуге себепші болсам, менен 
бақытты жан болмайды. 
Қазір өміріңізді өзгерту жолында болсаңыз, сізге тек қана 
тоқтамаңыз дегім келеді. Біздің ойымыз әрекетті өзгертеді, 
әрекет нәтижені өзгертеді, ал нәтижеден біздің өміріміз 
өзгере бастайды. Сіз қалаған нәтижеге жету үшін күшіңіз 
де, іліміңіз де бар.
Әйелдің 40 жаны 40 мүмкіндікті байқап көруге 
арналған шығар. Мүмкіндіктер көп, барлығын байқап 
көруіңіз керек. Байқамай жатып «бәрі де кеш, қолымнан 
келмейді, өмір әділетсіз» деуден аулақ болыңыз. Аллаһ 
Тағала ешкімге кедей болуды, бақытсыз болуды тілемейді, 
Ол бізге таңдау берді. Таңдау екеу-ақ бола алады: әрекет 
ету және әрекет етпеу. Өз таңдауыңызды жасаңыз. Ал 
нәтижеге Алланың берген жеңілдігімен жетесіз. «Адам өзі 
өзгергенін қаламағанша, мен оны өзгертпеймін» дейді 
Аллаһ Тағала. Сіз қанша жерден сөзбен «өзгергім келеді» 
деп, бірақ өзгеру жолында анық әрекет жасамасаңыз, 
сіздің сөзіңіздің салмағы болмайды. Әрекет жоқ жерде 
адамның шынайы қалауы жоқ деген сөз. Бұл кітап сізге 
жәйдан жәй кезікпеді, сізге әрекет етуге көмектесу үшін 
кезікті. Мен сізге сенемін, сізде керемет өмірлік өзгерістер 
болады. 
Ізгі тілекшіңіз-Сабира Нұрпеисқызы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет