ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ Реакция арнайлылығына қарай ферменттер 6 топқа бөлінеді:
Оксидоредуктазалар – тотығу – тотықсыздану реакцияларын тездетеді.
Трансферазалар – атомдар тобын бір заттан екінші затқа тасымалдайды.
Лиазалар – күрделі заттарды судың қатысуынсыз ыдыратады.
Лигазалар – АТФ энергиясын пайдаланып синтездеу реакцияларына қатысады.
Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі заттарды ыдыратады.
Изомеразалар - изомерлену реакцияларын тездетеді.
ГИДРОЛАЗАЛАР тобында көмірсу, белок, липидтерді ыдырататын ферменттер 9 топшаға бөлінеді. Оның маңызды 3 түрі бар.
1 топша – эстеразалар – күрделі эфирлік байланысты гидролиздейді.
2 топша – гликозидазалар – гликозидтік байланысты гидролиздейді.
3 топша – пептидазалар – пептидтік байланысты гидролиздейді.
Гидролазалардың көбісі басында активсіз күйде болады да, одан кейін асқазан-ішек жолына түсіп активтенеді. Олар асқазан-ішек сөлдерде, жасушада – лизасомада кездеседі.
Эстеразалар – ТАГ-нің күрделі эфирлері байланыстарын гидролиздейді. Эстеразалардың өзі 6 топшаға бөлінеді: липазалар, фосфолипаза А1 А2 С Д, холестеролэстеразалар, фосфодиэстераза, АТФ-аза, глюкозо-6-фосфотаза.
Гликозидазалар– гликолиздік байланыстарды үзеді. Жасушаларда, тамақ қорытатын сөлдерде кездеседі, бірақ асқазан сөлінде кездеспейді. Оның 5 өкілі бар:
Альфа-амилаза – крахмал мен гликогенді мальтозаға дейін ыдыратады.
Гамма-амилаза – гликогенді глюкозаға дейін ыдыратады.
Мальтаза – мальтозаны 2 молекула глюкозаға дейін ыдыратады.
Сахараза – сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады.
Лактаза – лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады.
Пептидазалар –белоктарды гидролиздейді. Оның 2 топшасы бар: эндопептидазалар мен экзопептидазалар.