Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети



бет4/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#127075
1   2   3   4

8. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақ оқушылардың білім дәрежесін, үлгерімін жақсартып, дағдыларын қалыптастырады.

Бітіру мамандық жұмысы оның тілдік материалдары, оқыту мәселелері, жаңа педагогикалық технологиядан пайдалану жолдары т.с.с. мәселелер жоғары оқу орындарының “қазақ тілі мен әдебиеті” бөлімі студеттері мен мектеп мұғалімдеріне әдістемелік нұсқау қызметін, жоғары оқу орындарында оқитын студденттерге курс жұмысы және өзіндік жұмыстарды орындауда көмекші құрал қызметін атқарады деп сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Каримов И.А. Ўзбекистон мустақилликка эришиш остонасида. –Т, Ўқитувчи, 2012 й.

  2. Каримов И.А. Юксак маънавият – енгилмас куч. –Т, Ўзбекистон, 2008. 121-122 бетлар.

  3. Каримов И.А. Баркамол авлод – Ўзбекистон тараққиётининг пойдевори. –Т, Шарқ. 1997 й. 75 б.

  4. Каримов И.А. Биздан обод ва озод Ватан қолсин. –Т, Ўзбекистон. 1996 й. 382 б.

  5. Каримов И.А. Мемлекетті жаңғырту және күшті азаматтық қоғам құру - өзекті мақсатымыз (Өзбекстан Республикасы Олий мажлісі Заң шығару палатасы мен сенатының біріккен жиналысындағы баяндамасы). Нұрлы жол №9 (17.16), 30 қаңтар, 2010 жыл, 2 б.

  6. Каримов И.А. Асосий вазифамиз –Ватанимиз тараққиёти ва халқимиз фаровонлигини янада юксалтиришдир. –Т, Ўзбекистон, 2010 й. 75 б.

  7. Абдувалитов Е.,Дуйсебаева Д. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманалық технологиясы (оқу қолданба). –Ташкент 2008.

  8. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1990 ж.

  9. Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы, 2003 ж.

  10. Бектұров Ш.К. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2006 ж.

  11. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1991 ж.

  12. Болғанбайұлы Ә.,Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінін лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, Санат, 1997 ж.

  13. Дүйсебаева Д. Қазіргі қазақ тілі (лексикология), оқу қолданба, Ташкент 2008 ж.

  14. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, 1993 ж.

  15. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқыту методикасы (Жалпы методика). Ташкент, Алматы, 2003.

  16. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (лексика мен фонетика). Алматы, 1995 ж.

  17. Құдиярова Ш.Қазіргі қазақ оқытуда жаңа технологияның тиімділігі. Нөкіс, 2009 ж.

  18. Оразымбетова Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005 ж.

  19. Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы, 1998 ж.

  20. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. (2002 жылдан бері қарай)

Низами атындағы ТМПУ-нің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітіруші Сансызбаев Аханның «Жалпы орта білім беретін мектепте лексикологияны оқыту»тақырыбындағы бітіру біліктілік жұмысына


Пікір

Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді. Сондықтан да, лексикологияны оқушылардың сана-сезіміне әсер ете отырып, тілдің сөз байлығын қалыптастырып сөздерді дұрыс айтып, өз ойларын нақты жеткізу үшін қызмет етеді.

Жұмыста лексикологияның зерттелу жайы, олардың зерттеу объектiсi – сөз екендiгi туралы мәлiметтер берiледi. Тілдің лексикалық единицасы — сөздің қыр-сыры өте көп. Соған орай, сөз проблемаларын зерттеу мақсат-тәсілдеріне қарай, лексикология үш түрлі болып келеді: сипаттамалы лексикология; тарихи лексикология; салыстырмалы-салғастырмалы лексикологиялар жайлы ғылыми-теориялық мәлiметтер қарастырылған.

ББЖда лексикология саласы бойынша қазақ тiл бiлiмi мамандары елеулi еңбектер жасаған. Жалпы тiл бiлiмiнiң мамандарынан К.Аханов және Ә.Хасеновтар қазақ тiлi лексикасын әрi туыс болған, әрi туыс емес тiлдердiң лексикасымен салыстыра зерттеген болса, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мұсабаев, I.Кеңесбаев, С.Мырзабеков сияқты ғалымдар өз еңбектерiнде қазақ тiлiнiң негiзгi салаларынан бiрi болған лексика жайлы ой-пiкiрлерiн көрсетiп өткен. Олардың еңбектерінде лексикологияның әр қырынан зерттеліп, қазіргі қазақ тілінде оның теориялық мәселелері айқын көрініс тапқандығы жұмыстан көрініп тұр.

Берiлген материалдарды пайдалана отырып оқушылардың сана-сезiмiне ұлттық идеологияны сiңдiру жолдары, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жандандыру деген сияқты сезiмiдерiн күшейту жұмыстың басты мақсаты болып көзделген.

Бітіру мамандық жұмысын орта мектептерде мектеп мұғалімдері лексикологияны оқытуда теориялық және практикалық дағды беру барысында пайдалануға болады.

Бітіруші А.Сансызбаевтың «Жалпы орта білім беретін мектепте лексикологияны оқыту» тақырыбында жазған бітіру біліктілік жұмысы толық аяқталған деп есептеймін. Ашық қорғауға ұсынамын.

Бостандық ауданына қарасты

16 орта мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пән оқытушы С.Сарсенова

Низами атындағы ТМПУ-нің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітіруші Сансызбаев Аханның «Жалпы орта білім беретін мектепте лексикологияны оқыту»тақырыбындағы бітіру біліктілік жұмысына
Қорытынды пікір
Елдiң елдiгiн көрсетiп, мемлекеттiң мерейiн өсiретiн, халықты мұратына жеткiзiп, қажеттiлiгiн қанағаттандыратын - жан-жақты жетiлген, парасаты мен пайымы мол, асқақ рухты, туған елi мен Отанын сүйетiн ұлтжанды әрi үйлесiмдi дамыған азамат тәрбиелеу заман талабы.

Қазiргi қазақ тiлi курсы - тiл және әдебиет мамандарын дайындау үшiн оқытылатын лингвистикалық пәндердiң негiзгi салаларынан саналады. Лингвистиканың лексикология саласы – лексика деген терминмен оның ұғымы аса кеңдігі, сондай-ақ, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы, ауызекі күнделікті тұрмыс лексикасы, кітаби-жазба лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, жалпылама қолданылатын лексика, ресми-іс қараздары лексикасы, диалектілік лексика, профсссионалдық лексика, әскери лексика, терминологиялық лексика, көнерген лексика, актив лексика, пассив лексика сияқты топтарын толық қамтиды.

Бітірушінің біліктілік жұмысында жалпы тiл бiлiмiнiң мамандарынан К.Аханов, Ә.Хасенов, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мұсабаев, I.Кеңесбаев, С.Мырзабеков сияқты ғалымдардың лексика жайлы ой-пiкiрлерiн көрсетiп өткен.

Жұмыс негізінен үш тараудан тұрады. Жұмыстың үшінші «Ауыспалы мағыналы сөз және оның 5-сыныпта оқытылуы тарауында» сөз болады онда ауыспалы сөздер мен тура мағыналардың сипаты қарастырылған. Және де оған қосымша ретінде сабақ үлгілері негізге алған.



Қорыта айтқанда бітіруші Сансызбаев Аханның жұмысы толық аяқталған. Бітірушінің «Жалпы орта білім беретін мектепте лексикологияны оқыту» тақырыбында жазған бітіру біліктілік жұмысын ашық қорғауға лайық деп есептеймін.
Ғылыми жетекші: доц.Н.Сыздықбаев


1 Каримов И.А. Жаҳон молиявий-иқтисодий инқирози Ўзбекистон шароитида уни бартараф этишнинг йўллари ва чоралари. – Тошкент: Ўзбекистон, 2009. – Б.36.

2 И.Каримов. Юксак маънавият енгилмас куч. Тошкент. “Маънавият”, 2008. –Б. 121-122.

3 Қ.Әлімжанов. Қазақ тілін оқыту методикасының мәселелері. Алматы. 1998ж





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет