Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Қҧндылық – мағыналық және рухани- адамгершілік компоненті



Pdf көрінісі
бет56/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Қҧндылық – мағыналық және рухани- адамгершілік компоненті
«Ия сӛзіне еру» техникасы 
Ӛз ӛміріңіздің ережесі ретінде түрлі жағдайларда тек «Ия» сӛзіне еруді 
басшылыққа алыңыз. Мысалы, бір ай кӛлемінде жоқ сӛзіне мүлдем ермеңіз. 
«Ия» сӛзімен кӛбірек жұмыс жасаңыз. Дегенмен «жоқ» позициясы басылмауы 
керек. Егер сіз «жоқ» сӛзімен күрессеңіз оның ӛсуіне ықпал етесіз, бұл жерде 
психологиялық заңдылық іске асады – біз неге қарсы тұрсақ сол керісінше 
ӛседі. Мүлдем жоқ позициясына назар аудармаған жӛн. Берілген техниканың 
сәттілігі сіздің басу және назар аудармау сияқты процестерді түсінуіңізге 
байланысты. Соңғысы сіз ӛз келіспеушіліктеріңізбен қарсы жұмыс 
жүргізбейсіз, тек оның бар екенін біле тұра «ия» позициясына ересіз. 21 күн 
аралығында техниканы орындау кезінде әлемді кері әсер арқылы қабылдау 
мүлдем жойылғанын байқайсыз. Барлық келіспеушіліктер жойылып, ал 
қарсылық 
білдіруге 
жұмсалушы 
энергия 
босап 
тұлға 
дамуына 
жұмылдырылады. 
Эмоционалды компоненті
«Сыйлық» жаттығуы.
Барлық қатысушылар шеңбер бойына отырады. Әрқайсысымыз сол жақ 
кӛршімізге сыйлық ұсынамыз. Сыйлықты үнсіз тапсыру керек, бірақ сіздің 
кӛршіңіз не беріп жатқаныңызды түсінуі керек. Сыйлықты алушы адам оған не 
сыйлап жатқанын түсінуі керек. Барлығы сыйлықты алып аяқталғанша
ешнәрсе айтуға болмайды. Барлық іс– әрекет үнсіздікте ӛтеді. Барлығы сыйлық 
алып шеңбер тұйықталған кезде, тренер соңғы сыйлық алған адамнан оның не 
алғанын сұрайды. Ол жауап берген соң тренер сыйлықты берген адамнан не 
бергенін сұрайды. Егер жауаптарда сәйкестік болмаса неліктен түсініспеушілік 
болғанын білу керек. Егер топ мүшесі оған не сыйлағанын айта алмаған болса, 
ол туралы топтан сұрауға болады. Алынған материал қарым – қатынас 
барысында ақпарат алмасуға қатысты идеяларды талқылауға мүмкіндік береді.
Жаттығуды талқылау кезінде қатысушылар қарым–қатынас процесін 
түсінуді жеңілдетуші шарттарды құруды талқылауы мүмкін. Әдетте мұндай 
шарттарға мәнділігін ерекшелеу, вербалды емес бейненің қалыпты құралдарын 
қолдану ӛз жаныңдағы адамға жеткілікті деңгейде назар аудару жатады. 
Құрамдық жоспарға жұмыс істеуші нәтижеге қосымша, қатысушылардың кӛңіл 
күйі жақсарады.


137 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет