Нормативтік сілтемелер Анықтамалар


Мектептерде қолданылатын инновациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата14.10.2022
өлшемі0.79 Mb.
#462726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2 - ДЖ Смагулова Т.М

1.2 Мектептерде қолданылатын инновациялық технологиялар 
түрлері 
Оқтыудың әдісі – оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары іске асырылатын 
дидактикалық тәсілдер мен құралдардың реттелген жиынтығы. Оқытудың 
әдістері – мұғалім мен оқушының мақсатты іс-әрекетінің өзара байанысқан 
тәсілдері. Оқытудың әдістерінен оқушылар мен мұғалімнің белгілі-бір 
дидактикалық мақсатқа жетуге бағытталған өзара әрекеті тәсілдерінің ретімен 
жүруін түсінеді. «Әдіс» – грек тілінде– «бір нәрсеге апарар жол» – мақсатқа 
жету тәсілі. Оқыту әдісі – білім алу тәсілі. 
Оқытудың кез-келген тәсілі мақсатты, іс-әрекеттер жүйесін, оқытудың 
құралдары мен белгіленген нәтижені көздейді. Оқытудың объектісі мен 
субъектісі оқушы болып табылады. Қандай-да бір әдістің таза түрінде 
пайдаланылуы сирек кездеседі. Әдетте мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін 
үйлестіреді. Әдістер таза түрінде арнайы жоспарланған оқу және зерттеу 
мақсаттарында қолданылады. 
Оқытудың әдістері - тарихи категория. Педагогиканың тарихында 
оқытудың әдістері мәселесі әртүрлі көзқарастар тұрғысынан шешілді:
- іс-әрекет формалары арқылы;
- іс-әрекет формаларының құрылымы мен қызметтері арқылы;
- танымдық іс-әрекеттің сипаты арқылы.
Қазіргі таңда оқыту әдістерінің заманауи теориясын әртүрлі тәсілдер 
әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі: 
Аталған жіктемелердің барлығы дидактикалық аспектіде қарастырылады, 
математиканың мәндік мазмұны бұл жерде толыққанды ескерілмейді, 
сондықтан да математиканы оқыту әдістерінің барлық номенклатурасын толық 
көрсету мүмкін емес. Оқытудың әдістерін таңдау –шығармашылық іс, алайда 
ол оқытудың теориясының білімдеріне негізделген. Оқытудың әдістерін оқшау 
бөлуге, әмбебаптауға немесе қарастыруға болмайды. Сонымен қоймай, 


13 
оқытудың бір әдісі оны қолданудың жағдайына байланысты тиімді немесе 
тиімсіз болуы мүмкін. 
Білімнің жаңа мазмұны математика оқытуда жаңа әдістерді тудырады. 
Оқытудың әдістерін қолдануда оның кешінді тәсілі, олардың икемділігі және 
динамикалығы керек. 
Оқытудың әдістерін педагогикалық жіктелуі оқыту әдістері мен оқу 
әдістері деп бөлінеді, олар өз кезегінде математиканы оқудың ғылыми және оқу 
әдістерімен көрсетілген. 
Оқыту әдістері – ақпаратты, оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару 
мен бақылаудың құралдары мен тәсілдері. 
Оқытудың әдістері – оқу материалын меңгерудің құралдары мен 
тәсілдері, оқу мен өзін-өзі бағалаудың репродуктивті және продуктивті 
тәсілдері. 
Білімнің негізгі мақсаттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің заманауи 
технологияларын меңгеруі арқылы оқытушының педагогикалық шеберлігін 
арттыру боылп табылады. Менің түсінігім бойынша технология – бұл 
мақсаттар және міндеттердің реттілігінің, логикалылығының мақсатқа 
бағытталуының символы – оқушының тұлғасын жан-жақты дамытуға 
бағытталған педагогикалықт әрекеттердің негізі. 
Соның салдарынан, орта мектепте білім мазмұнының әртүрлі нұсқалары 
белсенді әзірленіп, жаңа педагогикалық технологиялар пайда болуда, соның 
ішінде ақпараттық технологиялар. 
Microsoft Office құралы сабақтарды даярлау мен өткізу құралы ретінде 
сипаттама. 
Мұғалімнің жұмысында Microsoft Office пакетінің типтік қосымшалары: 
Word, Excel, Power Point, Access, Publisher пайдалану сабаққа дайындалу мен 
оларды өту үшін бай мүмкіндіктерді ұсынады. 
Word мәтіндік редакторы - құжаттарды кәсіби орындауға, мәтіндерді 
көркем рәсімдеуге бай мүмкіндіктер ұсынады: 
- мәтіннің парақта стандартты емес орналасуы;
- мәтінге көлем беру; 
- жазылған мәтіннің көлеңкесін шығару;
- ерікті мәтіннің әріптерін өрнектермен бояу;
- кестелермен, диаграммалармен, суреттермен жұмыс. 
Презентациялық графиканы пайдалану (Power Point) жұмыстың мәтіндік 
бөлігін визуалды қатармен толықтыруға мүмкіндік береді. Визуалды қатарды 
түзудегі 
реттілікті 
іздестіру 
материалды 
компютерлік 
көрсетудің 
шығармашылық компоненті болатындығы сөзсіз. Power Point бағдарламасы 
басып шығаруға болатын слайдтарды пйдалана отырып сөз сөйлеуге 
дйындалуға, компьютерлерде дербес немесе бейне проектордың көмегімене 
көрсетуге, сонымен қатар баяндамаға конспектке немесе оқушыларға таратып 
беруге арналған материалдардың жиынтығына қосуға мүмкіндік береді [22]. 
Берілгендер қорын (Access) пайдалану белгілі-бір критерийлер бойынша 
іріктелген қажетті анықтамалық ақпараттарды жұмыста орналастыруға 


14 
мүмкіндік береді, үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтаудың тәсілі болып 
табылады. 
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ақпараттық технологиялар: 
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа кірісу бөлігінде оқушылар алдағы 
жұмыстың мақсаты мен мазмұнын айқындайдыБұл кезеңде тақырыпты, 
зерделеуге арналған сұрақтар тізімін көрсете отырып слайдтар көрсеткен дұрыс 
болады. Осы ақпаратты экранда көрсету конспектілеуді жылдамдатады. 
Ынталық – танымдық іс-әрекет. Мұғалімнің ынталық-танымдық іс-
әрекеті сабақта айтылатын немесе өз бетінше оқып-үйренуге берілетін 
ақпаратты оқушының қабылдауындағы қызығушылықты қалыптастырады. 
Қызығушылықты қалыптастыру әртүрлі жолдармен орын алуы мүмкін. 
Қандай-да бір ақпаратты қолданудың әсерін графиктердің немес 
диаграммалардың көмегімен көрсетуге болады. Экрандағы бейнелер 
мұғалімнің сөздеріне бара-бар болып табылады. Бұл жағдайда мұғалім экранда 
көрсетілген бейнені нақтылайды. Экрандағы бейне мұғалімнің сөзін 
толықтырады. Құбылыстардың, заңдардың, процестердің жалпы түсініктерін 
зерделеу кезінде білімнің негізгі қайнар көзі мұғалімнің сөздері, болып 
табылады, экрандағы сурет олардың шартты схемасын көрсетуге мүмкіндік 
береді. 
Алдыңғы материалды меңгеруін тексеру. Бақылаудың көмегімен 
материалды меңгеру дәрежесі анықталуы мүмкін, оқулықтан оқығанда, сабақта 
тыңдағанды, өзіндік жұмыста, практикалық сабақта көрсетілгенді есте сақтау 
және тестілеу кезінде білімін көрсету. 
Оқыту және білім беру қызметі оқушының тест сұрақтарына жауап беріп 
қана қоймай, сол жауаптар бойынша кері байланыс ала отырып, оған қажетті 
түзетулер ендіретіндігіне негізделеді. 
Компьютерлік тестермен жұмыс кезінде білімді тексеру мен бағалаудың 
тәрбиелеуші қызметі бақылауға, және өзін-өзі бақылауға негізделген. 
Компьютер пайдаланушыларды «тәрбиелейді» десек те болады, еңбектенуге 
үйретеді, жауапқа өзінің дайындығы туралы шешім қабылдауға, өзінің 
тағылымдқ мүмкіндіктерін нақты бағалауға «мәжбүрлей» отырып, олардың 
жауапкершілігін арттырады [23]. 
Түзетуші қызметі мұғалімге үлкен материал береді, өйткені компьютер 
тіркей алатын оқушы жауаптарындағы қателердің қайталану жиілігі мұғалімді 
ұсынылатын матералдың қол жетімділігін анықтау мақсатында оны қосымша 
талдау қажеттілігіне бағдарлайды. 
Жаңа материалды оқу. Жаңа материалды оқу кезінде көрнекі беуне көру 
тірегі болып табылады, ол берілетін материалды едәуір толық меңгеруге 
мүмкіндік береді. Мұғалімнің сөздері мен экрандағы арасындағы қатынас 
әртүрлі болуы мүмкін және бұл мұғалім беретін нақтылауды анықтайды. 
Экрандағы бейне ақпараттың негізгі көзі болады. Оқушылар дайындығының 
артуына байланысты оларды талқылауға тартып, оқытушының түсіндірмесін 
азайтуға да болады. 


15 
Материалды жүйелендіру және бекіту. Материалды жүйелендіру және 
бекіту жақсырақ есте сақтау мен нақты құрылымдау үшін қажет. Осы мақсатта, 
сабақтың соңында мұғалім үйретілген материалдарға шолу жасап, негізгі 
тұстарын және олардың өзара байланысына ерекше тоқтала кетеді. Осы ретте 
материалды қайталау ауызша ғана емсе, көрнекі көмекші құралдары слайдта 
көрсету мен компьютерде тестер орнындау арқылы да жүргізіледі. 
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты 
жоспарлай келе, мұғалім дидактикалық талаптарды да сақтауы тиіс, оған 
сәйкес: 

оқу 
процесінде 
ақпараттық 
технологияларды 
пайдаланудың 
педагогикалық мақсатын нақты анықтау; 
- сабақта оқу материалын ашу мен нақты оқу ақпаратын ұсынудың 
уақытыл болуының аясында ақпараттық технологияларды қай жерде және 
қашан пайдалануды нақтылау; 
- ақпараттық технологияның таңдалған құралдарын оқытудың өзге де 
техникалық құралдарымен келістіру; 
- оқу материалының ерекшелігін, сыныптың ерекшілігін, жаңа 
материалды меңгеру сипатын ескеру; зерделеніп жатқан материалдың басты 
сұрақтарын сыныппен бірге талқылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет