Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


 сабақ  Интегралды – тҧлғалық қасиеттер компоненті



Pdf көрінісі
бет57/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

11 сабақ 
Интегралды – тҧлғалық қасиеттер компоненті  
«Гравитация» жаттығуы
Орындыққа 
ынғайланып 
кӛзімізді 
жұмып 
отырамыз. 
Ӛзіңізге 
гравитациялық алаңы бар қияли әлемді елестетіп кӛріңіз. Тартылыс күшінің 
ауытқулары сіздің тынысыңызбен сәйкес келеді. Кірісте тартылыс күші 
тӛмендеп дене салмақсыздықта болады. Шығу кезінде күш бірден ӛсіп 
бұлшықеттер жиырылады.
Сонымен, кӛзіміз жабық орындыққа ынғайланып отырдық. Тартылыс күші 
тыныс алу жиілігімен ӛзгереді, кірісте азаю байқалып дене салмақсызданады, 
шығар алдында бірден күш ұлғайып дене салмақ қосады. Бастайық! (үзіліс 1 
минут) Енді әрбір қатысушы қаншалықты тартылыс күшінің ӛзгерісін 
байқағанын сезінгенін айтып берсін. Денеңіздің қай бӛліктерінде Сіз жеңілдік 
пен салмақ барын сезіндіңіз. Жүргізуші Сіздің бақылауларыңыздың 
қорытындысын шығарады.
АТ жаттығуы – эмоционалды күйдегі медитация. Жаттығулар барысында 
визуализацияланған бейнелер проекциясының ӛзіне, ӛзіндік күйзеліске ӛтуі іске 
асады. Қиял фокусы белгілі бір объектіге немесе пейзажға емес оны кӛргенде 
туындаған сезімге бағытталады.
Рефлексиялық компонент 
«Ҧстаным» жаттығуы 
Жүргізуші ережелермен таныстырып ӛтеді: «Топ мүшелері ӛздерін 
таныстырады, таныстыру олар топ ішінде ӛздерін қалай атағанын қаласа солай 
танысып, және қандай ӛмірлік ұстаным жазылған киім киетінін айтады, 
сонымен қатар ол сӛз тіркесі оның ӛмірлік позициясын кӛрсетіп, ал киім түсі 
мінез – құлқын анықтауы керек». 
Қҧндылық – мағыналық және рухани – адамгершілік компоненті 
Р.Ассадижоли психосинтезінің техникасы 
Топты шеңбер бойымен тұрғызып «Роберто Ассаджиоли психосинтез 
концепциясының авторы тағдырға бізді қиын, жағымсыз және қолайлы емес 
адамдармен кезіктіргеніне рахмет айту керектігін айтқан. Олармен қарым – 
қатынасқа түсу барысында біз ӛзіміздің бойымызда пайдалы психологиялық 
сапаларды дамыта аламыз. Егерде бір адам біздің мазамызды алса, ол шыдамды 
болуға үйретеді, егер адам мінезі бізге қарама – қайшы болса және ол іс – 
әрекет барысында анық байқалса, біз ӛзге адамды қабылдауға үйренеміз, егер 
ӛзге адам тіпті инпульсивті болып үнемі сӛзімізді бӛлсе біз бұл ретте ӛз 
бойымыздан тӛзімділікті табар едік».
Сонымен, біз ӛзгелердің алдымызға қойған мәселелеріне қарап ӛзіміздің 
бойымыздан пайдалы жағымызды кӛреміз, дегенмен қиындықтар бізге 
жағымды да адамдармен туындап тұрады.
Бұл ретте назарымызды топ мүшелері және тренер арасында туындап 
тұратын қиындықтарға бӛлсек. Ең алдымен қиындықтың ӛзін түсіну қажет, 
содан соң ол қиындық біздің бойымызда қандай қасиетті дамытатынын 
анықтап алармыз. Соны анықтап алғаннан соң біз «Айгерім сенімен қарым – 


138 
қатынас барысында мен ӛз бойыма ерікті зейін қою қасиетін дарыттым». Олай 
деп біз айтқан болсақ ол адам бізге «Не себепті?» деген сияқты сұрақ қояры 
анық. Бұл сауалға «ӛйткені маған кей кездері ұзақ сӛздің мәнін толықтай ұғыну 
қиын» деп жауап беруге болар.
Ең басты шарт, айтылған сӛздің түсіндірмесі «Мен - хабаршы» тұсынан 
айтылғаны жӛн. Жаттығудың мәні қарым – қатынас барысындағы ӛзіндік 
қиындықтарды байқау арқылы біз оларды ӛзгеге айтып, неге бұл қиындық тек 
сол адаммен сӛйлесу кезінде туындайтынын түсіндіру керек. Бірақ оны ерекше 
әдіспен «психосемантикалық», ӛзге адамның тұлғалық тұтастығын сақтай 
отырып іске асырған жӛн.
«Мен - хабаршы» мәні қиындық мен үшін құрылып, оны шешу барысында 
жақсылыққа ӛзгеру жүреді. «Сен - хабаршы» мәні сен менің алдыма 
қиындықты қойған соң, мен ӛз – ӛзімді ӛзгертуім керек. Біз үшін «Сен - 
хабаршы» үйреншікті, дегенмен оны «Мен - хабаршыға» алмастыру жӛн 
болары анық.
«Сен - хабаршы» Сен ӛте кӛп сӛйлегендіктен маган оған аса зейін қойып 
тыңдау керек.
«Мен - хабаршы» Сенімен қарым – қатынас барысында мен ӛз бойыма 
еріксіз зейінді дамытамын.
«Сен - хабаршы» Сен үнемі бет перде киінген бет әлпетпен 
отыратындықтан, сенің қандай екеніңді түсіну ӛте қиын.
«Мен - хабаршы» Сенімен таныс болғаныма тағдырыма мың алғыс, 
ӛйткені сенімен қарым – қатынасқа түсу барысында мен ӛзімнің психологиялық 
байқағыштық қасиетімді дамыта түстім. (Егер түсініктеме берер болсақ: Ол 
ӛйткені маған вербалды емес ӛте байқалмайтын сигналдарды кӛру ӛте қиын. 
Сол себепті мен үнемі күлімдеген, кӛп сӛйлейтін адамдарды бақылап 
отырамын).
Кей кездері топ мүшелеріне қарым – қатынастың жағымды жағынан 
қиындықтарға ауысу ауыр. Олардың бірқатары ӛз сӛздерінде ӛзге адамның 
жағымды жақтарын атап ӛтеді. Мысалы: «Сенімен үнемі бірге жүріп, сенен 
шыдамдылыққа үйрендім, сен ӛте шыдамды жансың». Мұндай жағдайда 
ережені қайталаған жӛн.
Жаттығу тек әрбір қатысушы бір рет ӛз ойын айтқан соң аяқталады. Содан 
соң топқа сұрақ қоюға болады: «Бұл жаттығу не береді?» Әдетте қатысушылар 
бұл жаттығу арқылы ӛз кемшіліктерін түсінгенін айтады, яғни ӛзге адамды 
ешбір ӛзгеріссіз қабылдау керек екенін. Содан соң жаттығу ӛзге адамдардың іс 
– әрекеті олармен қарым – қатынасты қиындататынын түсінуге мүмкіндік 
береді. 
Нәтижесінде 
қатысушылар 
жаттығуда 
пайдаланылған 
«психосемантикалық» моделді ӛте жоғары бағалайды, және олармен қарым – 
қатынас кезінде бізде қандай қиындықтар пайда болатынын түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет