Некеден кейін әйел бақыты


Ер адаммен тәуелді қарым-қатынас



Pdf көрінісі
бет85/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   135
Некеден кейін

Ер адаммен тәуелді қарым-қатынас 
(Созависимые отношения) 
 
Қазір ойланып көріңізші, сіздің 
жігітіңізбен 
немесе 
күйеуіңізбен 
қатынасыңыз тәуелді қатынасқа жата 
ма? Партнерыңызға тәуелдісіз бе?
Бірден жоққа шығарып жатсыз ба? 
«Жоқ, тәуелді емеспін» деп жауап 
бердіңіз бе? Негізі қарым-қатынасқа тәуелді адамның 
алғашқы белгісі - бірден жоққа шығару. Өзінде бар 
белгілерді мойындамау. Кітапты алған әрбіріңіз өзгеруге 
қадам бастыңыз деп білемін. Біріңіз күйеуіңізбен қарым-
қатынасыңызды жақсартқыңыз келсе, біріңіз отбасыда 
ыдыс-аяқтың сылдырлауының алдын алғыңыз келеді, ал 
біріңіз күйеуге шығуға дайындалып жүрген боларсыз. 
Қалай болса да сіз өзгеремін деген ниетпен 
жұмыстанудасыз және қарым-қатынастағы тәуелділіктен 
де арылып жатқаныңызды ұмытып кете бересіз. Қарым-
қатынасқа тәуелділік әртүрлі дәрежеде әрбіріміздің 
бойымызда бар.
Сіздің өмір бойы жасап келе жатқан әрекеттеріңізді
өзіңізге дұрыс деп қалыстастырып алған ережелеріңізді 
мен осы бөлімде «Олай дұрыс емес, өзіңізге зиян келтіріп 
жатырсыз, тез арада бұлай жасаудан өзіңізді тыйыңыз» деп 
көп әрекетіңізге шектеу қоятын боламын. Ал сіз мүмкін 
қарсыласатын да боларсыз. Сіздің миыңыз қарсыласатын 
болады, себебі сіздің миыңыз өзіңіз сызып берген жолмен 
жүреді. Алайда мен осы бөлімде берген тапсырмаларды, 
нұсқаулықтарды толығымен орындайтын болсаңыз менің 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
178 
жекеме «Сабира ханым, мен тәуелділіктен құтылдым» деп 
алғыс хатын жазатыныңызға сенімдімін.
Негізі тәуелділік ұрпақтан-ұрпаққа тәрбиемен, 
менталитетпен, ата-анаңыздың бойынан күнделікті 
көріп жүрген сценариймен қанымызға сіңіп кетеді.
Әр адам сау психикамен, ешқандай травмасыз, 
ешқандай установкасыз туылады. Бірақ қазақтардың 
менталитетінде «махаббат» ұғымы тек қана ыңғайлы болу 
мен күйеуің үшін өзіңді ұмытып, тек соның ғана жағдайын 
жасау, 
өзіңнің 
қажеттіліктеріңді 
ұмыту 
деген 
түсініктермен қалыптасып қалған. Бұл біздің ата-
анамыздан алған тәрбиеміз. Әрине, бұлай болғаны үшін 
оларды кінәлай алмаймыз. Тіпті қазір заман ағымына сай 
басқаша ойласаңыз да, яғни күйеу үшін ыңғайлы болмау 
керек, ең алдымен өзімнің қызығушылықтарым, күйеу деп 
өзіңді ұмытып кетуге болмайды деп ойласаңыз да, 
әрекеттеріңізбен өзіңізге қарсы шығасыз. Барлығы екі 
жақтан бірдей (взаимно) болуы керек деп ойлайсыз да, 
бірақ іске келгенде күйеуіңіздің сізге көңілі суып кетпеуі 
үшін өзіңіз жасағыңыз келмейтін қадамдарға барасыз. 
Мысалы, қатты шаршап тұрсыз, ауырып тұрсыз, кешкі 
тамақ жасауға шамаңыз болмай тұрса да, «күйеуім мен 
туралы жаман ойлап қалмасын, енем жақтырмай 
қалмасын» деп өзіңізді қинап, төсектен тұрғызып
жасағыңыз келмей тұрса да барып тамақ жасайсыз. Басқа 
да шешімін табудың орнына, мысалы, сырттан тапсырыс 
бере салуға, енеңізге түсіндіріп, тамақ жасаңызшы деп 
өтініш айтуға немесе бірге жасайықшы деп көмек 
сұраудың орнына өзіңізді қинайсыз. Бізде өзіміздің 
қалауымыз бен міндеттеріміздің (хочу-должен) арасында 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
179 
баланс жоқ. Бізде тіпті беру мен алудың да балансы 
сақталмайды. Тек бере береміз, ал алуға келгенде 
жеткілікті мөлшерде алмаймыз. Алуға келгенде өзімізді 
лайық емес санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет