Нормативтiк құқықтық актiлер туралы



жүктеу 492.73 Kb.
бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі492.73 Kb.
  1   2   3   4
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат

МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкiл мәтiнi бойынша "әкiмият" деген сөз тиiстi жалғаулары ескерiле отырып "әкiмдiк" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 2004.06.16 N 566 Заңымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;

2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;

3) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;

4) заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;

5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң

6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң

7) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;

8) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы;

9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң

10) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;

11) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

12) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;

13) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;

14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;

15) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар).

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209, өзгерту енгiзiлдi - 2007.06.29 N 271, 2008.07.04 N 57 Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тiркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады, бұған Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен айқындалатын ерекшелiктер қосылмайды.

2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.

3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды, оның iшiнде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.

4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бiрақ осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап айтқанда:

1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн;

2) уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк актiлерiн;

3) техникалық және технологиялық стандарттар қамтылған нормативтiк актiлердi әзiрлеу, табыс ету, қабылдау, күшiне енгiзу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбi белгiленбейдi.

Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2008.07.04 N 57 Заңдарымен.


3-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және

туынды түрлерi


1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;

7-1) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен.

8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.

3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;

1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

1-2) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

1-3) мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты - мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң, нысанының, мазмұны мен нәтижесiнiң сипаттамасын қамтитын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

1-4) мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi - мемлекеттiк қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгiлейтiн және мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

Мемлекеттiк қызмет регламентi мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың iс-қимылының (өзара iс-қимылының) сипаттамасын да белгiлейдi;


1-5) мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi – көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердi алушыларды, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемi жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт;

2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң өзге де нысандары көзделуi мүмкiн.

4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.

5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттiк берген жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға құқығы жоқ.

6. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актiлер нормативтiк құқықтық актiлер болып табылмайды.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2007.06.18 N 262, 2007.06.29 N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен

реттелетiн қоғамдық қатынастар


Қазақстан Республикасының кодекстерi:
1) бюджеттiк;
2) азаматтық
3) азаматтық iс жүргiзу;
4) неке-отбасы;
5) экологиялық
6) су;
7) жер;
8) орман;
9) салық
10) кеден;
11) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
12) еңбек;
13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
16) қылмыстық iс жүргiзу;
17) денсаулық сақтау саласы сияқты бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.

Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.06.16 N 566, өзгерту енгiзiлдi - 2007.06.29 N 271, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


4-бап. Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;

7-1) (алып тасталды - 2007.07.27. N 315)


8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.
5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.10.17 N 248, 2002.03.06 N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


5-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей

қолданылуы


1. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.
2. Қолданысқа енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.
3. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 271 Заңымен.


6-бап. Әр түрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық

нормаларының қайшылықтары


1. Әр түрлi деңгейдегi нормативтiк актiлердiң нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегi актiнiң нормалары қолданылады.
2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерiнiң нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуы мүмкiн.
3. Бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейiнiрек енгiзiлген актiнiң нормалары қолданылады.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.


2-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын

дайындауды жоспарлау


7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын

дайындау жоспарлары


1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi.

Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.


2. Дайындау жоспарларында:
1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы;
2) дайындау мерзiмдерi;
3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға құзыреттi мемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.
4. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның iшiнде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың ұсыныстары ескерiледi.
5. Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуi мүмкiн.

6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобаларын дайындауға қолданылмайды.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.07.04 N 57 Заңымен.
8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын

нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауды

жоспарлау
Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
9-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң

актiлерiн дайындауды жоспарлау


Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдайтын заң актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгiленген өз құзыретiне сәйкес айқындайды.
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобасы

жұмыстарын жоспарлау


1. Қазақстан Республикасы Үкiметi заң жобасы жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын жасайды.
2. Жоспарлардың жобаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi әзiрлейдi.
3. Үкiметтiң заң жобалаушылық жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсiледi.
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк

құқықтық актiлер дайындау жөнiндегi тапсырмалары


Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалаушылық жұмыстары жоспарына сәйкес жоспарда аталған мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жоспарда көзделген мерзiмде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға тапсырма бередi.
12-бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан

Республикасы Үкiметi мен Қазақстан

Республикасының өзге орталық органдары

құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң

де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының

нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын

дайындауды жоспарлау ерекшелiктерi


Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.
3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу және

ресiмдеу


13-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын

әзiрлеушiлер


1. Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ олардың келiсiмi бойынша мемлекеттiк емес ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасына негiзделген Президент Әкiмшiлiгi Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлер бола алады.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заң жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына оның Әкiмшiлiгi, Үкiмет, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ мемлекеттiк емес ұйымдар және азаматтар енгiзе алады.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органдар өз бастамасымен немесе жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi.
4. Өзге де барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен адамдар нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныс енгiзуге немесе мұндай актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкiлеттi органдар оларды өздерi әзiрлейтiн жобалар үшiн негiз ретiнде қабылдауы немесе олардың одан әрi әзiрленуiн және жобалардың қабылдануын жөнсiз деп тануы мүмкiн.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.04 N 57 Заңымен.


14-бап. Нормативтiк құқықтық акт жобасын әзiрлеу

тәртiбi
1. Нормативтiк құқықтық акт жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының мiндетiн атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Жобаны дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесiнiң қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
2. Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларын, ал қажет болған жағдайда - басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әр түрлi бiлiм салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
3. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеп, ал қажет болған жағдайда - қабылдауы мүмкiн.

Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Заңда көзделген тәртiппен олар бiрлесiп әзiрлейдi, олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады.

Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туында нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы бекiтiлiп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк актiлер көрсетiледi.

Заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу мен келiсудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.


3-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен заңнамалық актiнiң жобасын әзiрлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдары заңнамалық актiнiң жобасын әзiрлеудi, егер Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы өзгеше мерзiм белгiлемесе, бiр ай мерзiмде жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалатын заңдар жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент депутаттары болып табылады.

Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет