Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет27/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

серия нәтижелері 
Л.И. Вассерман әдістемесінің кӛмегімен жүргізілген невротизациялық 
деңгейіді зерттеу нәтижесі орыс тобының студенттеріне қарағанда, қазақ 
бӛлімінің студент арасында невротизациялық деңгей жоғары кӛрсеткішті (екі 
есе жоғары) кӛрсетті (Кесте 3) Оқу іс-әрекетіне байланысты бейімделу жалпы 
әлеуметтік жағдайында болағанымен, студенттер оған әр түрлі дәрежеде кӛңіл 
аударады. Невротизацияның жоғары деңгейде болуы жағымсыз уайымдардан 


99 
пайда болатын, яғни мазасыздану, алаңдаушылық, ашуланшақтық, абыржу, 
жеке міндеріне аса назар аудару, қарым-қатынаста қиындықтардың болуы, 
әлеуметтік жасқаншақтық және тәуелді болу эмоционалды қозғыштықың 
жоғарлығын айғақтатады. Невротизациясының деңгейі тӛмен студенттер тобы 
тұрақты, уайымдау фоны жағымды, ынталы, тәуелсіз, әлеуметтік тұрғыдан 
батыл болып сипатталады.
Невротизация 
деңгейі 
бойынша 
таңдаулардың 
арасындағы 
айырмашылықтарды бағалау үшін U Манна-Уитни критериясы қолданылды. 
Қазақ бӛлімінің 1-курс студенттері 1-курс орыс бӛлімінің студенттерінен 
невротизация деңгейі бойынша кӛрсеткіштері жоғары екендігі анықталды. U 
эмп. < U кр., мұндағы р≤ 0,05. 3-курсқа қарай аталмыш айырмашылықтар 
жойылып, U эмп. > U кр. тең болды, яғни 3-курс орыс және қазақ 
бӛлімдеріндегі студенттердің арасында нақты айырмашлық байқалмады. 1 және 
3 курс қазақ бӛлімі мен 1 және 3 курс орыс бӛлімдеріндегі студенттердің 
кӛрсеткіштері арасынан ұқсас нәтижелер алынды. Жалпы алғанда үшінші 
курсқа қарай невротизация деңгейінің тӛмендегенін байқауға болады.
Кесте 3 - Сыналушылардың невротизация деңгейі бойынша бӛлу 
(Л.И.Вассерманның невротизация деңгейін диагностикалау әдістемесі бойынша 
%) 
 
Сыналушылар таңдауы 
Невротизация деңгейі 
Жоғары деңгейі 
Тӛмен деңгейі 
Қазақ бӛлімінің 1 курс студенттері 
32,7 
67,3 
Орыс бӛлімінің 1 курс студенттері 
15,5 
84,4 
Қазақ бӛлімінің 3 курс студенттері 
18,8 
81,2 
Орыс бӛлімінің 3 курс студенттері 
22,2 
77,8 
1 және 3 курс бойынша нәтижелерді салыстыру барысында аталмыш 
таңдаудың этномәдени факторы мәнді рӛл атқармайтындығы анықталды, 
үшінші курс студенттерінің кӛрсеткіштері орыс немесе қазақ бӛлімінде оқу 
бағытына қарамастан теңеледі.
Адамның стреске тӛзімділігі оның іс-әрекетіне, қоршаған ортасына және 
ӛзінің денсаулығына зиянсыз іс-әрекет ету ерекшеліктерімен шарталған
интеллектілі, ерік, эмоциялы жүктемелерге шыдауға мүмкіндік беретін 
тұлғалық қасиетінің жиынтығымен анықталады. Холмс және Ригенің стреске 
тӛзімділікті және әлеуметтік бейімделуді диагностикалау әдістемесі бойынша 
алынған мәліметтер стреске қарсыласу дәрежесінің айырмашылығын кӛрсетті. 
Екі таңдауда да студенттердің жартысынан кӛбісі стреске қарсыласудың 
орташа табалдырықты дәрежесімен сипатталды. Қазақ бӛлімінің арасында 
студенттердің стреске қарсыласуының тӛмен деңгейі 9,5% кӛп екендігі 
анықталды.


100 
Стюдент t-критериясының кӛмегімен эмпирикалық және сынамалы 
мәндерді салыстырудың негізінде | t |>tсын.(а<0,01) аламыз: 1-курс орыс бӛлімі 
студенттерінің стреске тӛзімділігі 1-курс қазақ бӛлімінің студенттеріне 
қарағанда жоғарырақ.
Стюдент t-критериясының кӛмегімен орыс және қазақ бӛлімдерінің 3-курс 
студенттерінде стреске тӛзімділік кӛрсету деңгейінің статистикалық мәнді 
айырмышлықтардың болмауы бойынша нӛлдік болжам қабылданды.
Кесте 4 - Сыналушылардың стреске тӛзіміділігінің деңгейі бойынша бӛлу 
(Холмс және Риге бойынша стерске тӛзімділікті және әлеуметтік бейімделуді 
диагностикалау әдістемесі бойынша % есебінде) 
Сыналушылар таңдауы 
Cтреске қарсыласу дәрежесі 
Жоғары 
(150-199) 
Орташа 
(200-299) 
Тӛмен 
(>300) 
Қазақ бӛлімінің 1 курс студенттері 
27,3 
50,5 
22,2 
Орыс бӛлімінің 1 курс студенттері 
20,0 
67,3 
12,7 
Қазақ бӛлімінің 3 курс студенттері
27,7 
53,3 
19 
Орыс бӛлімінің 3 курс студенттері 
28,8 
51,1 
20,1 
Кестеден 1-курс бойынша таңдаулардың арасында стреске тӛзімділігінің 
барлық дәрежесі бойынша статистикалық мәнді айырмышылықтар кӛрсетілсе, 
3-курс 
бойынша 
таңдаулардың 
арасында 
статистикалық 
мәнді 
айырмашылықтар 
байқалмады. 
Жастық 
шақтағы 
психоэмоционалды 
бұзылыстар, атап айтқанда мазасыздану – депрессивті бұзылыстар 
студенттердің оқу және қоғамдық ӛміріне, сондай-ақ олардың жеке ӛміріне 
тікелей ықпал етіп, үлкен әлеуметтік бейімсіздігіне әкеп соғады. Бұл ӛз 
кезегінде аталмыш мәселелердің дер кезінде айқындалып, емделуін және алдын 
алуды талап етеді. 
Бейімделу әлеуетінің зерттеу нәтижесінде қазақ-студенттерінің 27,7% 
бейімделу әлеуеті тӛмен екендігі анықталды. Бұл кӛрсеткіш олардың 
ригидтілігін, қажет жағдайларға бейімделе алмаушылығын білдіреді. Олар жаңа 
жағдаяттарды қиындықпен кешіреді. Бұл топ студенттерінің жартысы 
қанағаттанарлық бейімделу әлуетімен сипатталады. Олардың бейімделудегі 
жетістіктері сыртқы орта жағдайларына байланысты. Осы топ студенттерінің 
бестен бір бӛлігінің бейімделу деңгейі жоғары болды. Олар жаңа жағдаяттарға 
жеткілікті дәрежеде жеңіл бйімделіп, жаңа ұжымға жылдам үйреніседі, 
олардың эмоциялық тұрақтылығы жоғары. Салыстырмалы талдау орыс тілінде 
білім алатын студенттер санының бейімделу қабілеті 7,7% тӛмен екендігін 
кӛрсетті.
Үшінші курсқа қарай екі бӛлімнің де студенттерінің бейімделу әлеуеті 
артады.


101 
Кесте 5 - Сыналушылардың бейімділік әлеуетінің деңгейі бойынша бӛлу 
(А.Г.Маклаков және С.В.Чермяниннің МЛО-АМ сауалнамасы бойынша % 
есебінде) 
Сыналушылар 
таңдауы 
Бейімділік әлеуетінің деңгейі 
Тӛмен 
деңгейі 
Қанағаттанарлық 
деңгей 
Жоғары
деңгейі 
Қазақ бӛлімінің студенттері 
27,7 
52,2 
20,0 
Орыс бӛлімінің студенттері 
20,0 
55,5 
24,4 
Қазақ бӛлімінің 3 курс
студенттері
19 
53,3 
27,7 
Орыс бӛлімінің 3 курс
студенттері 
20,1 
51,1 
28,8 
Крускал-Уоллис Н-критериясының кӛмегімен сыналушылардың тӛрт 
таңдауындағы зерттелінген белгінің деңгейі бойынша (бейімделу әлеуеті) 
айырмашылықтарды анықтау міндеті кӛзделді. Нэмп. < Нсын., мұндағы р≤0,01. 
Сыналушылардың үш тобы (1-курс орыс бӛлімі, 3-курс қазақ бӛлімі, 3-курс 
орыс бӛлімі) бейімделу әлеуеті бойынша бір-бірінен ерекшеленбейді.
Сонымен бірге МЛО-АМ сауалнамасының кӛмегімен адамгершілік 
нормативтілігі бойынша нәтижелер алынды. 
Кесте 6 - Сыналушылардың адамгершілік нормативлітігінің деңгейі 
бойынша бӛлу (А.Г.Маклаков және С.В.Чермяниннің МЛО-АМ сауалнамасы 
бойынша % есебінде) 
Сыналушылар таңдауы 
Адамгершілік нормативтілік деңгейі
Тӛмен 
деңгейі 
Қанағатта 
нарлық деңгей 
Жоғары 
деңгейі 
Қазақ бӛлімінің студенттері 
10,0 
56,6 
33,3 
Орыс бӛлімінің студенттері 
13,3 
61,2 
25,5 
Қазақ бӛлімінің 3 курс
студенттері
7,7 
53,3 
39 
Орыс бӛлімінің 3 курс
студенттері 

51,1 
39,9 
Бірінші курс студенттерінің кӛпшілігінің адамгершілік нормативтілігінің 
деңгейі орташа екендігі анықталды. Бұл олардың студенттер ортасындағы 
адамгершілік нормаларының дамығандығын дәлелдейді. Адамгершілік 
нормативтілігінің кӛрсеткіші бойынша кӛрсетілген жоғары деңгейдегі сандық 
айырмашылықтарды белгілеуге болады: қазақ бӛліміндегі студенттердің 
арасында мұндай студенттер 7,8%-ға жоғары (Стюдент t-критериясының 
кӛмегімен статистикалық мәнді айырмашылықтар белгіленді). Аталмыш 
сауалнаманы талдау нәтижесінде мұндай студенттер ұжымда ӛз мәртебесін 


102 
шынайы бағалап, жалпыға бірдей қоғаммен қабылданған мінез-құлық 
нормаларын сақтауға бағдарланатындығы анықталды. Үшінші курсқа қарай екі 
бӛлімде де жоғары деңгейді білдірген студенттер саны жоғарлайды.
Мазасыздануды тұлғаның бітісі ретінде дәл жастық шақта зерттеудің 
маңыздылығы 
аталмыш 
жас 
шамасында 
субъектінің 
интенциялды 
құрылымының 
жеткілікті 
дәрежеде 
қалыптасатындықтан 
тұлғалық 
ұйымшылдылығының тұрақтылығын айтуға болды. Жастық шақта мазасыздану 
даму дағдарысын анықтайтын феномен болудан қалып, оңтайланады немесе 
тұлғаның бір бӛліміне айналады
Ч.Спилгергер мен Ю.Ханиннің әдістемесін жүргізудің нәтижесінде 
тұлғалық мазасыздану бойынша келесі нәтижелер алынды. Бірінші курс қазақ 
бӛліміндегі студенттерінің 26,6% және орыс бӛлімінің 33,3% тұлғалық 
мазасызданудың тӛмен деңгейі тән. Бұл ретте жағдай ӛзін-ӛзі бағалау және 
ӛзін-ӛзі сыйлау үшін қауіпті деп қабылданбайды. Мазасызданудың деңгейі 
тӛмен 
болған 
студенттерге 
белсенділіктің 
жандануы, 
іс-әрекеттің 
мотивациялық құрылымыдарына кӛңілдің бӛлінуі, қызығушылықтың оянуы, 
кейбір міндеттерді шешуде жауапкершілік сезімі қажет болуы мүмкін. Орыс 
бӛлімдегі сыналушылардың 22,2% және қазақ бӛлімінің 32,2% жағдайлардың 
жеткілікті дәрежедегі кең аумағын қаупті деп қабылдау бетбұрысы байқалды, 
олар жағдайларды әрқайсысына нақты реакциямен жауап береді. Бұл 
студенттер (тұлғалық мазсыздану деңгейі жоғары) стрестік ықпал ететін 
жағдайға кӛбірек және аса назар аударады, яғни әртекті жағдайларда 
мазасыздану күйінің кӛрініс беретіндігін болжауға болады, әсіресе оның 
құзыреттілігіне және абыройына байланысты болса. Сондай-ақ, олар ӛзін-ӛзі 
бағалау мен ӛмір тіршілік әрекетіне тӛнген қауіпті жағдайдың кең аумағын 
қабылдауға бейімді және оған мазасызданудың біршама айқын күйімен назар 
аударады. Орыс бӛлімінің 44,4 % және қазақ бӛлімінің 41,1 % студенттеріне 
тұлғалық мазасызданудың қалыпты деңгейі тән. Бұл студенттер шынайы 
қауіпті жағдайларды кӛбінесе бара-бар қалпында қауіпті деп қабылдайды. (№5 
кесте). 
Кесте 7 - Ч.Спилгергертің әдістемесі бойынша тұлғалық мазасыздану 
деңгейінің кӛрсеткіштері ( %) 
Сыналушылар таңдауы 
Тұлғалық мазасыздану деңгейі 
Тӛмен 
Орташа 
(қалыпты) 
Жоғары 
Қазақ бӛлімінің 1 курс
студенттері 
33,3 
44,4 
22,2 
Орыс бӛлімінің 1 курс
студенттері 
26,6 
41,1 
32,2 
Қазақ бӛлімінің 3 курс
студенттері
34,4 
48,8 
16,6 
Орыс бӛлімінің 3 курс
студенттері 
35,5 
46,6 
17,7 


103 
Ситуативті мазасыздану стрестік жағдайға туындаған эмоцияналды 
реакция ретінде кӛрініс беретін күй екендігі белгілі. Біз ситуативті мазасыздану 
мен оның қарқындылығын белгіледік. Орыс бӛлімінің 1-курс студенттерінің 
44,4 %-ның ситуативті мазасыздану деңгейі тӛмен болса, қазақ бӛлімінің 1-курс 
студенттерінің 38, 8 %-ның ситуативті мазасыздану деңгейі тӛмен екендігі 
анықталды. Орыс бӛлімінің 22,2 % және қазақ бӛлімінің 34,5%-нда ситуативті 
мазасыздану деңгейі жоғары. Ситуативті мазасызданудың қалыпты деңгейі 
орыс бӛлімінің 44,4 % және қазақ бӛлімінің 38, 8 % тән.
Стюдент t-критериінің кӛмегімен эмпирикалық және сынамалы мәндерді 
салыстыра отырып, |t|>tсын.(а<0,01) екендігі анықталды: сәйкесінше, 
альтернативті Н1 болжамы қабылданады: 1-курс қазақ бӛлім студенттерінің 
ситуативті мазасыздануларының деңгейі орыс бӛліміндегі студенттермен 
салыстырғанда біршама жоғары. Тұлғалық мазасыздану деңгейі бойынша да 
осы тектес нәтижелер алынды. Орыс және қазақ бӛлімдерінің 3-курс 
суденттерінің 
ситуативті 
және 
тұлғалық 
мазасыздану 
деңгейінің
айырмашылықтары статистикалық маңызды емес.
Кесте 8 - Ч.Спилгергер мен Ю.Ханиннің әдістемесі бойынша жағдаяттық 
мазасыздану деңгейінің кӛрсеткіштері (% есебінде) 
Сыналушылар таңдауы 
Жағдаяттық мазасыздану деңгейлері 
Тӛмен 
Орташа 
(қалыпты) 
Жоғары 
Қазақ бӛлімінің 1 курс
студенттері 
33,3 
44,4 
22,2 
Орыс бӛлімінің 1 курс
студенттері 
26,6 
38,8 
34,5 
Қазақ бӛлімінің 3 курс
студенттері
23,3 
51,1 
25,5 
Орыс бӛлімінің 3 курс
студенттері 
23 
50 
27,7 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет