РНҚ-да пентозадан рибоза (ДНҚ-дағы дезоксирибозаның орнына),пуриндік негіздерден А, Г, пиримидиндік негіздерден Ц, У (ДНҚ-дағы Т орнына) болады;
Атқаратын қызметі мен кездесетін жеріне қарай РНҚ үш түрге бөлінеді:матрицалық – мРНҚ,тасымалдаушы – тРНҚ,рибосомалық – рРНҚ.
мРНҚ жасушадағы жалпы РНҚ-ның 2-3% құрайды.Барлық РНҚ-ның І реттік құрылымы ДНҚ-ның молекуласындағы І реттік құрылымына ұқсас.Айырмашылығы: тимин мен рибозаның болуында.мРНҚ-ның қатаң түрдегі арнайы ІІ реттік құрылымы жоқ, полинуклетидтік тізбек иілген ілмектер түзеді. Бұл ілмектер ерітіндінің иондық күшіне қарай өзінің түрі мен көлемін өзгертіп отырады.РНҚ-ның ІІІ реттік құрылымы мРНК шумақталып, белокпен байланысқан түрде болады.
мРНҚ ДНҚ-ның белгілі бір телімінен (оперон) ақпаратты көшіріп алады, цитоплазмада рибосомамен байланысып, матрица түзеді, осы матрицада белок синтезделеді.
тРНҚ цитоплазмада болады, барлық РНҚ- ның и 5%-н құрайды. М.м.20000 Д, 73-93 нуклеотидтен тұрады. т-РНК молекуласы «адапторлық» молекула ролін атқарады, ол сәйкес амин қышқылдарын таңбалап, белок синтезі өтетін орынға тасымалдайды және АҚ полипетидтік тізбектегі орнын белгілейді.
тРНК-ның І құрылымы – 1 полинуклеотидтік тізбек.ІІ құрылымы жоңышқа жапырағы сияқты үш жапырақты (денатурацияға ұшыраған кезде). т-РНК- ның ІІ реттік құрылымында активті орталық бар:
1 акцепторлық сабақша аймағы, ол барлық т-РНКда бірдей АЦЦ нуклеотидтерінен тұрады. Осы аймаққа амин қышқылдары жалғасады.Акцепторлық аймағының арнайылығы жоқ, демек өзінің АҚ тани алмайды.
2.аминоацил-т-РНК-синтетаза ферменті байланысатын бөлігі, арнайылығы жоғары, осы фермент арқылы тРНҚ өзінің АҚ тани алады.
3.антикодон деп аталады, бұл орынға м-РНК- ның кодоны байланысады. АҚ полипептидтік тізбектегі орны осы аймаққа тәуелді.
4.рибосомамен байланысатын бөлімі,арнайылығы жоқ, барлық тРНҚ-да бірдей.тРНҚ-ның ІІІ құрылымы “L” әрпі сияқты болады.
р-РНҚ барлық жасушалардағы РНҚ-ның 80%-н көбін құрайды.р-РНҚ рибосоманың құрамында кездеседі.Рибосома – 65% рРНҚ-дан, 35% жай белоктан тұратын рибонуклеопротеидтік комплекс.р-РНҚ-ның 1 молекуласы белоктың 30молекуласымен байланысады. Әрбір рибосома үлкен және кіші суббірліктен тұрады. Үлкен бөлігі кіші бөліктен 2,5 есе үлкен. рРНҚ–ның полинуклеотид тізбегі оңай иіледі, белокпен бірге жинақталып, тығыз денешік түзеді. рРНҚ-ның бүтіндігі рибосоманың функциясына міндетті түрде қажет. рРНҚ тізбегінің бір жері үзілсе, рибосома өзінің активтігін түгелдей жояды.Рибосома м-РНҚ-мен бірігіп, матрица түзеді. Бір рибосома әр түрлі белоктың синтезіне қатыса алады, себебі, рибосома әмбебап. Олар ақпаратты бөгде мРНҚ-дан да оқи алады. Мысалы, өсімдік рибосомасы үй қоянының гемоглобинінің м-РНҚ- сындағы ақпаратты оқи алады.
Рибосоманың екі аймағы болады:А-аймағы, бұл аймаққа рибосомаға келген аминоацил –т-РНҚ орналасады.Р-аймағы, бұл пептид бекітілетін аймақ, оған өсіп келе жатқан белок тізбегі (полипептидтік тізбек) ілініп тұрады. Осы жерден амин қышқылының қалдығынан босаған т-РНҚ бөлініп шығады.