Метилтрансферазалар – метилен, оксиметил, формил, метин топтарын тасымалдайды, метилдену реакцияларын катализдейді. Метилтрансферазалардың коферменті – ТГФҚ, ол Вс витаминінің гидрленген туындысы.
Ацилтрансферазалар– коферменті НSKoA, ол В5 витамині, фосфор қышқылының қалдығы және тиоэтаноламиннен тұрады. Бұл ферменттер карбон қышқылдарының қалдықтарын тасымалдайды. Бірақ сірке қышқылының қалдығын тасымалдамайды, оны ацетилтрансфераза ферменті тасымалдайды.
Фосфотрансферазалар – біркомпонентті болып келеді. Олар фосфорлану реакцияларын тездетеді, фосфор қышқылының қалдығын тасымалдайды. Фосфор қышқылының көзі ретінде АТФ энергиясын пайдаланады. Оның бірнеше өкілдері бар:
Протеинкиназа – активсіз болады, активті түрінде белаһоктардың фосфорлануын катализдейді.
6.Оксидоредуктазалар.Дегидрогеназалар: пиридиндік, флавиндік ферменттердің және убихинонның құрылысы мен ролі. Цитохромдар, каталаза, пероксидазалар, оксигеназалар. Оксидоредуктазалар- тотығу - тотыксыздану реакцияларын тездететін ферменттердің үлкен класы. Барлык ферменттер жасушаішілік, eкi компонетті. Тотығу түрлеріне карай оларды 4 топка беледь 1) дегидрогеназалар; 2) цитохромдар; 3) каталаза мен нероксидазалар; 4) оксигеназалар.
Дегидрогеназалар- субстратты дегидрлеу. ягни сутек атомын бөліп алу аркылы тотыктырады. ДГ-ң саны 150-ден асады. Негізгі өкілдері 1) пиридиндік ферменттер: 2) флавиндік ферменттер; 3) кофермент Q немесе убихинон.
Пиридиндік ферменттер- коферменттері НАД (никотинамидадениндинуклеотид) және НАДФ (никотинамидадениндинуклеотидфосфат), екі компонентті күрделі ферменттер. ПФ-нде апофермент пен кофермент Zn2+ арқылы әлсіз байланысқан. Коферменттің кұрамына РР витамині- никотинамид кіреді.
ПФ коферменттерінің құрамы: НАД-ң құрамы: никотинамид (РР вит.);рибоза; фосфор қышқылы; АМФ.
НАДФ -ң НАД -н айырмашылығы: АМФ –ң құрамындағы рибозаның 2/ ОН тобына фосфор қышқылы қалдығы қосылған.
Пиридиндік ферменттер екі түрлі формада болады тотыккан және тотыксызданған. Пиридиндік ферменттер -біріншілік дегидрогеназаларга жатады. Биологиялык тотығу тізбегінде олар бірінші болып субстраттан сутекті бөліп алады. Сутек атомдары НАД- ты тотьқсыздандырады, оныц кұрылысын өзгертеді. Тотыккан кезде олар сутек атомдарын ФП-га береді, НАДФ коферменті биологиялык тотығу тізбегіне қатынаспайды,бірақ сутек доноры ретінде көптеген биологиялық реакцияларға қатысады.