{$APPTYPE CONSOLE} uses SysUtils;
begin
Writeln; Writeln(‘Ана тілі’);
Writeln;
Writeln(‘Ана тілің арың бұл,’);
Writeln(‘Ұятың боп тұр бетте.’);
Writeln;
Writeln(‘Қ.Мырзалиев‘);
Writeln;
readln;
end.
Бағдарламаны орындап, нәтижесін көріңіз. Текстің экранда орналасуына назар аударыңыз
2. Мына жолдарға өзгерістер енгізіңіз
Writeln (‘Ана тілі’:20);
Writeln (‘К. Мырзалиев’:30);
Бағдарламаны орындап, нәтижесін көріңіз. Қандай айырмашылық бар? 20 және 30 цифрларын өзгертіңіз. Нәтижесіне түсініктеме беріңіз. :30 жазуы қандай қызмет атқарады?
Тапсырма. Өзіңіз туралы ақпаратты шығару бағдарламасын құрыңыз. Бағдарламаны сақтаңыз.
2.2 Мәндерді енгізу
read(ln) – сандық мәндер, символдар, жолдар клавиатурадан енгiзіледі.
Жазылу форматы: read(ln)(айнымалылар тiзiмi);
Жазылу түрлерi:
readln(x) – x-тiң мәнiн клавиатурадан енгiзу қажет.
readln(a,b)–a,b мәндерi клавиатурадан енгiзiледi.
readln- енгізу клавишасы басылғанын күтеді.
Read процедурасы орындалғанда, айнымалының мәнiн енгiзу үшiн бағдарлама жұмысында кiдiрiс болады. Айнымалының мәнiн клавиатурадан енгiзу қажет. Егер read процедурасында айнымалылар тiзiмi көрсетiлсе, онда тiзiмдегi айнымалылардың мәндерi клавиатурадан бос орынмен ажыратылып енгiзiледi. Әрбiр read процедурасынан соң Enter клавишасы басылады.
2 жаттығу. Жаңа терезеде мына жолдарды теріңіз
var x,y,a,b: integer;
begin
writeln(‘екі сан енгіз’);
readln(x, а); {2}
y:=10; {3}
writeln(x+y); {4}
b:=y+a;
writeln(‘b=’,b); {5}
readln;
end.
Орындап нәтижені қараңыз да, дәптерге жазып алыңыз
1) Мына {4} жолды өзгертіңіз:
Writeln (‘у+х=’, х+у);
Орындап нәтижені қараңыз. Қандай өзгеріс бар? Қорытынды жасаңыз.
4. Мына 6,7 жолды теріңіз:
writeln (y,’+’, a, ‘=’ , b); {6}
Writeln (‘x=’, x, ‘y=’:10, y,‘a=’:10, a); {7}
Орындап нәтижені қараңыз. Қандай өзгеріс бар? Қорытынды жасаңыз. «:» белгісі қандай қызмет атқарады?
Тапсырма:
1. Екі сан енгізіп, олардың қосындысының квадратын, көбейтіндісін табатын және нәтижені экранға шығаратын программа құрыңыз.
2. Шеңбердің радиусы берілген. Ұзындығы мен ауданын табыңыз.
3.Өзіңіз білетін мақалды экранға шығаруды бағдарламалаңыз.
4.Осы айдың аты мен күнін сұрап, бүгінгі күн мен айды шығаратын бағдарлама құр.
№1 зертханалық жұмыс. Тармақталған құрылымды программалау.
2.1 Шартты оператор. Шартты оператордың қысқа және толық формалары.
Мақсаты: Шарттық оператордың жазылуы мен пайдаланылуын меңгеру.
Теориялық бөлім
Белгiлi бiр шартты тексеру нәтижесiне байланысты екi түрлi iс-әрекеттiң бiреуi ғана орындалатын жағдайда шарттық оператор қолданылады. Шарттық оператордың жазылу форматы:
Толық түрi: If <шарт> then <1 оператор >
еlse <2 оператор >;
Шарт нәтижесі ақиқат болса 1 оператор, ал жалған болса 2-оператор орындалады.
Қысқа түрi: If <шарт> then <1 оператор >;
Шарт нәтижесі ақиқат болса 1 оператор орындалады, ал жалған болса еш нәрсе орындалмайды.
Шарттық қатынастардың жазылуы: (<=); (>=); (<>)
1 жаттығу: Екi санның үлкенiн табу.
program tarmak1;
{$APPTYPE CONSOLE} uses SysUtils;
var x, y, z: real; х,у-берiлген сандар, z-нәтиже
begin
writeln (‘2 сан енгiз’);
readln (x, y);
{1} if x>y then z:=x егер x >y болса, онда нәтиже х болады
еlse z:=у; әйтпесе нәтиже y болады
{2} writeln (z);
readln;
end.
Бағдарламаны бірнеше рет орындап, әр орындағанда әр түрлі сандар енгізіңіз. Нәтижесін қараңыз.
2 жаттығу: Енгізілген екі санның тең немесе тең еместігін анықтау.
{1} жолды былай өзгертіңіз
if x=y then writeln (‘екеуі тең‘)
еlse writeln (‘екеуі тең емес‘);
Қысқаша түрі
3 жаттығу: Енгізілген сан оң сан болса, оның квадрат түбірін табу.
program tarmak2;
{$APPTYPE CONSOLE} uses SysUtils;
var x, y, z: real;
begin
writeln (‘сан енгiз’);
readln (x);
{1} if x>0 then z:=sqrt(x);
{2} writeln (‘x=’,x,’түбірі z=’:15,z);
readln;
end.
Құрама оператор. Бiр-бiрiнен ажырамай тұтас орындалатын операторлар (;) арқылы ажыратылып құрама оператор түрiнде жазылады. Құрама оператор begin end операторлық жақша арасына алынады, оны бағдарламаның кез келген орнында орналастыруға болады.
Құрама оператор шарттық операторда болса, онда еlse алдында «;» қойылмайды.
4 жаттығу: Екі санның үлкенін 10-ға азайтып, кішісін 10-ға арттыру.
program tarmak4;
{$APPTYPE CONSOLE} uses SysUtils;
var x, y, z: real;
begin
writeln (‘2 сан енгiз’);
readln (x, y);
{1} if x>y
then
begin x:=x-10; y:=y+10; end 1- құрама оператор
еlse
begin y:=y-10; x:=x+10; end ; 2 - құрама оператор
writeln (‘ЖАУАП:);
writeln (‘x=’,x);
writeln (‘y=’,y);
readln;
end.
1)Бағдарламаны бірнеше рет орындап, әр орындағанда әр түрлі сандар енгізіңіз. Нәтижесін қараңыз.
2) 2-құрама оператордағы begin, end сөздерін алып тастап {begin } {end}, бағдарламаны орындаңыз. Қате туралы хабарламаны қараңыз. Дұрыстаңыз.
3) 2-құрама оператордағы end сөзінен соң «;» қойыңыз. Бағдарламаны орындаңыз. Қате туралы хабарламаны қараңыз. Дұрыстаңыз.
Құрама шарт.
«Және», «немесе», «емес» сөздерімен байланысқан жай шарттар тізбегі құрама шарт деп аталады.
Жай шарт: 5=5 – ақиқат; 15<7 – жалған; 15<7+23 – ақиқат;
Құрама шарт бағдарламада былай жазылады
7
а=25 немесе а=-25 (а=25) or (а=-25)
z 12-ден үлкен емес: емес(z>12) not(z>12)
Құрама шарт мысалы: (k=b) and және (aa)
Логикалық операциялар (not, and,or) мен арифметикалық қатынастар бiр өрнекте кездессе, олардың орындалу ретi мынадай:
1) not;
2) and, *, div, mod, / ;
3) or, xor, +, – ;
4) қатынас операциялары ( , , <, >, < >, )
Логикалық операциялардың жазылуы және нәтижелері кестесі
Операция
|
Жазылуы
|
A шарты
|
B шарты
|
Нәтиже
|
not (емес)
|
not(A)
|
true
false
|
--
--
|
false
true
|
and (және)
|
(A) and (B)
(A) & (B)
(A) (B)
(A) * (B)
|
true
true
false
false
|
true
false
true
false
|
true
false
false
false
|
Or (немесе)
| -
or (B)
(A) (B)
(A) + (B)
|
true
true
false
false
|
true
false
true
false
|
true
true
true
false
|
Жаттығу: а=-58, b =20, c=true, d=false мәндерiнде
s:=(a>5) and (b<8) or not(d or c) өрнегінiң нәтижесiн анықтау.
Шарт
|
a>5
|
b<8
|
(a>5) and (b<8)
|
d or c
|
not(d or c)
|
s
|
Нәтиже
|
false
|
false
|
false
|
true
|
false
|
false
|
Тапсырма:
-
Ауа температурасына байланысты күннің жылы немесе суық екендігі туралы хабарлама шығарыңыз.
2. Функцияның мәнiн есептеу бағдарламасын құр.
а) б)
3. Енгізілген сандардың біріншісі [-10;15] аралығында жатса, онда оны 2 еселеу; екіншісі теріс сан немесе 100-ден үлкен сан болса, онда оның таңбасын ауыстыру, ал үшінші сан 50-ге тең емес болса, онда оны 2 есе азайту.
Құрама шарт құруға нұсқау:
-101-сан 15:
2-сан0 немесе 2-сан>100
3-сан 50 ; емес(3-сан 50)
№2 Зертханалық жұмыс Таңдау операторы.
Теориялық бөлім
Таңдау операторы алгоритмде бiрнеше жағдайдың бiреуiн таңдау қажет болғанда қолданылады. If операторы екi жағдайдың бiреуiн орындайды, ал case операторы бiрнеше жағдайдың бiреуiн таңдайды. Жағдайлар таңдау айнымалысының мәнiне байланысты таңдалады.
Жазылу форматы:
case <таңдау айнымалысы> of
<1-тiзiм (мән)>:<оператор 1;>
<2-тiзiм (мән)>:<оператор 2;>
:<оператор n;>
[else <оператор>]
end;
Case операторының орындалу тәртiбi: Алдымен <таңдау айнымалысының> мәнi анықталады. Анықталған мән қай тiзiмге жатса, сол тiзiмге сәйкес келетiн оператор орындалады да, басқа операторлар орындалмай, case операторы жұмысын аяқтайды.
Егер <таңдау айнымалысының> мәнi тiзiмнiң ешбiреуiне жатпаса, онда else-де көрсетiлген <оператор> орындалады. Еlse болмаса, case операторы жұмысын аяқтайды.
Case операторын пайдалану ережелерi:
1. Таңдау айнымалысы мен тiзiмдегi мәндер бiр типтi болады.
2. Еlse тармағының болуы мiндеттi емес, кей жағдайда жазбауға болады, егер else тармағы жазылса, алдыңғы оператордан соң (;) қойылады.
3. Мәндер тiзiмiнде үтiрмен ажыратылған жеке мәндердi не-месе бастапқы және соңғы мәндерi “..” ажыратылған диапазонды көрсетуге болады.
4. <Операторда> “;”-мен ажыратылған бiрнеше операторды жазуға болады.
5. Таңдау айнымалысы литерлiк, бульдiк және пайдаланушының типтерiнде болады.
Ескерту: String, real типтегi айнымалылар таңдау айнымалысы бола алмайды!
1 жаттығу. Санның берілген аралыққа жататындығын анықтау.
program tandau_1;
var s:byte;
begin
write (‘санды енгiз:’); readln (s );
case s of
1..10: writeln (‘сан 1-10 аралығында’);
11..20: writeln (‘сан 11-20 аралығында’);
21..40: writeln (‘сан 21-40 аралығында’);
else
writeln (‘берілген аралықта жатпайды);
end; readln;
end.
Тапсырма:
-
Апта күнінiң нөмірі берілген. Ол күн қалай аталады? Күн нөміріне сай емес сан енгізілсе, ол туралы хабарлама шығады.
-
Айдағы күндер саны бойынша айдың атын анықта. Берілген сан дұрыс болмаса ол туралы хабарлама шығады.
Практикалық жұмыс
44. Асханадағы үстелдерге x оқушы 4-тен бөлiнiп отырды. Неше үстелге отырды, неше оқушы қалды.
45. 15 алманы 4 оқушыға бөлгенде неше алмадан алады, нешеу қалады ?
46. Енгiзiлген санның жұп немесе тақ екендiгiн анықтау.
47. Енгiзiлген саннан кейiнгi санды табу.
48. а және b сандарын енгiзiп, а санын b-ға арттыру (меншiктеу командасымен және функциямен).
49.Берiлген екi санның бөлiндiсiн дөңгелектеу.
50. 95 кодына сәйкес символды табу.
51. А әрпiнiң кодын табу.
52. Енгiзiлген символдан кейiнгi символды табу.
53. Енгiзiлген екi орынды санның цифрларын табу.
54. Берiлген х санын 3-ке арттырып, ал у санын 2-ге кемiтiп, қосындының айырмаға бөлiндiсiн дөңгелектеу.
5
б) var
x,y:real;
a,b:integer;
begin
a:=odd(b);
b:=x+y;
в) var
n:real;
k,m:integer;
begin
n:=k mod m;
k:=sin(m);
n=k/m;
5. Программа фрагментiнiң қатесiн тап.
а) var
x,y:real;
z: іnteger;
begin
z:=x/y;
56. Компьютер сенiмен сәлемдесiп, атыңды сұрап, экранға Сенiң атың ... (Самат) деген хабарлама шығарсын.
57.Бүгiнгi аптаның күнiн және сабақ санын сұрап, экранға күннiң атын және … сабақ деген хабарлама шығарсын.
59. Ж. Верннің романдарының бірі «Су астындағы 20 мың лье» деп аталады. (1 лье= 151,55 см). Егер қашықтық км – мен есептелсе, онда роман қалай деп аталады.
60. Дүкен әр автомашинаның бағасын 1,5 мың доллармен сатады. к автомашинаның бағасын тап. Теңгемен қанша болады?
61.Сүт фермасы күн сайын 1842 литр сүт сауады. Қандай да бір айдағы сауылған сүт мөлшерін тап.
62.Автомобиль жолдың ұзындығы бірдей 5 бөлігінде әр түрлі v1, v2, v3, v4, v5 жылдамдықпен жүрді. Машинаның орташа жылдамдығы қандай? Жолдың бір бөлігің ұзындығы х км болса, бүкіл жолға кеткен уақыт қанша?
63.Дүкенде костюмдік мата сатылады. Оның бір кв.м–нің бағасы а теңге. Ұзындығы х м , ені 80 см матаның бағасы қанша?
64. Үйдің қабырғасының ұзындығы b м, биіктігі h м. Tүсқағаздың бір рулонының ұзындығы 12 м, ені 2 м. Бір рулон k теңге тұрады. Бір қабырғаға жұмсалатын түсқағаз қанша тұрады?
68. Нәтижесi ақиқат болатын шарттарды жаз.
а) x және у сандарының әрбiреуi 5-ке тең.
б) х және у сандарының бiреуi 3- ке бөлiнедi.
в) х,у,z сандарының үшеуi де оң сандар.
г) х саны [a;b] аралығында жатады.
д) х саны 0-мен аяқталады.
76. Функцияның мәнiн есептеу программасын құр.
а) у= б) k= в) z=
г) y= д) z=tgx
79. Программа фрагментiн ықшамда
if a>b then c:=1
if a>b then d:=2
if a<=b then c:=3
if a<=b then d:=4
80. Операторлар орындалған соң а-ның мәнi нешеге тең?
a:=3 ;
if a<4 then
begin inc (a,2); inc (a,3); end.
81. Егер а тақ болса, с-нiң мәнi а+в өрнегiмен, ал а өзiнiң квадратымен ауыстырылады. Егер а жұп болса, с-нiң мәнi а*в өрнегiмен, ал а бес еселенедi.
82. Егер бiрiншi санның модулi екiншi саннан үлкен болса, онда 2-санды 3 дәрежеге шығарып, 1-санды қарама-қарсыға ауыстыру керек. Керi жағдайда 2-санның 1-санға бөлiндiсi табылады.
83. Функцияның мәнiн есептеу программасы құр
а) б)
в) г)
д) е)
84. Үш санның үлкенiн табу.
85. Координатасы (x;y) нүктенiң координаталар жазықтығының қай ширегiнде жататындығын анықта: (x<>0; y<>0).
86. Әр түрлi үш санның ортаңғысын табу, яғни ең үлкенiнен
кiшi, ең кiшiсiнен үлкенiн табу.
87. Берiлген үш санның оңдарының қосындысын табу.
88. Берiлген үш санның нешеуi 0-ге тең.
89. Клавиатурадан енгiзiлген үш санның ең үлкен екеуiнiң көбейтiндiсiн табу.
90. Егер бүтiн М саны бүтiн N санына бүтiндей бөлiнсе, экранға бөлiндiнi; қалдықпен бөлiнсе, қалдықты; ал бөлгiш 0-ге тең болса, “дұрыс емес“ деген хабарлама шығару.
91. A, B, C, D сандарының нешеуі oң сан?
92. Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың түрiн анықтау.
(Үшбұрыш болатындығын тексеру керек).
93. Енгiзiлген үш санның оңдарын квадраттап, терiстерiн өзгерiссiз қалдыратын программа құр.
94. Енгiзiлген цифра енгiзiлген екi орынды санда бар ма?
95. Қабырғалары а,в,с болатын үшбұрыш тiк бұрышты бола ма?
96. Функцияның графигi бойынша У-тiң мәнiн табу.
97. Адамның туған жылын сұрап жасын анықтайтын және жасына сәйкес хабарлама шығару программасын құр. Атап айтқанда:
1-6 жас: балабақша; 7-17 жас:мектеп; 18-22:институт;
23-60:маман; 60-тан үлкен:зейнеткер.
98. Күннiң аты бойынша номерiн шығар.
100. Басылған клавишаның цифрлық немесе алфавиттiк екенiн анықтау.
101. Дүкендегi мынадай эпизодты программала: Компьютер сатып алушыдан қолындағы ақшасын, кiтаптың бағасын сұрап, егер ақшасы дәл жетсе, “рахмет!”; ақшасы артық болса, “артығын алыңыз! “; ақшасы жетпесе, “тағы берiңiз! “ деген хабарламалар шығарады.
№3 зертханалық жұмыс. Параметрлі цикл операторы.
Мақсаты:Параметрлi қайталану операторының жазылуы мен пайдаланылуын меңгеру.
Теориялық бөлім
Қайталанатын әрекеттердiң саны алдын-ала белгiлi болғанда for операторы пайдаланылады. Бұл оператор параметрлi қайталану деп аталады, себебi, қайталану саны параметр немесе басқарушы айнымалы деп аталатын айнымалының мәнiмен басқарылады. Бұл айнымалыда қайталану саны көрсетiледi.
Жазылу форматы:
1. Өсу ретімен (s1<s2): for циклдiң параметрi:= s1 to s2 do
оператор;
2. Кему ретімен (s2>s1): for цикл параметрi:= s2 downto s1 do
оператор;
Мұндағы: s1, s2 - параметрдiң бастапқы және соңғы мәндерi;
For … do - циклдiң тақырыбы;
<оператор> –цикл денесi.
Цикл денесi жай немесе құрама оператор болуы мүмкiн. Қайталанатын әрекеттер саны бірден көп болса, цикл денесi құрама оператор болады.
For операторы мынаны анықтайды:
- параметрдiң өзгеру аралығын және цикл денесiнiң қайталану санын;
- параметр мәнiнiң өзгеруiн ( to-өсу, downto-кему);
FOR операторы параметр барлық мәндерiне ие болып бiткенше, цикл денесiнiң орындалуын қайталайды.
Егер s2>s1 болса, цикл денесi (s2-s1+1) рет орындалады.
Егер s1>s2 болса, цикл денесi орындалмайды.
Циклдiң параметрi тек бүтін мәнді ғана қабылдайды.
1 жаттығу. Әр түрлi 5 сан енгізіп, олардың квадратының қосындысын және сандардың көбейтіндісін табу.
Берілгендерді төмендегідей индентификаторлармен (айнымалы-лармен) белгiлеймiз:
i-циклдiң параметрi; х-енгізілетін сан;
kv-санның квадраты; s-қосынды; р-көбейтінді.
program param1;
var i:integer; s, x, p, kv:real;
begin
s:=0; р:=1;
for i:=1 to 5 do
begin
write( ‘ сан енгіз ‘);
readln (x); kv:=sqr(x); цикл денесі 5 рет
writeln (‘x=’,x, ‘kv=’:20,kv); қайталанады
s:=s+ kv; р:=р*х;
end;
end.
Бағдарламаны жұмысқа қосып, орындаңыз.
Тапсырма:
1. Функцияның мәнiн есепте.
а) у =х2 –1, х[-5;15]; б) z=, у [7;-5];
2. Өрнектiң нәтижесiн есептеу бағдарламасын құр.
а) а=5+6+7+..20 б) z= ; в) k=; г) р=210
3. берiлген санның факториалын есепте N!=1*2*…*(N-1)*N
4.1-ден n-ге дейiнгi сандардың квадраттарының қосындысын табу.
5. Бір сөз енгізіп, оны рет санымен бірге 15 рет шығар.
№3 практикалық жұмыс.Көпмүшені есептеудегі арифметикалық алгоритмдер.
г) y=; д) z =; х [-10;10];
339. 1!+2!+3!+ ... +n! қосындысын тап. (n мәні клавиатурадан енгізіледі 1
340. 1++++…+ қосындысын тап. Мұндағы k!=1∙2∙3∙…∙k (n мәні клавиатурадан енгізіледі 1
341. х-тің берілген мәнінде 1++++…+ қосындыны есепте, k!=1∙2∙3∙…∙k (1). n мен х мәні клавиатурадан енгізіледі (1
342. Қосындысын тап. .
343. Натурал n саны берілген. Есептеу керек:
а) ++…+;
б)
в)+
г)
344. n натурал сан берiлген. Мынаны есептеу керек:
а) 2n; б) n!; в) (1+;
345. Нақты а саны, нақты n саны берiлген. Мынаны есептеу керек:
а) аn ; б) а(а+1)…(а+n-1); г)
в)
д) а(а-n) (а-2n) … (а-n2).
346. Есептеу керек (1+sin0.1)(1+sin0.2)…(1+sin 10).
347. Нақты х саны берiлген. Есептеу керек
х-
348. Нақты х,а сандары, n натурал саны берiлген. Есептеу керек:
((…((x+a)2+a)2+…+a)2+a)2+a.
n жақша
349. Нақты х саны берiлген. Есептеу керек:
350. Натурал n, нақты х берiлген. Есептеу керек:
а) sinx+ sin2x+…+sinnx;
б) sinx+ sinx2+…+sinxn;
в) sinx+ sin sinx+…+sin sin…sinx.
n
383. Есептеу керек.
а) ; б) ; в) ; г) ;
д); е); ж); з);
№3 зертханалық жұмыс. Алғы шартты цикл
4>8>7>1>2>1>
Достарыңызбен бөлісу: |