1 тақырып. Алгоритмдеу ұғымы.
Жоспар:
1. Программалауды автоматтандырудың әдістері.
2. Алгоритмдік тілдер. Алгоритмдік тілдін қолдануы және оған койылатын талаптар.
3. Алгоритмдерді баяндаудың тәсілдері. Алгоритм схемаларын жасау ережелері.
4. Есептердің типтік компоненггері; талдау, синтездеу, шешім қабылдау. Ғылыми- техникалық есептердің алгоритмдерінің схемаларының мысалдары.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Алгоритм сөзі IX ғасырда арифметикалық амалдарды орындау ережесін тұжырымдаған ұлы математик әл-Хорезмидің аты латынша algoritmi болып жазылуынан шыққан. Көзделген мақсатқа жетуге немесе қойылған есепті шешуге бағытталған әрекеттер тізбегін іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл жарлық (нұсқау) алгоритм деп түсініледі. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.
Алгоритм мысалдары, алгоритмнің жазылуы атқарушыдан қайсыбір аяқталған әрекетті орындауды талап ететін жекелеген нұсқауларға жіктелетінін көрсетеді. әрбір осындай нұсқау команда деп аталады. Алгоритмнің командалары бірінен кейін бірі орындалады. Алгоритмнің әрбір орындалу қадамында атқарушыға келесі жолы қандай команданың орындалатыны дәл белгілі болады.
Әдебиет: [1], [2]
2 тақырып. Бағдарламалау ортасымен танысу. Мәліметтерді енгізу және шығару.
Жоспар:
1. Бағдарламалау ортасымен танысу.
2. Мәліметтерді енгізу және шығару.
3. Программалау тілінде алгоритмнің жазылу ережесі.Программа түсінігі және оның құрылымы.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі - Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бүл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен қүрастырылған. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы Швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сүраған. Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сүранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген.
Әдебиет: [3], [5]
3 тақырып. Паскаль бағдарламалау тілінің негізгі элементтері.
Жоспар:
-
Кіріспе. Тілдің алфавиті.
-
Программалау тілінде алгоритмнің жазылу ережесі.
-
Программа түсінігі және оның құрылымы.
-
Командалар және операторлар.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Кез келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады. Turbo Pascal программалау тілінің де басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз. Turbo Pascal тілінің алфавиті мына символдардан түрады:
-
Латын алфавитінің 26 (баспа және жазба) әріптері: A,B,C,D,.. .,W,X,Y,Z, a,b,c,d, .. .,w,x,y,z;
-
Орыс алфавитінің 32 (баспа және жазба) әріптері программада түсіндірме мәтіндерді жазуда пайдаланылады;
-
Араб цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9;
-
Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады:
Әдебиет: [4], [7]
4 тақырып. Паскаль тілінің операторлары.
Жоспар:
-
Мәліметтер типінің ұғымы.
-
Мәндердің стандартты типтері.
-
Айнымалалар және тұрақтылар ұғымы.
-
Атау, тип, мәндер олардың негізгі сипаттамалары.
-
Программада айнымалылар мен тұрақтылардың сипатталуы.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Паскаль тiлiнiң операторлары – бұл деректердi өңдеуде орындалатын алгоритмдiк әрекеттердi жазуға және басқа әрекеттердi беруге арналған синтаксистiк құрылымдар болып табылады. Тiлдiң төмендегiдей операторлары бар:
- меншiктеу операторы;
- процедура операторы;
- көшу операторы;
-
вариант операторы;
-
алдыңғы шартты қайталану (цикл) операторы;
-
кейiнгi шартты қайталану(цикл) оператор;
-
параметрлi қайталану(цикл) оператор;
-
жазулармен жұмыс операторы;
-
бос оператор.
Әдебиет: [2], [6]
5 тақырып. Массивтер, құрылымдар.
Жоспар:
-
Массив ұғымы және мні. Элементтерді типі, өлшемі, индексі.
-
Бір өлшемді жне екі өлшемді массивтер.
-
Массив элементіне кіруді ұйымдастыру.
-
Жедел жадыда массивті орналасуы. Массивті толтыру алгоритмі.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Регуляр типтердi анықтау үшiн:
-
массив элементтерiнiң типтерiн;
-
элементтердiң саны мен нөмiрлену түрiн;
-
сипаттама индекстiң типiн көрсету қажет.
Регуляр типтi сиппаттаудың жалпы түрi:
type
A=array [ T1] of T2;
мұндағы
array, of – қызметшi сөздер,
Т1– массив индексiнiң типiн анықтайды.
Т2– массив мүшелерiнiң типiн анықтайды. Программада бұл типтiң идентификаторы айнымалылар сипаттамасында қолданылуы мүмкiн.
Мысалдар:
type
M1 = array [1..100] of real,
Matrix= array [1..10,1..20] of integer;
DataBase= array [1..MaxF] of file of Person;
Var
Vector: M1;
SumTable: M2;
Arr1, Arr2: Matrix;
Әдебиет: [7], [8]
6 тақырып. Функциялар және процедуралар.
Жоспар:
-
Құрылымдық программалауға қысқа сипаттама.
-
Процедура құрылымы. Айнымалыларды рекет ету аймағы.
-
Ауқымды жне жергілікті айнымалылар. Параметрлі процедура.
-
Процедураны шақыру. Параметрлерді берілуі.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Iшкi программа кәдiмгi Паскаль программаның құрылымын қайталайды. Iшкi программаны жазғанда негiзгi үш компоненттi беру керек:
-
iшкi программаның интерфейсi, яғни шақырғанға (активтендiргенге) жеткiлiктi информация;
-
iшкi программаның локалды контексi: объектiлер сипаттамаларының жиыны;
-
iшкi программаның мәнiн құрайтын iс–әрекеттер, операторлар.
Процедурамен функцияның жазылу үлгiсi:
Procedure <идентификатор> [(var <формаль параметрлер тiзiмi>:<тип>)];
Достарыңызбен бөлісу: |