Нормативтiк құқықтық актiлер туралы



бет4/4
Дата17.06.2016
өлшемі235 Kb.
#141330
1   2   3   4
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бөлiгiнiң) ережелерi қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылдағанда;
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) сол актiнi қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкiлдiк берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
3. Басқа нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтiк құқықтық актiнi жариялау осы Заңда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


41-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк

жағынан қолданылуы


1. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкiлеттi органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылу күшi, егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралады.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi аумақтарда қолданылады.
42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар

бойынша қолданылуы


1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкiлдерi мен мемлекеттiк органдарының басқа да кейбiр қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптерi мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
43-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын

қамтамасыз ету шаралары


1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтiк құқықтық актiнi Конституция мен заңға сәйкес келтiру;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын белгiленген тәртiппен тоқтата тұру;
2-1) заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң тұрақты мониторингiн жүргiзу;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде заңдарға сәйкестiгiн тексеру арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер жөнiнен - мемлекеттiк органдар;
6) өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған және (немесе) оларды әзiрлеушiлер болып табылатын уәкiлеттi органдар.

Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


43-1-бап. Заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық

актiлердiң мониторингi


1. Уәкiлеттi органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және ескiрген құқықтық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн олардың тұрақты мониторингiн жүзеге асыруға және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдауға мiндеттi.
2. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

Ескерту. 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


8-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру
44-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру

реттерi мен жағдайлары


1. Нормативтiк құқықтық актiлерде көмескiлiктер мен әркелкi түсiнушiлiк оларды қолдану тәжiрибесiнде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтiк актiде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсiндiру берiлуi мүмкiн.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру процесiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
3. Заң актiлерiнiң нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестiкте түсiндiрiлуге тиiс.
4. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң мағынасы оларды түсiндiрген кезде заң актiлерiне толық сәйкестiкте ашылуға тиiс.
5. Нормативтiк құқтық актiлердегi құқықтық нормалар iске асырылғанда, соның iшiнде оларды қолданғанда, оларды ресми түсiндiрудiң мiндеттi сипаты болады.

Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


45-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiрудi

жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар


1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституция нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
2. Заңға тәуелдi актiлердiң ресми түсiндiрмесiн оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар бередi.
9-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру мен

есепке алу


46-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайтын мемлекеттiк органдар осы актiлердiң есебiн жүргiзедi және оларды жүйеге келтiредi, өздерi қабылдаған актiлердiң бақылау даналарына жүргiзiп, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтырулардың бәрiн уақтылы енгiзiп отырады.
2. Мемлекеттiк органдар өздерi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердiң жинағын мезгiл-мезгiл шығарып отырады не мұндай жинақтарды шығару туралы өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырма бередi.
47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк

есебi
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасы әдiлет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.

Қазақстан Республикасы Үкiметi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң қағазға басылған және электронды түрдегi, мемлекеттiк органның мөрiмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы әдiлет органдарына жiбередi.


2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктер мен басқа да орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.

Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.10.21 N 81, өзгерту енгiзiлдi - 2007.06.29 N 271 Заңдарымен.


48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жариялылығы
Барлық уәкiлеттi органдар мүдделi адамдарға мемлекеттiк құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтiк актiлермен танысуға рұқсат беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының

Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет