Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Сабақ өтуде қолданған тәсілдер



бет3/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#127075
1   2   3   4

2.2. Сабақ өтуде қолданған тәсілдер
Оқушыларға жаңа білім беруде бұл сабақтың құрылымдық элементтерін төмендегі уақыт мөлшерімен көрсетуге болады:

  • өткенді еске түсіру 3-5 минут

  • жаңа материалды таныту 17-20 минут

  • анықтама мен ереже шығаруға 3-2 минут

  • дағдыландыру жұмысын жүргізуге 10 – 13 минут

  • үй жұмысын тапсыруға 3-4 минут

Осы сабақты құрылымдық элементтер мен оған арналған уақыт мөлшері белгілеп қойылған стандартты нәрсе емес. Материалдың көлеміне балдардың жас ерекшеліктеріне қарай (сыныпқа) ішінара өзгертіп отыруға болады. Бірақ осы өзгертуде жоғарыда айтылған сабақ мезгілін сақтаған жөн. Уақыттың айтылуына және жұмыс жүйесінің ауысуына орай үй тапсырмасын тексеру, өтілгенді сұрау, өтілген тақырып пен жаңа материалды байланыстыру мақсатында қазақ тілі бойынша талдау жүргізу сияқты сабақ элементтері қатысуы мүмкін. Бұл сабақ элементтерінің қайсысынан кейін қою мәселелеріне көңіл аудару мақұл. Сабақ элементтерінің орынсыз ауысуы, біріншіден теориялық материалдан өзіндік белгісін толық түсіндіруге зиянын тигізеді, екіншіден таңдап алынған практикалық дағдылардың түрлері жүргізуге кедергісін жасайды, үшіншіден уақыт жағынан үнемдеуге мүмкіндік болмай қалады, төртіншіден сабақтың құрылымдылық элементтерінен теориялық жүйесі бұзылады. Сондықтанда үй тапсырмасын тексеру өтілгенді сұрау, өткен тақырып пен жаңа материалды байланыстыру мақсатында жүргізілетін талдау, элементтерін еске түсіру процесі орынды және жаттығу жұмыстарын түгел жүргізу мақсатында, жаңа материал үғымды болғанан соң жүзеге асыруға болады. Мұндай бағытпен методик құрылған жүйе жұмыс сапасының артуына септігін тигізеді. Енді осы негізінде бір тақырыпты талдап көрелік.

Мемлекеттік білім стандарты негізінде түзілген «Қазақ тілі» (5 –сыныпқа арналған оқулық) оқулығы бойынша бағдарламада ауыспалы мағыналы сөздерге бір сағат ажыратылған.

Лексика – тілдегі сөздердің жиынтығы.

Табиғат пен қоғамда алуан түрлі заттар мен құбылыстар бар. Ол заттар мен құбылыстар жайында да ұғым пайда болады. Ұғым тілде сөз арқылы аталады.



Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз.

Мысалы: ағаш, тас, топырақ деген сөздердің әрқайсысы – табиғаттағы белгілі бір заттық ұғымының аты; жел, тасқын, жаңбыр деген сөздердің әрқайсысы – белгілі бір заттық ұғымның аты. Ал ұжым еңбек деген сөздердің әрқайсысы – белгілі бір ұғымның аты.

Сөз сын, сапа, сан, қимыл, іс-әрекеттің және т.б. ұғымдарын да білдіре алады. Мысалы: қызыл, сары, күшті, білгір деген сөздер түс, сапа, сындық ұғымдарды білдіреді. Ал ору, кесу, он, отыз деген сөздер сандық ұғымды білдіреді. Ал ору, кесу, жүру деген сөздер қимыл, іс-әрекет ұғымдарын білдіреді.

Лексикалық талдауда практикалық әдістер тобына жатады. Лексикалық ұғымдарды менгертуде жиі іске асырылады. Лексикалық талдау әдісін жүргізу арқылы оқушылар қазақ сөздерінің мағыналық ерекшеліктерін толық түсінеді. Таңдалған мәтіннің әр түрлі сөздердің кездестіріп, олардың бір және көп мағыналары мен жасалу жолдарына, қалай қолданылып тұруына көз жүгіртеді. Лексикалық талдау пысықтау, түсінтіру және сынау қалыптары топтарына жатады. Лексикалық талдау өзінің ішкі мазмұнына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.



  1. Сөз және оның мағыналық топтары.

  2. Тілдің сөздік құрамы.

  3. Сөздердің қолдану өрісіне байланысты сөздер.

Лексикалық талдау жүргізуден алдын мәтін немесе сөйлемдер таңдалады: 1) Ей, жігіт, не қылсаңда ер екенсің, Көргейсің ерлігіңнің берекесін (Абай). 2) Бұл – таудың басы. 3) Ауру, науқас, сырқат. 4) ауыр киім-жеңіл киім, алыс жол-жақын жол. 5) ғасыр, қайрат, мағлұмат – араб-иран тілдерінен енген сөздер. 6) тартым – ау тартатын жер, мұрап – суды басқарушы адам, көсек – ашылмаған мақта, сым – шалбар, пәс – аласа, пісте (шекілдеуік). 7) сәукеле - әйелдердің асыл тастармен безендіріліп жасалған ерте кездегі бас киімі, қорамсақ – садақтан жебесін салып белге байлайтын жеке-жеке ұясы бар оқ салғыш. 8) балмұздақ, ұшақ, сынып. 9) қас пен көздің арасында – лезде, ит өлген жерде – алыста, тайға таңба басқандай – айқын, қой аузынан шөп алмас – момын. 10) Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Кең болсаң, кем болмайсың. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме. 2. Құлыпталып алынған дидактикалық материалдарды екі-үш оқушы дауыстап оқып шығады. 3. Дидактикалық материалдар тақтаға немесе дәптерге жазылады. 4. Сөз және оның мағыналық топтары, тілдің сөздік құрамы, сөздердің қолданылу өрісіне байланысты сөздерге назар аударумен бірге, олардың орфографиялық, грамматикалық ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Таңдалған мәтінге лексикалық талдау жасау, тұсында оқушыларға мағынасы түсініксіз сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып оқытып, оны дәптерге көшіртіп отыру абзал. Сондай-ақ стильдік қолданысы әртүрлі сөз немесе сөз тіркестерін, ондағы көрсетілген бірнеше мағынаның қайсысы мәтіндегі қолданысқа дәл келетінін айыра білген жөн. 5. Сөз және оның мағыналық топтары, тілдің сөздік құрамы, сөздердің қолданылу өрісіне байланысты сөздер туралы пікірлеп қорытылып жинақталады.

Призентация. Сабақ үлгісі. «Ауыс мағыналы сөз» атты тақырып төмендегі үлгі бойынша оқытылады.

Тақырыбы: «Ауыспалы мағыналы сөздерің жасалу жолдары туралы түсінік».

Мақсаты: а) жаңа сабақты түсіндіру.

ә) жаңа сабақты дамыту, жаттықтыру.

Б) тәрбие беру.

Көрнекілігі: сызба, тесттер, үлестірмелі карточкалар, оқулық



Әдісі: Лекция, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру (2 минөт). Сыныптың тазалығын, оқушылардың сырт көрінісін, олардың бар-жоғын анықтау.

2. Үйге берілген тапсырма: 356 – жаттығуды көріп шығу, екі не үш оқушыға талдату (10 минөт). 1. Лексика дегеніміз не? 2. Оны зерттейтін объектісі не? 3. Семантика дегеніміз не? 4. Этимология дегеніміз не? 5. Метонимия дегеніміз не? 6. Синекдоха, метафра туралы түсінік бер? 7. Фразеология дегеніміз не? 8. Идиома және фраза дегеніміз не? 9. Мақал-мәтелдер туралы түсінік бер?

  1. Өткен сабақты пысықтау ( 3 минөт). Лексикология бөліміндегі тараулардың бір-бірінен мағыналық қатынастары әр түрлі болады.

Мысалы: Әл - Фараби – дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым. Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Ол Бағдат қаласына білімін жетілдіру үшін келді. Әл – Фараби 150 ден астам құнды-құнды еңбектер жазды. Ол домбыра қобыз секілді аспап түрлерін жасады.

Сөздердің мағынасы бірдей өзгеріп бірде жоғалып бірде жаңарып отырады. Сөздің лексикалық мағынасы, олардың өзгеру сипаты қазақ түсіндірме және этимологиялық сөздіктерінде ашылып отырады.

Оқытушы сабақ барысында осы сұрақтар бойынша оқушылар әр бірінің пікірлерін айтуды сұрайды. Айтылған пікірлердің ешқайсысы талқыланбайды, сыналмайды және бағаланбайды. Негізгі пікірлерді оқытушы маршрут қағаз үлгілері мен карта, тақтаға жазып алады немесе экранға көрсетеді.

Барлық пікірлер топталады. Негізгі идеологиялар ұжымдық технология уақытында көріп шығып, анализда талқыланады.



Семантикалық карта

Лексикология жайлы кім не біледі?

Оқылған мәтіндегі сөздердің айырмашылықтары мен байланыстарын оқушылар орналастырады.



Лексикология

Этимология

Лексикография













































Соң оқушыларға үлестірмелі тарқатпа материалдар тарқатылады. Ол тарқатпа материалдарда тақырып бойынша мысалдар, талдау үлгілері беріледі.



ПРОЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Тілдің лексикасын тексеретін тараулар




Лексикология

Мағыналық түрлеріне мысалдар келтіріңдер

Семасология




Этимология




Лексикография




Фразеология





ВЕНН ДИАГРАММАЛАРЫ





Үлестірмелі карточка таратылып, оқылған өлеңдердегі ауыс мағыналы сөздерді оқушылар орналастырады
Карточка № 1





  1. Бөтен сөзден былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы.




Карточка № 2



1. Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы.




Ақыл шабуылы (мозговая атака) технологиясы

«Жорға» ойыны

I. Жұмбақтардың сұрағына тезірек жауап бер:



  1. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар)

  2. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ)

  3. Оқ жарасы бітер ... (сөз жарасы бітпес)

  4. Тіл тас жарады ... (тас жармаса бас жарады)

  5. Шешеннің тілі ... (шебердің бізі)

  6. Тіл тіршілік ... (тірегі)

  7. Тіліңмен жүгірме ... (ақылыңмен жүгір)

  8. Тіл қылыштан ... (өткір)

  9. Жақсы сөз жараны да ... (жазады)

  10. Тіл тіршілік ... (тірегі)

II. Жылдам жауап бер:

  1. Ба-ла қандай буынды сөз? (ашық)

  2. Жұрнақтың неше түрі бар? (екі)

  3. Шығарманың мазмұны туралы қысқаша мәлімет (аннотация)

  4. Зат есімнің сұрақтары? (кім? не?)

  5. Асығы алшысынан түсу (жолы болу)

  6. Сөздіктерді қарастыратын сала (лексикография)

  7. Ұзын сөзінің антонимі (қысқа)

  8. Сөзге қосымша жалғағанда дыбыстардың түсіп қалуы (релизия)

  9. –а, -е, -й ненің жұрнағы? (көсемше)

  10. Африкат дыбыстар қайсылар? (ц, ч)


Сабақ соңында түртiп алу кестесiн толтырады.


Тақырыптар

Ненi бiлемiн ?

Ненi бiлдiм?

Ненi бiлгiм келедi?

1.Сөздің тура мағынасы.

2.Сөздің ауыспалы мағынасы.

3. Көп мағыналы сөздер.













Сабақты қорытындылау және оқушылар білімін бағалау:

Барлық идеологиялар жиналады және ең көп балл топтаған идеология жеңіп шығады. Әр бір қатысушы жағынан арнаулы бетте істеп шығады да тіркелген негізгі пікірлер жиналады және сол негізінде оқушлыар бағаланады.



5. Сабақ пысықтау үшін жаттығулар орындау (8 минөт). Тақтаға екі-үш оқушы шығып 357-358–жаттығуларды екіге бөліп оны өз беттерінше орындайды.

Жаттығу ережеге сай болуы талап етіледі, жаттығудың шарты ереже бойынша орындалады. Алдымен оқытушы өзі екі сөйлемін орындап тақтада көрсетеді.



6. Жаңа сабақты пысықтау үшін сұрақтар мен тесттер (5 минөт). Мұғалім жаңа сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріп олардың сабақты қаншалықты меңгерілгендігін тексеріп отырады.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Лексикология дегеніміз не?

  2. Семасология туралы түсінік бер.

  3. Полисемия дегеніміз не?

  4. Этимология туралы түсінік бер.

  5. Фразеология дегенімз не?

  6. Метонимия туралы түсінік бер.

  7. Метафора дегеніміз не?

  8. Синекдоха туралы не білесін.

Тест жұмысымен айналысу.

1- вариант


  1. Сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін саланы не деп атаймыз?

  2. Дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі не деп аталады?

  3. «Лақ»-сөзінің бастапқы түрін көрсет?

  4. «Этимология» сөзі қай тілден алынған?

  5. «Шаға» сөзі түрікпен, азербайжан тілдерінде қандай мағынаны білдіреді?

  6. Сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін жерттейтін ғылым

  7. Sima сөзі қандай мағынаны білдіреді?

  8. Сөздер нешіге бөлінеді?

  9. Мағынасыз сөздерге қайсылар кіреді?

  10. В.Виноградов сөз мағынасын нешіге бөлді?

2-вариант



  1. Сөздің көп мағыналығы не деп аталады?

  2. Сөзде лексикалық мағына нешеу болады?

  3. Метафоризация қандай заң?

  4. Айтылуы, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары бір-бірінен мүлде басқа сөздер қазақ тілінде не деп аталады?

  5. Омонимдер неше топқа бөлінеді?

  6. Жазылуы бірдей, бірақ әр түрлі айтылатын сөздерді не дейміз?

  7. Синоинмдік қатарлардың түрлерін көрсет?

  8. Синонимдер нешіге бөлінеді?

  9. Эмоциялық мән беретін синонимді көрсет?

  10. Бір сөздің орнына екінші бір сөздің ауыс қолданылуынан шығатын іргелес ұғым не деп аталады?

І ВАРИАНТ


Тесттер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауаптар































Балл































Жалпы балл
































ІІ ВАРИАНТ


Тесттер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауаптар































Балл































Жалпы балл






























Оқушылар «Жауап» деп аталатын қатарға 1 – Д, 2 – В, 3 – С, 4 – А деген сияқты белгілер қояды. Дұрыс жауап үшін 1 балл, қате жауаптар үшін 0 балл беріледі. Дұрыс жауаптар нәтижесі есептеледі де, жалпы балл шығарылады.



Ескерту: Сабақ үшін тесттер оқытушының өзі түзуі шарт.

7. Сабақ қорытындысы (2 минөт). Оқушылардың сабақ барысында қандай балл не баға алғандығы айтылады және күнделіктеріне сол балл қойылады.

8. Үйге тапсырма: Оқып келуге «Ауыспалы сөз мағыналары» тақырыбы беріледі. Өздері оқыған көркем әдебиеттерден немесе 5-сынып «Қазақ тілі» оқулығынан ауыспалы сөз мағыналары туралы оқып, мысалдар жазып, таблицаға түсіріп келеді.

Үйге тапсырмалар беріліп, оқушылар бағалары ескертіріліп болғанан соң оқытушы оқушылар мен қоштасып, сыныптан шығып кетеді.



Ескерту: Оқушы сабақ өту әдіс тәсілдерін өзінің шығармашылық және оқытушылық қабілеттілігіне орай өзгерте беруі мүмкін.

ІV. Қорытынды

Қазіргі қазақ тілінде, басқа тілдердегі сияқты, сөйлеушінің бір затқа немесе құбылысқа эмоционалдық көзқарасын білдіретін бір топ сөздер бар. Бұл категориядағы сөздерді тіл ғылымында эмоционалдық лексика немесе эмоционалдық мәні бар сөздер дейді. Сөйлеуші орман, көл, үй, алыс, бес, ол тағы басқа сөздерді айтқанда, бұл заттардың атауында ешқандай эмоционалдық мән болмайды. Керек десе, стилистикалқ жағынан әр үрлі термин сөздер тобында да, сөйлеу тіліндегі сөздер де, кітаби лексикада да эмоционалдық мән байқалмайды. Ал кейбір сөздерде, құбылыстардың атауларында жақсы немесе жаман қатынасты, психологиялық күйді көрсететін оттеноктар болады. Мысалы, айналайын, оңбаған дегендер тек белгілі бір тиянақталған тұрақты мағынадағы сөздер ғана емес, сонымен бірге сөйлеушінің ой-күйін де білдіреді. Егер де бұл сөздер белгілі бір тіркестегі сөздер мен қолданылса, онда оның эмоционалдық мәні айқындала түседі.

Тіл – халықтың тарихымен және қоғамдық өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан, онда базистің өзгеруін күтпестен-ақ өндірістің өзгерісін бейнелейтін жаңа сөздер пайда болып лексика байи береді. Тілдің сөздік құрамы, өзгеріске мейлінше бейім болғандықтан, үздіксіз дерлік даму күйінде болады. Соның нәтижесінде тілдің сөздік құрамы молая береді, өйткені ескіріп, шығып қалатын сөздің саны аз болады да, жаңадан қосылатын сөздің саны көп болады.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамының даму барысын тарихи тұрғыдан шолсақ, қазақ халқы сан алуан халықтармен қарым-қатынаста болып, сол халықтардан ауысып алынған сөздермен оның тілі үнемі дамып отырған. Ол халықтардың бастылары: ертеректе қытай халқы (шамамен айтқанда біздің жыл санауымыздан бұрынғы кезең), моңғол халқы (онан бергі ХІІ-ХІІІ ғасырларда), араб-парсы (ІХ-ХІІІ ғасырларда), ноғайлықтар (ХІV-XV ғасырларда), ал XVII ғасырдан бері қарай орыс тілінен сөз ауысып алу күшейе түскен.

Орта мектепте лексикологияны оқыту жайлы айтылғандарды жинақтай келе, бұған төмендегіше қорытынды жасауға болады:

1. Лексикология туралы теориялық білім мен практикалық дағды бергенде лексиколгияның мынадай өзіндік белгілерін оқушыларға таныту қажет. Лексикологияның негізгі объектісі - сөз болып, лексикологияның үш түрі сипаттама лексикология; тарихи лексикология;салыстырмалы-салғастырмалы лексикология болып келетіндігі;

2. Оқу бағдарламасы бойынша, лексикологияға бөлінген сағатты лексиканың тармақтарына және одан ұйымдастырылған сабақ түрлеріне қарай жоспарлайды.Ол жоспарды мектептердегі алдынғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибелеріне негізделіп жасалады да, ондағы әрбір сабақты творчестволық тұрғыда өткізу қажет.

3. Тақырыпты түсіндіруден алдын сабақтың тақырыпқа сай мақсаты, тірек сөздер мен сұрақтар мен тапсырмалар ұғымдары анықталып, оның мақсаттары да белгіленеді. Бақылау тапсырмалары анықталып, оның негізгі білімді анықтау дәрежесі көрсетіледі.

4. Лексикологияның анықтамасын меңгерту. “Лексикология - тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары, қызметі туралы ілім (бұл термин гректің lехis және латынның lоgоs сөздерінен алынған). Ал лексика дегеніміз - бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.”

5. Лексикологияны оқытуда алдымен дидактикалық материалдар таңдалып, соларға байланысты білім беру әдістері қолданылады. Өзіндік белгілеріне негізделе отырып анықтама беріледі. Содан соң осы тақырыпқа байланысты түрлі жаттығу жұмыстарын орындату қажет.

6. Жаттығу жұмыстары, тест сұраулары, сөзжұмбақ, кестелер бойынша фразеологизмді оқыту, оның лексикологияның бір саласы ретіндегі ерекшелітерін қайталап еске түсіру, оның түрлерін ажыраттыру.

7. Лексикологияны өткенде, оның әрқайсысының мағыналық топтары мен сөйлемдегі қызметін талдап түсіндіріп отыру лексикологияның стильдік топтарын талдай білуге жол ашады.

Мұғалім лексикологияның мұндай белгілерін көрнекі құралмен оқушылардың өздеріне талдап айтқызу және дәлелдеттіру арқылы жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет