А)буындық синдромды ауруханалық емдеудің 7-ші күні бәсендету
В)буындық синдромды тоқтату және шығару кезде буындар қызметін толығымен қалпына келтіру
С)аурудың этиологиялық факторларын анықтау
Д) науқастарды көп және дәруменденген сұйықтықпен қамтамасыз ету
Е) гемодинамиканы бақылауды қамтамасыз ету
46.Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен ер адам құлаған ағаштың астында қалды және жамбас бөлігі жаншылып қалды. Жамбас аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданады. Бозғылт тері жабындыларыда тершендік байқалады, пульсі жиіленген, толымдығы аз. Науқасты қандай қалыпта тасымалдау керек.
А)отырған күйде
В)бір бүйірінде
С)ішімен жатқан күйінде
Д) зембілде бақа қалпында
Е)зембілде арқасында жатқан күйінде
47.Науқас пульмонология бөлімшесіне “Ауруханадан тыс оң жақ төменгі бөлігінің пневмониясы” диагнозымен түсті.Мейіргерлік тексерісте жалпы әлсіздік, мазасыздық, тәбеттің төмендеуі,ыстық сезім,аздаған шырышты қақырықты жөтел,ентігу мәселелері анықталды. Дене температурасы-38,9 С, ТАЖ 22 минутына, пульс 88 минутына, АҚ 110/60 мм с.б. Өзекті мәселе бойынша қысқа мерзімді мақсатты таңдаңыз:
*2 тәуліктен кейін дене температурасының төмендеуі
Шығару кезіндегі дене температурасының төмендеуі
Тамақтану ерекшеліктері туралы туыстармен әңгімелесу
Қозғалыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету
Тыныс алу жаттығуларын үйрету
48. Асқазан ойық жарасымен ауыратын 37 жастағы науқас гастроэнтерология бөлімшесінде жатыр. Жағдайының нашарлауын жұмыстағы психоэмоциональды күйзеліспен байланыстырады.Соңғы уақытта ойық жарасы «қатерлі ісікке айналды» деген ойлар мазалайды. Емдеуші дәрігерден қосымша тексерулер жүргізуді талап етеді. Емдеу барысында барлық симптомдар басылды, бірақ науқас обыр туралы ойлардан арыла алмады
Науқаста дамыған синдромды квалификациялаңыз:
А. Астеникалық
В. Истериялық
С. Параноидты
Д.Психоорганикалық
Е.Фобиялық
49. Үйде дайындалған баклажан салатын жегеннен кейін эпигастрий аймағында ауырсыну, жүрек айну, құсу, жалпы әлсіздену, кейінірек ауыздың құрғауы,көру кабілетінің нашарлауы, қабактарын көтерудің қиындауы, жұтынганда шашалу пайда болған науқасқа, ЖМК бригадасы шақырылды. Наукастың жалпы: жағдайы орташа ауырлықта, Т - 37,0С. Тілі кұргак, ішін пальпациялағанда жұмсақ, пульс 76 минутына, АК 100/60 мм с.б.б.Болжамды диагноз:
А.Ботулизм
В.Сальмонеллез
С.Шигеллез
Д.Тағамдық токсикоинфекция
Е.ЖМКБ
50. Терапия бөлімшесінің аға мейіргері лауазымына 10 жылдық тәжірибесі бар білікті мейіргер тағайындалды. Әріптестерімен Қарым-қатынаста ол құрмет көрсетеді,қол астындағыларымен эмоционалды Қарым-қатынас орнатуға тырысады,оларды ортақ мәселелерді талқылауға және бірлесіп шешуге шақырады, өзін өзі дамытуға және шығармашылық бастаманың көрінуіне жағдай жасайды. Қарым-қатынас стилі:
Достарыңызбен бөлісу: |