Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет26/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

3 
СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ДЕНСАУЛЫҒЫН 
ДАМЫТУ 
МӘСЕЛЕСІНЕ 
АРНАЛҒАН 
ТӘЖІРИБЕЛІК-
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҦМЫС 
3.1 Студенттердің психологиялық денсаулығы ерекшіліктерін 
эксперименттік тҧрғыда зерттеу жҧмысы 
Тәжірибелік-эксперименталды зерттеудің мақсаты ЖОО-ның қазақ және 
орыс бӛлімінің 1 және 3 курс студенттерінің психологиялық денсаулығының 
ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. 
Зерттеудің міндеттері: 
1. Студенттердің психологиялық денсаулығының интегралды-тұлғалық 
қасиеттерін зерттеу: невротизациялық деңгейі, стреске тӛзімділік деңгейі,
бейімділік ерекшелігі, мазасыздану деңгейі. 
2. Психологиялық денсаулықтың рефлексиялық құрамын зерттеу: ӛзін-ӛзі 
бағалау, бақылау локусы. 
3. Психологиялық 
денсаулықтың эмоционалды құрамын зертттеу: 
эмоционалды ақыл-ой даму деңгейін және тұлғаның эмоционалды қасиетінің 
жүйесін. 
4. Психологиялық денсаулықтың құндылық-мағыналық және рухани - 
адамгершілік құрамын зерттеу: құндылы бағдар жүйесін және ӛзін-ӛзі 
белсендіру деңгейін.
5. ЖОО-ның қазақ және орыс бӛліміндегі студенттердің психологиялық 
денсаулық құрамының даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізу. 
6. 1 және 3 курс студенттерінің психологиялық денсаулықтарының даму 
ерекшелігіне салыстырмалы талдау жүргізу. 
Қойылған міндеттерге байланысты келесі реттегі зерттеу әдістері 
таңдалды: 
1. Психологиялық денсаулық құрылымына сәйкес келетін 4 компонентті 
әдістемесін құрайтын диагностикалық әдістеме кешені. 
1) интегралды-тұлғалық қасиеттер компоненті: 
– Л.И.Вассерманның 
невротизациялық 
деңгейін 
диагностикалау 
әдістемесі (А қосымша); 
– Холмс және Ригенің
стреске тӛзімділік және әлеуметтік бейімділікті 
диагностикалау әдістемесі (Ә қосымша);
– А.Г. Маклакова, С.В.Чермякинаның «Бейімділік» атты кӛп деңгейлі 
тұлғалық сауалнамасы (КТС-Б) ( Б қосымша);
- Ч.Д.Спилберг және Ю.Л. Ханиннің мазасыдануды диагностикалау 
әдістемесі ( В қосымша); 
2) Рефлексиялық компоненті: 
– Н.М.Пейсаховтың нұсқасындағы С.Будассидің шкалалыры бойынша 
ӛзін-ӛзі бағалаудың тиімділігі деңгейінің диагностикасы (Г қосымша);
– С.Бажин, А.Эткинд, Е.Голынкинаның (Дж.Роттердің шкаласының 
негізінде) субъективті бақылау деңгейін анықтау әдістемесі (Ғ қосымша); 
3) Эмоционалдық компонент:


98 
– Н.Холдың эмоционалды ақыл-ой деңгейін бағалау әдістемесі (Д 
қосымша); 
– А.Леонованың нұсқасындағы К.Изардтың «Дифференциалды эмоциялар 
шкаласы» атты әдістемесі (Е қосымша); 
4) Құндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті: 

М.Рокичтің мазмұндық және құралдық құндылықтар тізімін қолдану 
арқылы студенттердің құндылықтар бағдарының жүйесін айқындау және 
В.А.Ядовтың тұлғалық диспозициялар бойынша оңтайлылылығын бағалау 
(1995 ж.) (Ё қосымша);
– САМОАЛ сауалнамасы (психологиялық денсаулықтың сындарлы 
ықпалы ретінде студент тұлғасының ӛзін-ӛзі белсендіру деңгейін айқындау 
үшін арналған) (Ж қосымша); 
2. Алынған мәліметтерді ӛңдеу үшін SPSS 16$S-ң мәліметтерді
статистикалық тұрғыда ӛңдеудің қолданбалы бағдарлама жинағы қолданылды; 
Спирменнің Rs корреляциялық талдауы, салыстырмалы топ әдістері 
(эксперименталдық 
топтың 
бір 
уақытта 
үш 
топтың 
арасындағы 
айырмашылықтың анықтығының критериясы – Крускала-Уоллисaның H-
критериясы, Манна-Уитнидің U-критериясы, Стьюденттің t-критериясы). 
Экспериментке келесі ЖОО-нан таңдалынған сыналушылар, әр түрлі 
мамандықтағы қазақ, орыс бӛлімдерінің 1-3 курс студенттері, барлығы 360 
студент қатысты: Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университетінен 80 студент: 1 курс қазақ бӛлімінен 20 студент, 
1курс орыс бӛлімінен 20 студент; 3 курс қазақ бӛлімінен 20 студент,3 курс орыс 
бӛлімінен 20 студент. Ӛскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс 
Қазақстан мемлекеттік университетінен 80студент: 1 курс қазақ бӛлімінен 20 
студент, 1курс орыс бӛлімінен 20 студент; 3 курс қазақ бӛлімінен 20 студент, 3 
курс орыс бӛлімінен 20 студент. Талдықорған қаласындағы И. Жансугуров 
атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен 120 студент: 1 курс қазақ 
бӛлімінен 30 студент, 1курс орыс бӛлімінен 30 студент; 3 курс қазақ бӛлімінен 
30 студент, 3 курс орыс бӛлімінен 30 студент. Семей қаласындағы Шәкәрім 
атындағы мемлекеттік университетінен 80студент: 1 курс қазақ бӛлімінен 20 
студент, 1курс орыс бӛлімінен 20 студент; 3 курс қазақ бӛлімінен 20 студент, 3 
курс орыс бӛлімінен 20 студент. 
Студенттердің 
психологиялық 
денсаулығына 
тәжірибелік-
эксперименталды зерттеу жүргізу кезеңінде, диагностика ӛткізуден 4 бӛлімді 
қамтыған компоненттік құрылым негізінде алынып, психологиялық 
денсаулықтың даму факторы анықталды [254,255]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет