Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет53/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Қҧндылық–мағыналық 
және 
рухани–адамгершілік 
компонент
Медитация-визуализация «Мен жҥзіп баратын кеме».
Ыңғайлы отырыңыз,  сізге ыңғайлы болып кӛрінетін жағдайда отырыңыз. 
Кӛзіңізді жұмып жаттығу аяқталғанша ашпаңыз. Сіздің денеңіз бірте бірте 
босаңси түседі. Сіз бұлшықеттегі қысым жойылуын байқайсыз. Әр айтылған 
сӛзбен денеңіздің әрбір бұлшықетін тыныштыққа бӛл, сізге жағымды 
босаңсыған әсер беруі керек. Сіздің тыныс алуыңыз бірқалыпты. Байыпты. Ауа 
ӛкпеңізге еркін еніп шығады. Жүрек нақты соғады. Ӛз ішкі кӛзқарасыңызды 
сол қолыңыздың саусақтарына қаратыңыз. Саусақтарыңыздың ұшы жылы 
судың бетін ұстаған секілді. Сіз саусақ ұштарындағы соғуды сезінесіз. Қолыңыз 
бірте бірте суға еніп баратынын сезінесіз. «Бұл таңғажайып су». Сіздің сол 
қолыңызды жуады. Босаңсыту арқылы қолыңызбен жоғары кӛтеріліп келеді. 
Иыққа дейін одан да жоғары.. Міне барлық қолыңыз жылы су астында 
жағымды жылулық сезінесіз... босаңсиды... Оң қол қантамырлары арқылы таза 
жаңарған қан жүруде Тыныс алу қалыпты... Жүрек қағысы нақты... Ал енді 
сіздің ішкі дүниеңіз оң қол саусақтарына бағытталған. (Мәтін толықтай оң қол 
үшін қайталанады).
Ӛз зейініңіздің сәулесін аяғыңызға ауыстырыңыз. Аяқтарыңыз босаңсыған. 
Олар жағымды жылулық сезінеді, от жанған пештен келген жылулық секілді. 
Сіздің аяғыңыз жалынды пеш іргесіндегідей сезім. Жылулық аяқпен жоғары 
кӛтеріліп келеді. Ол аяқ бұлшықеттеріне керемет тыныштық әкеледі. Аяқ 
босаңсып....Тыныс алу қалыпты.. Жүрек соғысы бірқалыпты... 
Сіздің денеңізде тағы бір жылулық кӛзі бар. Ол күннің түйіскен тұсында. 
Кішігірім күндей ӛз нұрын шашып Сіздің ішкі ағзаларыңызды жылулыққа 
бӛлеуде және оларға денсаулық сыйлауда. Іш және кеуде бұлшықеттері 
босаңсыған. Барлық дене бойымен босаңсытатын жылулық тарап барады, ол 
тыныштық сезімін ұялатады. Иық, мойын бойындағы қысым кеткендей. Бұл 
жерге жинақталған қысым бірте бірте жоқ болып тарап баратынын сезінесіз. 
Сіз жатқан болсаңыз сол жатқан бет арқылы денеңіз жер жылуын сезінеді. Бұл 
күш Сізге денеңізді босаңсытуға кӛмек береді. Тыныс алуыңыз қалыпты. Жүрек 
қағысы біртекті. 


133 
Сіздің денеңіз босаң және тыныштықта. Сіз ӛзіңіз қалаған жерге бара 
аласыз. Сіз ӛзіңізді жайлы сезінетін жердесіз. Біреулер үшін ол ӛз үйі болуы 
мүмкін, біреулер үшін бала кезде тығылуды ұнататын бір бұрышы болуы 
мүмкін.
Ал енді ары қарай жылжимыз. Сіз жол бойымен келе жатып теңіз дауысын 
естисіз. Толқындар жағалауға шығып кері қайтуда. Теңіз жағалауында түрлі 
кемелер бар ерте грек кемелері, бригантины, атомоходы, авианосцы…. 
Сіз пирс бойымен келесіз жан – жағыңызға қызыға қарайсыз. Осы 
кемелердің ішіндегі қалағаныңыз сіздікі біліп қойыңыз. Ӛзіңізге лайықтысын 
таңдап алыңыз. Оны мұқият қарап шығыңыз. Ӛз кемеңізге отырыңыз. Сізді 
онда қалай күтіп алды? Кемеде кім бар екен? Әлде кемеде ешкім жоқ па? 
Кеменің ішін қарап шығыңыз. Капитан басқарушы орынға кӛтеріліңіз. Ӛзіңіз 
орналасатын бӛлмеге кіріңіз. Қарап кӛріңіз осы жерде бүктелген қағаз жатыр. 
Ашып кӛріңіз бұл карта. Онда сіздің бірінші саяхатыңыздың мақсаты бағыты 
кӛрсетілген. Мақсатыңыз не? Бару керек жердің атауы бар ма? Ӛз 
сапарыңызға шығыңыз. Сіз ӛз мақсатыңызға келесіз. Алыс па ол? Сізді жолда 
не күтіп тұр? Қазір сіз ӛзіңіздің саяхатыңыздың жалғастырасыз. Қазір сіз ӛз 
кино жалғасын кӛресіз. Қараңыз.
Жүргізуші 2-3 минут үнсіз тұрады.
Енді бірінші саяхаттағы алғашқы тоқтайтын аялдамаға келдік. Міне сіздің 
саяхатыңыз да тамам. Кейіннен сіз міндетті түрде ӛз кемеңізге жолыңызды 
жалғастыру үшін ораласыз. Ол үнемі сізді жағалауда күтеді. Сіз кемеден 
алшақтап кері болмеге оралып келесіз және ӛз денеңізді сезінесіз. 
Қазір мен 7 ден 1 ге дейн санаймын. Әр айтылған санмен сіз бірте бірте 
осы күйден шыға бересіз. Мен 1 санын айтқанда сіз толықтай сергек күйде 
оянасыз. 
Жаттығуды талдау кезінде күй рефсеклиясымен қосымша мынадай 
сұрақтарға жауап алған жӛн:
- Сіз ӛзіңізге қандай кеме таңдадыңыз? 
- Оның түсі қандай? 
- Оның атауы қандай? 
- Сізді кемеде біреу күтіп алды ма? 
- Кемеде ӛзіңіз үшін қызықты не таба алдыңыз? 
- Сіздің жүзудегі мақсатыңыз не? 
- Соңғы аялдама атауын кӛре алдыңыз ба? 
- Кеменің порттан шығу кезіндегі ауа райы қандай еді? 
- Жол бойында сізге не болды?
Қорытындысын шығару. Талдау. 
Жаттығуды орындаған соң не сезіндіңіз, сонымен қатар ӛзге 
қатысушыларды бақылай отырып не кӛре алдыңыз?
Қатысушылар ӛз сезімдерімен топпен бӛліседі [261].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет