Нормативтiк құқықтық актiлер туралы



бет2/4
Дата17.06.2016
өлшемі235 Kb.
#141330
1   2   3   4

5. Егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық акт жобасын дайындауды өзiне бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджеттiк қаражат пен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындаушы шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, соның iшiнде шетелдiктерге тапсырыс бере алады.
6. Уәкiлеттi орган балама жобалар дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы.
7. Егер Қазақстан Республикасы заң актiсiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулысының әзiрленiп жатқан жобасы нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет болса, негiзгi актiнiң жобасымен бiр мезгiлде актiлердiң өзгерiстерi мен толықтырулары көрсетiлген жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырма берiлуге тиiс.

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2005.10.21 N 81, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.06.29 N 271, 2008.07.04 N 57 Заңдарымен.


14-1-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн

қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi

әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi
1. Орталық мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның iшiнде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесi әрбiр келiсу кезiнде мiндеттi түрде түсiндiрме жазбаны қоса тiркей отырып, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне жiбередi.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшiн мемлекеттiк органдар белгiлейтiн мерзiм жоба жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне түскен кезден бастап он жұмыс күнiнен аз болмауға тиiс.

Қорытындыны беру мерзiмi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң жазбаша сауал салуы бойынша он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге қосымша ұзартылады. Мерзiмдердi қайта ұзартуға жол берiлмейдi.
2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазбада нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуiне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп нәтижелерi қамтылуға тиiс.
3. Сараптамалық қорытынды жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң ортақ пiкiрiн бiлдiредi, ұсыныс сипатында болады және нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына оны мемлекеттiк орган қабылдағанға дейiн мiндеттi қосымша болып табылады.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi сараптамалық қорытындыны мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ұсынады.


4. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiскен ретте нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.

Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгiне сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiн негiздеп, жауап жiбередi.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша ескертпелерi бар бiр сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бiрлестiк сараптамалық кеңестiң отырысын өткiзудi табанды түрде талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткiзiлуi мiндеттi болып табылады.

Бұл ретте сараптамалық кеңестiң отырысы сараптамалық кеңес мүшелерiн тiкелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимiнде интернет-конференция өткiзу арқылы өткiзiлуi мүмкiн.


5. Жеке кәсiпкердiң мүддесiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзудiң мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалуы үшiн қажеттi мерзiмдердi негiзге ала отырып белгiленуге тиiс.

Нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне залал келтiрмеуге тиiс.


6. Осы бапта көзделген рәсiмдер жеке кәсiпкердiң мүддесiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мiндеттi шарты болып табылады.
7. Жеке кәсiпкердiң мүддесiне қатысты нормативтiк құқықтық актiнiң жобалары оларды тиiстi органда немесе Сараптама кеңесiнiң отырысында қарағанға дейiн, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) тиiс.

Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.10. N 178-IV, 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


15-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделi

мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсу


1. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға келiсуге жiберiледi. Мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса берiледi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мiндеттi түрде келiсiлуге тиiстi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi, бұған Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң жобалары және Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң актiлерiнiң жобалары қосылмайды.
2-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен әзiрленген заңнамалық актiлердiң жобалары, қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы айқындайтын Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсiледi.
3. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы келiсуге жiберiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, егер уәкiлеттi орган өзгеше, неғұрлым қысқа мерзiм белгiлемесе, - оны алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде, ал Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары келiсiлген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы өзгеше, неғұрлым қысқа мерзiм белгiлемесе, он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жоба бойынша өз ескертпелерi мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы жобаны әзiрлеген органға хабарлауға тиiс.

Мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша ескертпелерi кемшiлiктердi жою жөнiндегi ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретiндегi мәселелерге тiкелей қатысты болуға, негiзделген және толық болуға, жазбаша нысанда ұсынылуға тиiс.


4. Алынған ескертпелер бойынша жобаны қажет болған жағдайда оны әзiрлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер, ескертпелердiң қабылданбау себептерi туралы анықтама жазады. Бұл анықтама нормативтiк құқықтық акт жобасымен бiрге жұмыс тобын құрған мемлекеттiк органға берiледi.
5. Жұмыс тобын құрған мемлекеттiк орган жобаға жұмыс тобымен бiрлесiп талқылануға тиiс өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi немесе жобаны жұмыс тобына пысықтау үшiн қайтарып беруi мүмкiн.

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 271, 2008.07.04 N 57 Заңдарымен.


16-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерi
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы;
2) актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжiлiстiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң өзге де нысаны;
3) осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;
7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күнi мен нөмiрiн осылай тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;
8) елтаңбалы мөр.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.06.16 N 566, 2005.10.21 N 81, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


17-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық элементi құқық нормаларын қамтитын бап немесе тармақ болып табылады. Құқық нормалары баптар түрiнде "бап" атауымен заң актiлерiне енгiзiледi. Қайсыбiр нормативтiк құқықтық актiлер тармақтардан тұрады, олардың атауы "тармақ" деген сөзбен жазылмайды.
2. Көлемi едәуiр нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау бөлiмдерге, ал бөлiмдер өз кезегiнде нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн.
3. Көлемi үлкен тарауларда нормативтiк құқықтық актiнiң параграфтары және параграфтарының бөлiктерi бөлiп көрсетiлуi мүмкiн, ал үлкен бөлiмдерде осылайша бөлiмшелер бөлiнуi мүмкiн.
4. Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар - тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Баптардың, тармақтар мен тармақшалардың iшiнде бөлiктер-құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен бөлiнген жекелеген нормалары болуы мүмкiн.

Мәтiннiң мағыналық жағынан тұтастығы бар, бiрiншi жолда азат жолмен бөлiнiп көрсетiлетiн және кiшi әрiппен басталатын бөлiгi, бөлiктiң бас әрiппен басталатын бiрiншi абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөлiктiң бiрiншi және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелi үтiрмен аяқталады.

Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары - жекелеген құқық нормалары бар тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Баптардың, тармақтардың және тармақшалардың iшiнде абзацтар арқылы бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.

Кодекстерде iшкi құрылымның басқа белгiлерi пайдаланылуы мүмкiн.


4-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiнiнде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгiлермен белгiлеуге, жекелеген сөздер мен сөз тiркестерiн бөлiп көрсетуге және олардың астын сызуға жол берiлмейдi.
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмiрленедi. Баптардың (тармақтардың) нөмiрленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмiрленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады.
6. Баптың тармақтары мен тармақшаларының нөмiрлерi әрбiр бап үшiн дербес болады. ал негiзгi құрылымдық элементi бап емес, тармақ болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлерде әрбiр тармақтың тармақшалары дербес нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауындағы параграфтардың нөмiрлерi мен әрбiр бөлiмiндегi бөлiмшелердiң нөмiрлерi де аяғына дейiн емес, дербес нөмiрленедi.
7. Тармақтарда тармақшалардың нөмiрлерi жақшамен жабылған араб цифрларымен көрсетiледi.
8. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен себептерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi.
9. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда оған олардың мәнi түсiндiрiлетiн бап берiледi. Мемлекеттiк тiлдегi нормативтiк құқықтық актiде терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады.

Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.


10. Пайдалануға ыңғайлы ету мақсатында нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауының, оның бөлiмiнiң, бөлiгiнiң, сондай-ақ тараулардың параграфтары мен бөлiмдерi бөлiмшелерiнiң тақырыптары болуға тиiс. Заң актiлерi баптарының да тақырыптары болуға тиiс.

Тараулары жоқ шағын заң актiлерi баптарының тақырыптары болмауы мүмкiн.


11. Кодекстердiң, ал уәкiлеттi орган мұны қажет деп тапқан жағдайларда басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң қажеттi құрылымдық элементi мазмұны болып табылады.
12. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2005.10.21 N 81, 2007.06.29 N 271 Заңдарымен.


18-бап. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны

мен жазылу стилiне қойылатын талаптар


1. Мемлекеттiк органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласындағы мiндеттерi, функциялары мен құзыретi заңдарда мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша айқын ажыратылып белгiленуге тиiс.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары мен заң терминологиясы сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ ережелер болмауға тиiс. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.03.12 N 536, өзгерту енгiзiлдi - 2007.06.29 N 271 Заңдарымен.


19-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде басқа актiлердiң

баптарына сiлтеме жасау және актiлерде басқа

актiлердiң баптарын келтiру
Қажет болған жағдайда нормативтiк құқықтық актiде өзге актiлердiң баптарына (тармақтарына) сiлтемелер жасауға жол берiледi, сондай-ақ жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерден сол актiлерге сiлтеме жасала отырып, олардың жекелеген ережелерi келтiрiледi.
20-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң баптарында

басқа баптарға сiлтеме жасау


Нормативтiк құқықтық актiнiң баптарында (тармақтары мен тармақшаларында) оның басқа баптарына (тармақтарына, тармақшаларына) сiлтеме жасау құқықтық нормалардың өзара байланысын көрсету не қайталауға жол бермеу қажет болған жағдайларда қолданылады.
21-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын Қазақстан

Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу

және оны Қазақстан Республикасының Парламентiнен

керi қайтарып алу


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi және ол Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде ғана iске асырылады. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы Мәжiлiске мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, қағазға түсiрiлiп және электронды жеткiзушiлер арқылы енгiзiледi.

2. Жоба бойынша табыс етiлетiн материалдарда мынадай қосымшалар болуға тиiс:

1) жобаны дайындаған мемлекеттiк органның немесе ұйымның атауы;

2) жобаны қабылдаудың қажеттiгi негiзделiп, мақсаттары, мiндеттерi, негiзгi ережелерi кеңiнен сипатталған түсiндiрме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары үшiн - арнайы жолдау;

3) жұмыс тобы құрылатын жағдайда оның құрамы;

4) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу парағы, бұған Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары келiсу рәсiмiнен өтпеген реттегi жағдайлар қосылмайды;

5) ғылыми сараптама жүргiзiлген жағдайда оның қорытындысы және болған жағдайда, өзге де сараптамалық қорытындылар;

6) жобаның қабылдануына байланысты өзгертiлуге немесе күшi жойылды деп танылуға тиiс заң актiлерiнiң тiзбесi және жобаны iске асыру үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу туралы ұсыныстар;

7) егер жоба мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн болса, жобаға қаржы-экономикалық есептеулер, сондай-ақ әдетте, статистикалық ақпарат қабылданатын нормативтiк құқықтық актiнi қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары қоса тiркеледi, бұған Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары қосылмайды.

Қолданылып жүрген заңдарға өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiлген жағдайда, енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемесiмен баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесi табыс етiледi.

3. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкiметi өздерi заң шығару бастамасы тәртiбiмен әзiрлеген заңнамалық актiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнен оны қараудың кез келген сатысында керi қайтарып алуға құқылы.

Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.06.16 N 566, 2005.10.21 N 81, 2007.06.29 N 271, 2008.07.04 N 57, 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.


4-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына ғылыми

сараптама


22-бап. Ғылыми сараптаманың мiндеттерi
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң реттейтiн құқық қатынастарына карай осы актiлердiң жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша олармен реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзiлуге мiндеттi, бұған заңнамалық актiлердiң жобалары Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен енгiзiлiп, онда ғылыми сараптама жүргiзiлмеуi мүмкiн болатын жағдайлар қосылмайды.

2. Сондай-ақ мына нормативтiк құқықтық актiлердiң:

1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларының

Қолданушылар назарына!

2) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.

2) Қазақстан Республикасы министрлерiнiң және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларының

Қолданушылар назарына!

3) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.

3) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулыларының, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама мiндеттi түрде жүргiзiлуге тиiс.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзiлмейдi.

3. Қабылдау салдары экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндiретiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына мiндеттi экологиялық сараптама жүргiзiлуге тиiс.

4. Сараптама:

1) жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;

2) нормативтiк құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау;

3) жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарын анықтау үшiн жүргiзiледi.

5. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың негiзгi мiндеттерi:

1) құқықтық реттеудiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн нормалары мен олқылықтарын анықтау;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ықтимал жасалуы бөлiгiнде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қабылдаудың салдарларын бағалау;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл қоятын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының нормаларын ұсынымдар түрiнде әзiрлеу болып табылады.

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.10.14 N 194 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.10.20 жарияланды) Заңымен.
23-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар
1. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ғылыми сараптамасын тиiстi бейiмдi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сараптама жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.
2. Жоба бойынша мамандықтары әр түрлi сарапшылардың кешендi сараптамасы немесе әр түрлi сараптаманың дербес түрлерi, ал қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.
4. Сарапшылар ретiнде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.

Жоба ғылыми сараптамадан өткiзу үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.


24-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын

сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық


1. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптама жүргiзу туралы шешiмдi:
1) жобаны заң шығару бастамасы тәртiбiмен Мәжiлiске енгiзетiн Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) уәкiлеттi орган;
3) уәкiлеттi органның лауазымды адамдары немесе құрылымдық бөлiмшелер, егер уәкiлеттi органның регламентiмен немесе басқа заңдармен осы адамдарға және құрылымдық бөлiмшелерге мұндай құқық берiлген болса, қабылдауы мүмкiн.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы шарттық негiзде дайындалатын жағдайларда (осы Заңның 14-бабының 5-тармағы) жоба сараптамасы жобаға тапсырыс берушiнiң шешiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.

Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.07.04 N 57 Заңымен.


5-тарау. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау мен оны күшiне

енгiзу тәртiбi


25-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау

тәртiбiн белгiлеу


1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар:
1) кодекстер үшiн - осы Заңмен.

Кодекстер, оларға өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегiмен қарау арқылы кемiнде екi оқылымда қабылданады;


2) заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен;
2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет